Главная » Спорт (страница 2)

Спорт

Гена — үздіктер сапында

    Дүниежүзілік бокс кеңесі жыл сайын үздік боксшыны анықтауды дәстүрге айналдырған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Шын мықтылар қатарынан орын алуға үміттілер қатарында жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИН бар. «Sports.kz» басылымының хабарлауынша, «Қарағанды қабыланының» есімі үміткер ретінде бірнеше аталымда тіркелді. Гена «Жылдың үздік боксшысы», «Үлгілі чемпион» аталымдарында топ жаруға үмітті. Сондай-ақ, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегі «Жылдың үздік жекпе-жегі» ...

Читать далее »

Боксшы — балалармен бірге

    «Біз біргеміз!» акциясы аясында үш дүркін Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий ЛЕВИТ «Құлыншақ» балалар үйінің жеткіншектерімен кездесіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Осымен екінші рет өткізіліп отырған акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының  Үйлестіруші кеңесі бастамашы болып келеді. Бірінші кездесу жерлесіміз, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қатысуымен өткен болатын. Кеңес төрағасы Александр Урмашов­тың айтуынша, бұл бастама – Қазақстан халқы Ассамблеясы көп ...

Читать далее »

Каратэшілер – жаңа белесте

    Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында каратэ-до шотокан бойынша әр түрлі жас аралығындағы балалар арасында республикалық чемпионат өтті. Балалар ката және кумитэ бойынша бақ сынасты. Республикамыздан 18 команда қатысқан бұл сайыста барлығы 200-ге тарта бала қатысты. Облыс Федерациясының байрағын Теміртау қаласының (Т.Шматова), Балқаш қаласының (В.Сапрыгин) және Қарағанды қаласының(Т.Алшынова) командалары көтеріп шықты. Балқаш қаласы  командасы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ...

Читать далее »

Головкин – бірінші

    АҚШ-тағы «ESPN» телеарнасы түрлі салмақтағы үздік он боксшының тізімін әлем назарына ұсынды. Беделді арнаның нұсқасында жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИН көш бастап тұр. Өткен рейтингпен салыстырғанда, тізімге енушілер есімі аса көп өзгере қоймаған. Бұрынғыдай Головкин – бірінші. Украин Василий Ломаченко екінші сатыны меншіктесе, үштікті америкалық Теренс Кроуфорд түйіндеуде. Генамен тең түсетін мексикалық Сауль Альварес – төртінші орында. Геннадий Головкин (Қазақстан); Василий ...

Читать далее »

Чемпионмен кездесу

    Қарағандыда олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік СӘПИЕВ «Таңшолпан» балалар үйінің тәлімгерлерімен жүздесті. Жерлесіміз Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар үйлестіру кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Біз біргеміз» атты акцияны ашып берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ҚХА қайырымдылық, меценаттық және тәлімгерлікке үлкен көңіл бөледі. Сондай-ақ, бұл акция­ға қатысуға атақты спортшылар, шоу-бизнес жұлдыздары – халық­тың жақсы көретін адамдары ...

Читать далее »

Словенияға жолдама алды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті Костенко атындағы шахтасының командасы ардагерлер арасындағы мини-футбол бойынша республикалық біріншілікте жеңімпаз атанды.  Шымкент қаласында өткен чемпионатқа еліміздің әр аймағынан 20 команда қатысқан. Қарағандылықтар финалда ОҚО командасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. – Кеншілер арасында бұрыннан қалыптасқан дәстүр бар. Жыл сайын Қарағанды көмір бассейнінің спартакиадасы өтеді. Біздің команданың жеңісі кездейсоқ емес, – деді ҚР еңбек сіңірген ...

Читать далее »

Арманы асқақ Айболат

    Бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған жаңаарқалық жампоз балуандардың жеңісті жолдарының жалғастырушысы, есіміне лайықты, білекті жігіт Айболат АМАНКЕЛДИЕВ. Айболат Еркебұланұлы дзюдо және қазақ күресі түрлерімен айналысады. Жезқазған қаласында тұратын жасөспірімнің Қазақстан байрағын асқақтатқан, ел абыройын үстемелеген болат білекті, түкті жүректі балуан атанар күндері алыс емес сияқты. Он бес жасқа енді толған жасөспірімнің дзюдодан және қазақ күресінен спорт шеберлігіне кандидат атанып, ...

Читать далее »

Ескекшілер ерледі

     Қылқайықта және ескекті спорт қайығында ескек есу бойынша өткен Азия чемпионатында Қарағанды облысының өкілі Владимир ПЕТРОВ үш алтын медальді жеңіп алды. Сондай-ақ, тағы бір жерлесіміз Дарья РАЗУМОВИЧ аталмыш біріншіліктің жеңімпазы әрі жүлдегері атанды. Жалпы, Шанхайда өткен Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді. Біздің ескекшілердің еншісінде – 15 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль. Екінші орында ...

Читать далее »

Велошабандоздар жарады

Астанада «Сарыарқа» республикалық   велотрегінде велосипед спорты бойынша Ұлттық чемпионат өтті. Ұлттық біріншілікке Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 177 ең мықты велосипедшілер қатысты. Ұлттық чемпионатта бағын сынағандар мынадай тәртіптер бойынша чемпион атағы үшін  сайысқа түсті:  шығып қалу шартымен топтық жарыс, ұпайлар бойынша топтық жарыс, жеке қудалау жарысы, командалық қудалау жарысы, спринт, командалық спринт, скретч, кейрин, мэдисон және гит. Мамандардың айтуынша, Астанада өткен ұлттық ...

Читать далее »

Қарағанды жастары – үшінші

   Қарағандылық жастар шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы Динара СӘДУАҚАСОВАНЫҢ Кубогінен қола медальмен оралды. Алғаш рет өтіп отырған турнирге 18 команда қатысты. Астана, Алматы мен Қарағандыдағы жоғарғы оқу орындарының құрамалары аталған спорт түрінен мықтыны анықтады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастары бірінші орынды иеленді. Екінші орын Л.Гумилев атындағы ЕҰУ командасының еншісіне бұйырды. Ал, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің студенттері үшінші сатыдан көрінді. Сондай-ақ, ...

Читать далее »