Главная » Спорт (страница 5)

Спорт

Қарағанды спортының бәсі жоғары

   Тауық жылы да аяқталып келеді. Газетімізге спортшыларының әрбір жарыстан олжалы қайтқанын сүйіншілеп жазып отырдық. Биыл ел үмітін арқалаған спортшыларымыз да зор табысқа жетті. Үкілі үмітпен жарысқа аттанған саңлақтарымыз облыстың қоржынына уыстап алтын, күміс, қола салды. Биылғы жылдың басты жаңалығы даңқты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атанғандығы. Сонымен қатар, бокстан Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазбек Ашляевтың ...

Читать далее »

Самбо – мықтылар сайысы

     Жақында самбо күресінен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогіне арналған ұлдар мен қыздар арасындағы қалалық ашық чемпионат өтті. Жарыстың ашылу салтанатында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Каракулов самбо – әскери-қолданбалы өнер екенін айта келе, бүкіл дүниежүзі бойынша кеңінен қанат жайған спорт түрін дамытуға қолбасшылық тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Жарыс қорытындысында өзге де мықтылармен қатар, ...

Читать далее »

Жыл мықтысы – Гена

    Геннадий ГОЛОВКИН – жаһандағы ең үздік боксшы. Бокс тақырыбындағы басылымдар арасында беделі батпан «The Ring» журналының тұжырымы осылай. Журнал жыл сайын салмақ дәрежесіне қарамастан жылдың үздік боксшысын анықтауды дәстүрге айналдырған. Биылғы нұсқада жерлесіміз Генаға тең келер былғары қолғап шебері болмады. Сөйтіп, Гена жұдырықтылар шеруін бастады. Екінші орында – америкалық Теренс Кроуфорд. Ал, үшінші сатының иегері – Василий Ломаченко. Ол ...

Читать далее »

Балуандар белдесті

    Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Н.ӘБДІРОВТІ еске алуға арналған  республикалық турнирде грек-рим шеберлері күш сынасты.   Бағы мен бабы келіскен алматылық Қорлан Жақанша 55 келі салмақта жеңімпаз атанды. 63 келіде ақтөбелік Мейрамбек Айнағұлов, 72 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадраев қарсылас шыдатпады.  82 келіде Даниял Гаджиев, 97 келіде Жанарбек Кабдолов, аса ауыр салмақта Нұрмахан Тынәлиев жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ, ...

Читать далее »

Ала допты алақанда ойнатты

    Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында қарағандылық ішкі істер органдары мен күштік құрылымдар өзара волейболдан турнир өткізді. Жарыс жалауы «Динамо» ДШҚ спорт залында желбіреді. Ойын барысында қатысқан 10 команданың барлығы да тартысты кездесу өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша, І орынды ІІД аппараты командасы, ІІ орынды ІІД «Айдауыл» қызметі ротасы, ІІІ орынды облыстық ТЖД командасы иеленді. Сонымен қатар, «Үздік шабуылшы», «Үздік пас беруші», ...

Читать далее »

Гена — үздіктер сапында

    Дүниежүзілік бокс кеңесі жыл сайын үздік боксшыны анықтауды дәстүрге айналдырған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Шын мықтылар қатарынан орын алуға үміттілер қатарында жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИН бар. «Sports.kz» басылымының хабарлауынша, «Қарағанды қабыланының» есімі үміткер ретінде бірнеше аталымда тіркелді. Гена «Жылдың үздік боксшысы», «Үлгілі чемпион» аталымдарында топ жаруға үмітті. Сондай-ақ, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегі «Жылдың үздік жекпе-жегі» ...

Читать далее »

Боксшы — балалармен бірге

    «Біз біргеміз!» акциясы аясында үш дүркін Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий ЛЕВИТ «Құлыншақ» балалар үйінің жеткіншектерімен кездесіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Осымен екінші рет өткізіліп отырған акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының  Үйлестіруші кеңесі бастамашы болып келеді. Бірінші кездесу жерлесіміз, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қатысуымен өткен болатын. Кеңес төрағасы Александр Урмашов­тың айтуынша, бұл бастама – Қазақстан халқы Ассамблеясы көп ...

Читать далее »

Каратэшілер – жаңа белесте

    Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында каратэ-до шотокан бойынша әр түрлі жас аралығындағы балалар арасында республикалық чемпионат өтті. Балалар ката және кумитэ бойынша бақ сынасты. Республикамыздан 18 команда қатысқан бұл сайыста барлығы 200-ге тарта бала қатысты. Облыс Федерациясының байрағын Теміртау қаласының (Т.Шматова), Балқаш қаласының (В.Сапрыгин) және Қарағанды қаласының(Т.Алшынова) командалары көтеріп шықты. Балқаш қаласы  командасы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ...

Читать далее »

Головкин – бірінші

    АҚШ-тағы «ESPN» телеарнасы түрлі салмақтағы үздік он боксшының тізімін әлем назарына ұсынды. Беделді арнаның нұсқасында жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИН көш бастап тұр. Өткен рейтингпен салыстырғанда, тізімге енушілер есімі аса көп өзгере қоймаған. Бұрынғыдай Головкин – бірінші. Украин Василий Ломаченко екінші сатыны меншіктесе, үштікті америкалық Теренс Кроуфорд түйіндеуде. Генамен тең түсетін мексикалық Сауль Альварес – төртінші орында. Геннадий Головкин (Қазақстан); Василий ...

Читать далее »

Чемпионмен кездесу

    Қарағандыда олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік СӘПИЕВ «Таңшолпан» балалар үйінің тәлімгерлерімен жүздесті. Жерлесіміз Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар үйлестіру кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Біз біргеміз» атты акцияны ашып берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ҚХА қайырымдылық, меценаттық және тәлімгерлікке үлкен көңіл бөледі. Сондай-ақ, бұл акция­ға қатысуға атақты спортшылар, шоу-бизнес жұлдыздары – халық­тың жақсы көретін адамдары ...

Читать далее »