Главная » Спорт

Спорт

Құрлық рекорды — еншімізде

     Өскеменде өткен ел чемпионатында Қарағандының жеңіл атлеттер құрамасы Азия рекордын жаңартты. Желмен жарысқан жүйріктер Виталий Земс, Владислав Григорьев, Вячеслав Земс, Давид Ефремов 4х200 метрлік эстафетаға жүгіріп, аталған қашықтықты 1:26:70 минутта бағындырды. Осылайша, қарағандылық жеңілатлеттер Азияның үздік көрсеткішін орнатты. Бұл расымен де бөркімізді көкке ататын қуанышты жаңалық. Осыған дейінгі рекордты Жапония құрамасы 1991 жылы 200 метрді 1:27.04 минутта жүгіріп өтіп ...

Читать далее »

Жас балуандар жарады

    Жуырда Сәтбаев қаласында дзюдо күресінен өткен ашық біріншілікте Жезді кентінің жасөспірімдері жақсы жетістіктер көрсетті. Мәдени-сауықтыру орталығының жаттықтырушылары Д.Әлімбаев пен Б.Алшынбектің шәкірттері, №6 қазақ орта мектебінің оқушысы 48 келі салмақ дәрежесінде Аяулым Бексұлтан мен аралас мектеп-интернатының оқушысы 38 келі салмақ дәрежесінде Арай Елімбай ІІІ орынды еншіледі. Ұлдар арасында мықтылық танытқан 34 келі салмақ дәрежесінде Нұрхан Қуатбек ІІ орынды иеленді. Алма ...

Читать далее »

«Шахтер» – «Насаф». 2:0

   Белорусь бапкері Владимир ЖУРАВЕЛЬДІҢ жетекшілігімен жаттығуға кіріскен «Шахтер» алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Түркияда жүрген жерлестеріміз өзбектің «Насаф» клубын тізе бүктірді. Өзбек клубымен өткен ойын тартысқа толы болды. Қарсылас та осал емес. Бұл команда былтырғы маусымда ел чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Журавель ойын басында-ақ екі ойыншыны алмастыруға мәжбүр болды. Сергей Хижниченко мен Вячеслав Путинцев жарақат алып қалды. Оларды Жан-Әли Пайруз ...

Читать далее »

Тізім түзілді

    Биылғы Қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайтын қарағандылықтар есімі анықталды. Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында  өтетін ойындарға Екатерина АЙДОВА бастаған бірнеше конькишіміз аттанады. Конькимен жүгірушілер федерациясы жариялаған тізімде Екатерина Айдова бар. Қарағандылық бойжеткен 500, 1000, 1500 метрлік сындарда жарысқа түседі. Сондай-ақ, Роман Креч – 500 және 1000 метр, Денис Кузин, Станислав Палкин, Федор Мезенцев – 1000 және 1500 метр, Артем Крикунов ...

Читать далее »

Батыр додасы мәреге жетті

    Қарқаралы ауданының Нұркен ауылында Кеңес Одағының Батыры Нұркен ӘБДІРОВТІҢ ерлік жасағанына 75 жыл толуына орай волейболдан облыстық ашық турнир өтті. Турнир 1976 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы жолы да батыр жүлдесін сарапқа салуға 16 команда келді. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Халел Мақсұтов жиналған командалар мен жанкүйерлерді құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Бұқаралық спортты дамытуда айшықты жарыстардың үлесі зор екенін ...

Читать далее »

Қарағанды спортының бәсі жоғары

   Тауық жылы да аяқталып келеді. Газетімізге спортшыларының әрбір жарыстан олжалы қайтқанын сүйіншілеп жазып отырдық. Биыл ел үмітін арқалаған спортшыларымыз да зор табысқа жетті. Үкілі үмітпен жарысқа аттанған саңлақтарымыз облыстың қоржынына уыстап алтын, күміс, қола салды. Биылғы жылдың басты жаңалығы даңқты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атанғандығы. Сонымен қатар, бокстан Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазбек Ашляевтың ...

Читать далее »

Самбо – мықтылар сайысы

     Жақында самбо күресінен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогіне арналған ұлдар мен қыздар арасындағы қалалық ашық чемпионат өтті. Жарыстың ашылу салтанатында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Каракулов самбо – әскери-қолданбалы өнер екенін айта келе, бүкіл дүниежүзі бойынша кеңінен қанат жайған спорт түрін дамытуға қолбасшылық тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Жарыс қорытындысында өзге де мықтылармен қатар, ...

Читать далее »

Жыл мықтысы – Гена

    Геннадий ГОЛОВКИН – жаһандағы ең үздік боксшы. Бокс тақырыбындағы басылымдар арасында беделі батпан «The Ring» журналының тұжырымы осылай. Журнал жыл сайын салмақ дәрежесіне қарамастан жылдың үздік боксшысын анықтауды дәстүрге айналдырған. Биылғы нұсқада жерлесіміз Генаға тең келер былғары қолғап шебері болмады. Сөйтіп, Гена жұдырықтылар шеруін бастады. Екінші орында – америкалық Теренс Кроуфорд. Ал, үшінші сатының иегері – Василий Ломаченко. Ол ...

Читать далее »

Балуандар белдесті

    Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Н.ӘБДІРОВТІ еске алуға арналған  республикалық турнирде грек-рим шеберлері күш сынасты.   Бағы мен бабы келіскен алматылық Қорлан Жақанша 55 келі салмақта жеңімпаз атанды. 63 келіде ақтөбелік Мейрамбек Айнағұлов, 72 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадраев қарсылас шыдатпады.  82 келіде Даниял Гаджиев, 97 келіде Жанарбек Кабдолов, аса ауыр салмақта Нұрмахан Тынәлиев жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ, ...

Читать далее »

Ала допты алақанда ойнатты

    Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында қарағандылық ішкі істер органдары мен күштік құрылымдар өзара волейболдан турнир өткізді. Жарыс жалауы «Динамо» ДШҚ спорт залында желбіреді. Ойын барысында қатысқан 10 команданың барлығы да тартысты кездесу өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша, І орынды ІІД аппараты командасы, ІІ орынды ІІД «Айдауыл» қызметі ротасы, ІІІ орынды облыстық ТЖД командасы иеленді. Сонымен қатар, «Үздік шабуылшы», «Үздік пас беруші», ...

Читать далее »