Главная » Саясат (страница 30)

Саясат

Таза өнім – адам өмірінің кепілі

Ветеринария саласындағы барлық құзыретті органдардың, олардың арасында, Қарағанды облысының ветеринария басқармасының негізгі мақсаты – облыстағы ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақтылықты қалыпқа келтіру және сақтау, халық денсаулығын, өмірін қорғау болып табылады. Бүгінгі таңдағы еліміздегі эпизоотиялық ахуал баршамызға мәлім. Облыстың Ақтоғай және Қарқаралы аудандарында пастереллез ауруының тіркелуі, Шет ауданының Еркіндік ауылы мен Ақтоғай ауданының Жидебай селолық округіне қарасты Үшарал қыстағынан күйдіргі (сибирская ...

Читать далее »

Басты құндылық- адам капиталы

«Қазмарганец» кен басқармасы елімізде марганец кенін өндіретін ірі кәсіпорынның бірі болып саналады. Металлургия саласына аса қажетті дайын (кондиционды) марганец концентратын өндіріп, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өндірістік қуатын арттыруға ғана емес, аймақтың экономикалық тұрғыдан дамуына да өз үлесін қосып келе жатқан кәсіпорынның басты байлығы – адам капиталы. Кен басқармасының өндіріс алаңдары Нұра ауданы аумағында орналасуы себепті жұмыс вахталық тәсілмен жүзеге ...

Читать далее »

Кәсібін дөңгелеткен

Қала орталығында қалаған затыңды сабылып іздеп әуре болмай, таңдап жүріп аласың. Ақшаң болса, болғаны. Тіпті, үйде отырып, ғаламтордан тапсырыс берсең, үйге дейін де жеткізіп береді. Бұл – маркетингтік қадам. Бәсекелестік заманында бәсекеге төтеп беріп, өзіңнен зорларға жұтылып кетпеудің амалы… Ал, қаладан шалғай жатқан жерде жағдай мүлдем бөлек. Жүгіріп шығып, қалағаныңды алатын дүкендер жоқтың қасы. Бұл жағдайда Ақадыр кентінде шағын кәсіпкерлікпен ...

Читать далее »

Кеше- дәрігер, бүгін-кәсіпкер

Бибхажар Ермағанбетова кәсібін жезқазғандықтарға ұлттық үлгідегі киімдер мен көрпе-жастықтар ұсынудан бастады. Сапасы жоғары, ою-өрнегі бөлек, айшықты киімдер халық сұранысына бірден ие болды. Тігін салонының еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін тұтынатын өнімдерін басқа қалалардан тапсырыспен алдыртушылар көбейді. Жезқазған қаласындағы ұлттық мерекелер, салтанатты шаралар «Медина» салоны тігіншілерінің қолынан шыққан бұйымдарсыз өтпейтін болды. Қалада өз тұтынушыларын қалыптастырған салон басшылығы кәсіп аясын кеңейту ...

Читать далее »

Мақсат- мыңғыртып мал бағу

Ауыл шаруашылығын өркендету – Үкімет ұстанған даму бағдарларының бірі. Дамыған агроөнеркәсіп кешенін құру – қазақстандық жарқын келешектің көкжиегі. Бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарынан ойып тұрып орын алуға бел буған Қазақстан үшін алдымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Аталған мақсатта Қарағанды облысына артылар жүктің салмағы жеңіл емес. Себебі, жер аумағымен облыстар көшін бастаған Қарағанды аймағы – ертеден мал бағып, дән сепкен ...

Читать далее »

Мәңгілік Ел. Мүдде. Мүмкіндік

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен G20 саммитіне қатысуы күрделі кезеңді басынан өткеріп келген іргелі мемлекетіміздің ілгері қадамына жаңа серпін сыйлады. Жаһандық дамуда дәл мұндай маңызды шаралардан Қазақстанның тыс қалмай, белсенділік танытатыны бізді жігерлендіре түсті. Бұл – еліміздің дамуына аса маңызды үлес қосқан ұтымды қадам. Санаулы айларда әлемнің назарын жалт қаратқалы тұрған “ЭКСПО” жайын да Елбасы тілге тиек етті. ...

Читать далее »

Жаһан қазаққа құлақ түрді

Қазақстанның әлемдік аренадағы орны мен салмағы тағы бір мәрте айқындалды. Жаһанның алпауыт жиырма мемлекетінің басшылары ғана қатысатын G20 саммитіне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметті меймандары қатарында шақырылуы – қазақ мемлекетінің халықаралық саясат пен экономикадағы беделін көрсетті. Елбасы саммит аясында іргелі экономикасы бар елдер басшыларымен жүздесіп, келелі мәселелер төңірегінде сұхбаттасты. Халықаралық экономикадағы дамудың саябырсуы – Елбасының саммитте сөйлеген сөзіне арқау болды. ...

Читать далее »

Медиация – сауапты іс

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылдың 5 ақпанында қабылданып, алты айдан кейін, яғни, сол жылдың 5 тамызынан күшіне енді. Оған да 5 жыл болыпты. Небары 28 баптан тұратын осы Заң еліміздегі сот, құқық қорғау саласына айтарлықтай өзгеріс жасап, жаңа процедураны қолданысқа енгізді. Бұл заң негізінде дау-дамайларды шешудің балама формалары пайда болды, бітімгершілік арқылы екі жақты да риза ететіндей, болмаса ...

Читать далее »

Ұтымды қадам – ұлағатты шешім

Жуырда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Семей полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Қазақстанның антиядролық бастамалары» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында «Невада-Семей» қозғалысы қарағандылық филиалының төрағасы М.Хамиев, гвардиялық генерал-мойор, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушы Я.Дуда баяндама жасап, «Қарағанды облыстық Чернобыль-Семей ардагерлер одағы» кеңесі төрағасының міндетін атқарушы ЧАЭС апатын жоюға және 1986 жылдың 2 қыркүйегінде Семей ядролық сынақ полигонын жабуға қатысушы, халықаралық ...

Читать далее »

«100 нақты қадам» – Ұлт болашағы

Мемлекет Басшысы жария­лаған «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет – 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталатын екінші бағыты бойынша еліміздің сот жүйесінде бірқатар өзгерістер болды. Соның ішінде ең маңызды өзгерістердің бірі – 16-қадам, яғни, бұрынғы бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қада­ғалау және қайта қадағалау) үш сатылы (бірінші, апел­ляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу. Азамат­тардың ...

Читать далее »