Главная » Спорт (страница 10)

Спорт

Айқын басымдық «арландарда»

     «Astana Arlans» командасы Қарағандыдағы С.СӘПИЕВ атындағы бокс орталығында WSB Дүниежүзілік бокс сериясының жетінші маусымы шеңберінде ресейлік «Patriot boxing team» командасына қарсы ширек финалдық қарымта кездесуін өткізді. «Арландықтар» үшін алғашқы кездесуді Олжас Сәттібаев сәтті бастап берді. 52 келіде өнер көрсеткен команда капитаны ресейлік қарсыласы Иван Абрамовтан басымдығын танытып, 3:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Бұдан кейін шаршы алаңға көтерілген 60 келідегі қазақстандық Закир ...

Читать далее »

«Арландар» – Қарағандыда

      «Astana Arlans» бокс клубы кезекті матчын Қарағандыда өткізеді. Яғни, бүгін С.Сәпиев атындағы бокс орталығында «арландар» WSB Әлемдік бокс сериясы жетінші маусымының плей-офф кезеңінде ресейлік «Patriot Boxing Team» командасын қабылдайды. Қазақ боксшыларының осы маусымда төртінші мәрте ресейліктермен сапары түйісіп отыр. Плей-офф кезеңінің С1 салмақ дәрежесіндегі алғашқы матчында «арландар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен-ді. Кездесу Кемеровода өтті. Бүгінгі матчта С2 тобындағы боксшылар ...

Читать далее »

Балуан баспаналы болды

   Қарағандылық балуан бойжеткен Ирина БОРИСОВА екі бөлмелі пәтер кілтіне ие болды. Ирина Үндістанның астанасы Делиде өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер (48 келі) атанған еді. Облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы бойжеткенді маусымдағы жетістіктерімен құттықтап, «United colors of benetton» сауда белгісінің құны 100 мың теңге болатын сертификатын табыс етті. Сондай-ақ, Ирина федерация басшылығының жәрдемімен қала ортасында орналасқан 70 шаршы ...

Читать далее »

Марафон мәресінің күні жақын

«ЭКСПО» көрмесі қарсаңында, 3 маусым күні Қарағанды қаласында алғаш рет марафон ұйымдастырылады. Баспасөз мәслихатына қатысқан Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова, олимпиада ойындарының қола жүлдегері, жеңіл атлетикадан ОРМБЖСМ директоры Дмитрий Карпов, Ә.Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының директоры Ерден Балтабайұлы марафон жөнінде кеңінен тоқталды. – «Арманға жол» марафонын ұйымдастырудың маңызы жоғары. Шараға кез келген адам ...

Читать далее »

Мықтының бірі – Абылайхан

    Жерлесіміз Абылайхан ЖҮСІПОВ – Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Өткен аптада өзбек астанасы Ташкентте бокстан құрлық бәсекесі тәмамдалды. Сары құрлық додасында 28 елден келген 178 боксшы мықтылық байқасты. Салмақ ауыстырған Абылайхан «қазақтың салмағы» – 69 келіде сынға түсті. Жартылай финалда моңғол Бямба Тувшинбатты ұтқан абайлық ұлан финалда өзбек Шаһрам Гиясовпен қолғап түйістірді. Гиясовты қазақ жұрты жақсы тануы тиіс. Рио Олимпиадасының ...

Читать далее »

Жұдырықтасар күн жақын

    Қарағандылық қабылан Геннадий ГОЛОВКИННІҢ промоутері Том ЛЕФФЛЕР белгілі боксшы Сауль АЛЬВАРЕСПЕН болатын жекпе-жекке келсіссөздер басталғанын мәлім етті. Жақында оған Оскар (Де Ла Хойя) хабарласқан екен. Таяу күндері келесі супер-жекпе-жектің мәселелерін талқылайтын көрінеді. Көптен күткен кездесуге екі жақтың да қанағаттандыратын келісімшартты даярлауға көңілі ауып отырғандығын да айтып өтіпті. Жақын арада қос мықтының арасындағы айқасты ресми түрде нақтыламақшы. Өз тілшімізден. 

Читать далее »

«Сарыарқа Барысы» анықталды

Сәуір айының соңында Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу сыны өтті. «Сарыарқа Барысы» деп аталатын дәстүрлі додаға Қарағанды, Теміртау, Қаражал, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Приозерск, Саран, Шахтинск қалаларынан және Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандарынан 250-ге жуық балуан қатысты. 55 келіден бастап, 100 келіден жоғары салмақта белдескен ...

Читать далее »

Генаның Жүлдесі – жұрт назарында

    Қарағандылық былғары қолғап шебері Геннадий ГОЛОВКИННІҢ медальдары мен жүлделер жиынтығы жұрт назарына ұсынылды. Жақында «Boxing Exposure» порталы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы боксшы Генаның медальдары мен марапаттарының коллекциясын көзайым етті. Жұртқа жария болған фотода «Орта салмақтағы король Геннадий Головкиннің медальдар жиынтығы (The medal collection of Middleweight King Gennady Golovkin)»,– деп жазған екен. ...

Читать далее »

Балуандар биігі

     Қарағандылық балуандарда – күміс жүлде. Өткен аптада Орал қаласында Қазақстан жастарының ІV ойындары тәмамдалды. Жерлестеріміз қазақ күресінен командалық есепте екінші орынды олжалады. Балуандарымызда барлығы – 5 медаль. 90 келіге дейінгі салмақта Жылкелді Құдайбергенов чемпион атанса, 55 келіде Нұртілек Қаракесеков күмістен алқа тақты. Сондай-ақ, қола жүлдеге Бекзат Ермеков, Марғұлан Алпысбай (82 келі) және Әділет Аманжол түйе балуандар бәсекесінде қол жеткізді. ...

Читать далее »

Қыздарда — қола медаль

    Шымкентте көркем гимнастикадан өткен республикалық 4-ші жастар спорттық ойындарынан қарағандылық спортшылар командалық есепте қола медальды олжалады. Жарыс барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылары өзара мықтыларды анықтады. Үш күнге созылған бәсекеде жасөспірім спортшылар көркем гимнастиканың барлық түрінен қатысты. 15 команданың арасынан Қарағандының спортшылар 3 орынды еншіледі. Топтық жаттығуда ерекше көзге түскен Мария Королева, Аюна Баймуканова, Лиза Погибелко, Дарина Ахметжан, Далила Омарова, ...

Читать далее »