Главная » Спорт (страница 4)

Спорт

Абылайханда – қола жүлде

  Жерлесіміз Абылайхан ЖҮСІПОВ Германиядан қола медальмен оралды. Жексенбі күні неміс жерінде бокстан әлем чемпионаты тәмамдалды. 69 келіде ел намысын қорғаған Абылайхан жартылай финалда өзбек Шахрам Гиясовқа есе жіберді. Естеріңізде болса, осы Гиясов Рио Олимпиадасында Данияр Елеусіновтен ұтылып, күміс медальді місе тұтқан еді. Бұл жолы өзбек финалда кубалық Роньель Иглесиастан басым түсті. Сөйтіп, Абылайханда – ғаламдық доданың қола жүлдесі. Ал, ...

Читать далее »

«Сарыарқа» – екінші

   Орынбор губернаторының Кубогінің ақтық сынында «Сарыарқа» Ор қаласының өкілі «Южный Уралға» есе жіберді.   Қарағандылықтар 47-ші минутқа дейін 0:2 есебімен басым болды. Алайда, осы минутта Репин бір шайба салып, 55-ші минутта Чугуев мергендігімен көзге түсіп, таразы басын теңестірді. Ойын овертаймға ауысты. Сөйтіп, 62-ші минутта «южныйуралдық» Кропачевтың жұлдызы жанды. Нәтижесінде, «Сарыарқа» турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты. Нұрқанат ҚАНАФИН

Читать далее »

Абылайхан, алға!

   Жерлесіміз Абылайхан ЖҮСІПОВ Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлемдік бокс чемпионатындағы жарыс жолын сәтті бастады. Сенбі күні Абылайхан мысырлық Уалид Саид МҰХАММЕДТІ айқын басымдықпен ұтты. 69 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан абайлық боксшы мысырлықты алғашқы раундта нокдаунға түсірді. Қалған раундтарды қарсыласын төпелеумен өткізген Абылайханның басымдығын барлық төрешілер бірауыздан мойындады. Абылайханның ендігі қарсыласы итальян Винченцо Манджакапре. Нұрқанат ҚАНАФИН

Читать далее »

БОКСШЫ — БАБЫНДА

Қос былғары қолғап шеберлерінің айқасы болады деген хабар тарағалы ел ішінде қызу талқыға түсті.   «ESPN» сарапшысы Тедди Атлас пен HBO аналитигі Харольд Ледерманның Головкиннің жасы келіп қалғаны туралы пікіріне боксшының бапкері Абель Санчес жауап бергендігі туралы  Sports.kz ақпарат таратты. – «Головкинді қартайды деп жүргендер бар. Оның «Канэломен» жекпе-жегінде жеңіске жететіндері де бар. Көпшілік болған соң әркімнің өз пікірі бар. Ковалев Уордты, ал Мосли ...

Читать далее »

Бәсеке барысы баяндалды

     Қарағандылық қабылан Геннадий ГОЛОВКИННІҢ жаттықтырушысы Абель САНЧЕС Генамен жұдырықтасатын мексикалық Сауль «Канело» АЛЬВАРЕС арасындағы қарымта жекпе-жектің шарттарын мәлім етті. – Алдымен жұрт күткен ұлы жекпе-жектің қалай аяқталатынын көрейік. Егер ол қарымта кездесу өткізуге дайын болса, 168 фунтқа өткенге дейін күте алады. Жанкүйерлер қалап, реванш көргісі келсе, неге олай істемеске. Жұдырықтасу 11-12 раундқа созылса, қарымта кездесу өткізуге кедергі көріп тұрғаным ...

Читать далее »

Артем – Азия чемпионы

    Непал елінің Катманду қаласында 17 жасқа дейінгі жастар мен қыздар және 20 жасқа дейінгі жастар мен бойжеткендер арасындағы ауыр атлетика бойынша Азия чемпионаты өтті. Айтулы жарыста 85 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қарағандылық Артем Антропов 17 жасқа дейінгі жастар арасында қарсылас шыдатпай, чемпион атанды. Ал, 20 жасқа дейінгі жас­тардың ішінде де сәтті өнер көрсетіп, қолаға қол жеткізді. Айта кетері, ...

Читать далее »

Еленада – қола жүлде

   18-30 шілде аралығында Түркия­ның Самсун қаласында ХХIII жазғы сурдлимпиада ойындарында 21 спорт түрі бойынша жүлделер сарапқа салынды. Есту қабілеті нашар спортшыларға арналған байрақты бәсекеге Қазақстаннан 50 спортшы бағын сынады. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль еншіледі. Айта кетейік, төртжылдықтың басты жарысына əлемнің 97 мемлекетінен келген есту қабілеті төмен 3 мыңнан астам спортшы қатысты. Қазақстандықтар спорттың ...

Читать далее »

Спортты серік еткен

«Шахтер» КМҚК бүгінгі таңда тек спорттық, мәдени іс-шараларды өткізу базасы ғана емес, шығармашылық мүмкіндіктерді  сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер үшін түрлі жобаларды жүзеге асыру орталығы болып табылады. Осы орайда,  Қарағандыдағы балалар-жасөспірімдер клубтарына арналған «Шахтер» стадионының «Спорт энергиясы» жобасы жаз бойы қаламыздың алаңдарында жүзеге асты. Әсерлі өткен әуе жыландары фестивалі де бүлдіршіндердің көңілінен шықты. Оған 200-ге жуық балалар мен жасөспірімдер клубтары қатысты. ...

Читать далее »

Чемпионға ілтипат

Қарағандыдағы Геннадий Головкин атындағы спорт кешеніне АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Джон Марк ПОММЕРШАЙМ келді. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «GGG» ресми тобында хабарланды. Көмірлі өлкедегі сапары барысында Поммершайм әй­гілі жерлесіміздің есімін иеленген кешенге баруды құп көріпті. Чемпионға деген ілтипатын осылай көрсетті. Сәні келіскен ғимарат ішін аралап көрген ол жас спортшылармен тілдесті. Боксшылармен жүздесіп, жаттығу барысымен танысты. Сапар соңында АҚШ Елшісінің ...

Читать далее »

Керекудегі тарихи жеңіс

«Шахтер» Керекуде кезекті жеңісіне қол жеткізді. Жексенбі күні жергілікті «Ертіспен» ойнаған жерлестеріміз 1:2 есебімен жанкүйерлерін бір қуантты. Матчтағы алғашқы голды «Ертіс» сапындағы Карлос Фонсека салды. 20-шы минутта Фонсека «шахтерлік» Шацкийді қапы қалдырды. 1:0. Біздің жігіттер де қарап жүрмеді. Хижниченко бірнеше мәрте керекуліктердің қақпасына қауіп төндірді. Алайда, бірінші таймда таблодағы көрсеткіш өзгере қоймады. Үзілістен кейін «Шахтер» сапында өзгерістер жасалды. Марат Шахметовті ...

Читать далее »