Главная » Спорт (страница 18)

Спорт

Тола бер, қазақ қоржыны!

Риодағы Олимпиаданың бесінші күнінде Алаштың абыройы алтынмен апталды, күміспен күптелді. Қоржынымыз қос алтынмен қампайып, қаракөз қарындасымыздың алтынға пара-пар күмісімен толықты. Соның арқасында бір тәулік бұрын алғашқы отыздықты тұйықтап тұрған ел құрамасы 10 тамызда 11-ші сатыға көтерілді. Бұған дейін қазақстандық спортшылардың еншісінде дзюдошылар – Елдос Сметовтің күмісі мен Отгонцецег Галбадрахтың қоласы бар еді. Ауыр атлеттер – Фархад Харки мен Карина Горичева ...

Читать далее »

Олимпиададан олжалы оралды

Демалыс уақыты болса да оқушыларымыз демалып жатпай, аймақ атын шығаруда. Жақында математика, физика, химия және информатикадан өткен халықаралық «Туймаада-2016» олимпиадасына қатысып, қанжығаларын майлап қайтты. Саха Республикасының Якутск қаласында өткен білімділер бәйгесінде ТМД елдерінен 22 команда жиналып, 200-ге жуық бала бақ сынасты. Бір аптаға созылған сайыс қорытындысында аймақ атынан қатысқан №1 қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Дамир Дүйсембаев химия пәні бойынша ...

Читать далее »

Екі күнде – екі медаль

Әлем көз тіккен Рио Олимпиадасының көрігі қыза түсуде. Алаш елі алтынның бірнешеуінен, алдыңғы орынның бірінен үмітті. Біздің облыс та 11 үміткерін байрақты бәсекеге шығарып салып, тақымды мықтап қысты… Ә дегенде әлемге жар салатын жағымды жаңалығымыз болды. Қоржынға қоланы салдық. Қуандық. Қазақстан 1 күміс, 1 қоламен Олимпиаданың алғашқы күні жалпы есепте оныншы орыннан көрінді. Бірінші жүлдені дзюдодан әйелдер арасында бақ сынасқан ...

Читать далее »

Алға, Қазақстан!

Қазақстан құрамасы Рио-де-Жанейро шаһарына өткен аптада төрт көзі түгел жетті. Кеше Олимпиада ойындарының алауы тұтанды. Бүгінде қаланың қақ ортасындағы қонақүй кешенінен орын тепкен отандастарымыз жасалған жағдайға көңіл толатындығын айтуда. Көк Тумен көмкерілген зәулім ғимаратта тұрмыстық қажеттіліктер толық қарастырылған екен. Олимпиадада 104 спортшы ел намысын қорғайды. Бүгінде кейбір спорт түрлері бойынша жеребе тарту шаралары аяқталып, қазақстандық боксшылар мен дзюдошылардың қарсыластары анықталды. ...

Читать далее »

Олжалы оралды

Өңіріміз бойынша кенжелеп қалған ат спортына, оның ішінде көкпарға қазірде кең қолдау жасалуда. Олардың арасында ұлттық спорт мектебінің басшысы Шаризат ҚАЗТАЕВТЫҢ еңбегі ерекше деп білеміз. Шаризат Қанатұлының шә­кірттері бұл күндері үлкен ареналардан көріне бастады. Солардың бірі – Нариман Қасенов. Ол Астана күніне орайластырылып өткізілген «Сол­түстік Жұлдыз» Кубогінде тағы бір белеске көтерілді. Еліміз бойынша барлық аймақтардан қатысқан Ел Кубогы жолындағы бәсекеде ...

Читать далее »

Қос күміс – Қарағандының абыройы

Қарағандылық таэквондошылар Түркиядағы әлем чемпионатынан абыроймен оралды. Қоржында – қос күміс пен бір қола. Түркияның Самсун қаласында құлағы нашар еститін спортшылар арасында өткен жаһан додасына әлемнің қырық мемлекетінің өкілдері қатысты. Ұлттық құрама сапында барған қарағандылық үш спортшы осы бәсекеден үш медальды олжалап әкелді. 58 келі салмақта Аян Әбдіраш пен +72 келі салмақта Валентина Антоненко күмістен алқа тақса, 57 келі салмақта ...

Читать далее »

Құтқару қызметтерінің үздіктері анықталды

Жұма күні Қарағандыда еліміздегі барлық құтқару қызметтерінің басын қосқан өрт-құтқару спортынан республикалық чемпионат мәреге жетті. Көш бастап, топ жарған мықтылар «Шахтер» стадионында өткен жабылу салтанатында марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, 20 шілде күні облыс орталығында өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХІІІ жазғы чемпионаты және әйелдер арасындағы ІІІ жазғы чемпионаты басталған еді. Үш күнге жалғасқан ел біріншілігі барысында сайыскерлер бірнеше кезеңде бәсекеге түсті. ...

Читать далее »

Тоғызқұмалақты ту еткен Нольд

«23-24 шілде күні Германияда Швайнфурт қаласында Тоғызқұмалақтан өткен Еуропа чемпионатын бұрынғы Қарағанды облысының тұрғыны Юрий Нольд ұйымдастырған. Бұл туралы қарағандылық азаматша Светлана Демент хабарлады» деп мәлімдейді «Қазақпарат» агенттігі. Агенттік таратқан мәлі­меттерге жүгінсек, Жаңа­ар­­қаның бұрынғы тұрғыны шетел­де қазақтың ұлттық ойынын дамытуға үлес қосып жүрген азамат. Тоғыз­құма­лақты отбасы болып, бірге ойнайды. Жүрген жерінде Тоғызқұмалақты насихаттауда. «Халықаралық турнирдің ұйымдастырушысы – Қара­ғанды облысы, Жаңаарқа ...

Читать далее »

Қоржында-қола

Қарағандылық Әлібек ЕРМЕКБАЙ «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарынан жүлделі оралды. Ресейдің Якутск қаласында өткен спорттық ойындарға қырыққа жуық елден 2841 спортшы қатысқан. Олар спорттың 22 түрі бойынша 211 медальді сарапқа салды. Осынау додада Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді. Әсіресе, таэквондошыларымыз ерледі. Кәрістерден басым түсіп, бірінші орынды жеңіп алды. Міне, Әлібек те таэквондодан өнер көрсетті. Турнирдің қола жүлдесін қоржынға салды. Жаттықтырушысы ...

Читать далее »

Дауылпаз атындағы доп додасы

Әңгіме – «Қасым кубогі» төңірегінде. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Әлихан БӨКЕЙХАНОВТЫҢ 150 жылдығы аясында биыл осымен V мәрте Қарағандыда ұйымдастырылды. Былтыр Астанада өткен. Жылдан-жылға аясы кеңіп, ауқымы ұлғайып келеді. Алматы мен Шымкенттен өнерпаздар келіп, Астана құрамасының сапында ойнады. Әйтсе де, дауылпаз ақын атындағы кубок алтын қазығы – Қарағандыда қалды. Хош! Сонымен… Осыдан үш жыл бұрын жарияланған. Әуелі Қарағандыда. Ақын-жазушылар арасында ...

Читать далее »