Главная » Спорт (страница 20)

Спорт

Қоржында-қола

Қарағандылық Әлібек ЕРМЕКБАЙ «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарынан жүлделі оралды. Ресейдің Якутск қаласында өткен спорттық ойындарға қырыққа жуық елден 2841 спортшы қатысқан. Олар спорттың 22 түрі бойынша 211 медальді сарапқа салды. Осынау додада Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді. Әсіресе, таэквондошыларымыз ерледі. Кәрістерден басым түсіп, бірінші орынды жеңіп алды. Міне, Әлібек те таэквондодан өнер көрсетті. Турнирдің қола жүлдесін қоржынға салды. Жаттықтырушысы ...

Читать далее »

Дауылпаз атындағы доп додасы

Әңгіме – «Қасым кубогі» төңірегінде. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Әлихан БӨКЕЙХАНОВТЫҢ 150 жылдығы аясында биыл осымен V мәрте Қарағандыда ұйымдастырылды. Былтыр Астанада өткен. Жылдан-жылға аясы кеңіп, ауқымы ұлғайып келеді. Алматы мен Шымкенттен өнерпаздар келіп, Астана құрамасының сапында ойнады. Әйтсе де, дауылпаз ақын атындағы кубок алтын қазығы – Қарағандыда қалды. Хош! Сонымен… Осыдан үш жыл бұрын жарияланған. Әуелі Қарағандыда. Ақын-жазушылар арасында ...

Читать далее »

Алаң иелері – ақтық сында

Француздар футболдан кәрі құрлық чемпионы атағына бір қадам жақындай түсті. Жартылай финалда Германия құрамасын 2:0 есебімен жерге қаратты. Енді, немістер ақтық кездесуді көрермендер сапынан тамашалайтын болды. Ойын Марсельде өтті. Бұл матч турнир барысындағы ең үздік матчтар қатарынан орын алды. Өйткені, екі қарсылас та оңай емес еді. Франция құрамасы – екі мәрте Еуропа, бір мәрте әлем чемпионы атағын иеленген даңқты ұжым ...

Читать далее »