Главная » Саясат » Өнеркәсіп

Өнеркәсіп

Тауық жылы: кеншілер аймағының келбеті

Қарағанды облысы бойынша халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы қарашада 21960 теңгені құрап, 2016 жылғы қарашамен салыстырғанда 9,7%-ға ұлғайды. Оның құрылымында тамақ өнімдерінің құны – 13176 теңге, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер – 8784 теңге. Статистикалық бизнес-тіркелім деректері бойынша Қарағанды облысында 2017 жылғы 1 желтоқсанға 28591 заңды тұлға тіркелген. Тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар ...

Читать далее »

Шағын кәсіпорындар әлеуетті

Облыстың 2017 жылғы ІІI тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын, шағын кәсіпорындарындағы орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны 82392 адамды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың ең көбі көтерме және бөлшек саудада, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде – 26,2%, өнеркәсіпте – 19,8%, құрылыста – 14,8% шоғырланған. 2017 жылғы ІІI тоқсанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындарда, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 88693 теңге. Ең жоғарғы орташа айлық ...

Читать далее »

Өндірісте өсім бар

   Қарағанды қаласы бүгінгі күні ірі индустриалды-өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени облыстық орталық болып табылады. Қарағанды қаласының өнеркәсібі тау-кен өндірісі, өңдеу саласы, сонымен қатар, электрмен қамту, газ, бу жеткізу және ауалық желдету саласымен кең көрініс табады. Соңғы жылдары ҚР индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы ең өзекті және өршіл инновациялық, оның ішінде, Қарағанды қаласының аумағында табысты қызмет істеп жатқан жобаларды ...

Читать далее »

Көмір – өмір

    Иә, Қарағанды қара алтынымен – көмірімен даңқты. Өндірісті өлке – Қазақстанның индустриялық орталығы. Үшінші көмір ошағы, тіпті, бір кездері тұтастай Кеңес одағының өзі Қарағанды көмірінің жылуына бөленгенін жұрт жақсы білсе керек.     Енді келіп, «Қарағандыда көмір жоқ» десек, «Балқашта балық жоқ» дегендей естілетін тәрізді. Бұл – байбалам ба, қауесет пе, жоқ әлде шындық па? Қазіргі ахуал қандай? Мәселенің мән-жайын ...

Читать далее »

АГРАРЛЫҚ СЕКТОР – ЖАҢА ДРАЙВЕР

    Экономиканы дамытуда әр саланы бір-бір ойыншы десек, олардың әрқайсысының қолында саланың жүріс-тұрысын бағамдайтын картасы – жоспар, бағдарламасы бар. Сол арқылы ұтуы да, ұтылуы да әбден кәдік. Ең бастысы, жүріс түзу болуы керек. Қай салада қанша карта барын білмейміз ал, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолында – 10 карта. Сейсенбі күні  Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Қайрат ...

Читать далее »

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУДЫ КӨЗДЕДІ

    Жақында Балқаш қаласында «Металлургия: даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті. Конференцияда «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС металлургиялық зауытын кеңейту және модернизациялау үшін ғылыми және инжинирингтік шешімдердің қолданбалы мінездемелерін бағалау мәселелері қаралды. Бұл конференция биылғы жылдың 20 шілдесінде Балқаш қаласында өткен «Металлургия: технологиялар, инновациялар, сапа» тақырыбындағы ғылыми-техникалық конференцияның логикалық жалғасы болды. Конференция «Қазақмыс» компаниялар тобына жататын, қазақстандық  ең ірі ...

Читать далее »

Инвестиция: игерілуі – ілгері

      2017 жылғы 9 айда облыс кәсіпорындары мен ұйымдары негізгі капиталға салынған инвестицияларды 204,7 млрд. теңгеге игерді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым көлемі жеке меншіктегі нысанды кәсіпорындармен игерілді. Оның үлесі – 57,8%. Шетел және мемлекеттік меншік кәсіпорындардың үлес салмағы – 27% және 15,2%-ды құрады. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі  хабарлайды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың ...

Читать далее »

Қазақмыс — бизнестің жемісті жолы

    «Қазақмыс корпорациясына» – 20 жыл. 1997 жылдың жазында «Жезқазғантүстімет» «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-і болып қайта құрылды. Сол жылдары тоқыраудың алдында тұрған компанияның бүгінде ірі мыс өндірушіге қалай айналғандығы туралы сенатор Сергей Михайлович Ершов, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Басқарушы кеңесінің Бас директоры Бахтияр Қрықпышев және компания құрылғанда оның бастауында тұрған үзеңгілестері әңгімелейді. Сергей ЕРШОВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты: «Түйіні томардай мәселелер ...

Читать далее »

Мүмкіндігі шектеулі жанға — кедергісіз аймақ

    «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың да жұмыспен қамтылуы назарда. Бүгінгі таңда бағдарлама негізінде өңірлерде бұл игі іс жүйелі жүзеге асып отыр. Сол арқылы көңілі жарым жандар өздерінің қоғамға қажеттігін және бір сезінсе керек. Қоғамнан тыс қалмауы қатаң қадағаланады. Бұл орайда, Елбасы Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз аймаққа айналуы ...

Читать далее »

Бірінші байлық

  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландыруды, өткен жылмен салыстырғанда, 38%-ға арттырмақ. «ҚазАқпарат» ХАА хабарлағандай, 2017 жылдың шілде айында медициналық қызметтің сапасы бойынша Бірлескен комиссияның шешімімен және Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2018 жылға арналған медициналық тегін көмектің кепілдендірген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектердің тізімі қайта қаралып, кеңейтілді. Жаңа ...

Читать далее »