Главная » Саясат

Саясат

Өндіріс өңірді дамытуға мүдделі

     Аймақтағы іргелі өндіріс орындары ынтымақтастық аясындағы өз міндеттемелерін орындауда. Нақтыласақ, Еуразиялық топ (ERG) құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ Жаңаарқа ауданындағы Қызылжар кентінің әкімдігіне жол талғамайтын автокөлік тарту етті. «Жаңа көлік Қызылжар бекетіне тасымалданатын жүктердің сақталуын және кенттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етпек» деп хабарлайды «Шұбаркөл көмір» АҚ Корпоративтік коммуникациялар қызметі. Бұл 2017-2018 жылдарға арналған әлеуметтік маңызды жобаларға қатысты өзара ынтымақтастық ...

Читать далее »

Ит басына іркіт төгілер ырыстан үміт

   Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке қолдаудың кейінгі жылдары қарқынды екенін жоққа шығару – мүмкін емес. Үкімет арқылы қабылданған түрлі бағдарламалардың өңірлерде кәсіпкерліктің  кең өріс жаюында үлесі зор. Соның бірі – Кәсіпкерлікті қолдау картасы. Былтыр бұл бағдарлама аймақта су жаңа 8 жобаның тұсауы кесілуіне түрткі болса, биыл, Ит жылында – карта қоржынында  әзірге 3 маңызды жоба бар. Бұл жобалар аймақ экономикасын дамытумен ...

Читать далее »

Марста болған жігіт

Әңгіме     Тылсым дүниеде небір ғажайыптар болып жатады. Оны көзімен көргендер болмаса, естігендердің бәрі сене бермейді. Осындай оқиғалардың бірі Сазанғали Шортанбаевтың басынан кешіпті. Оның сөзіне адамның сенуі қиын. – Сенесің бе, сенбейсің бе, оны өзің біл. Өзім де сенбес едім, егер өз басымнан кешіріп, өз көзіммен көрмесем, – деп бастады сөзін Сазанғали Шортанбаев деген жігіт. Мен Марс патшалығында болып келдім. ...

Читать далее »

Тауық жылы: кеншілер аймағының келбеті

Қарағанды облысы бойынша халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы қарашада 21960 теңгені құрап, 2016 жылғы қарашамен салыстырғанда 9,7%-ға ұлғайды. Оның құрылымында тамақ өнімдерінің құны – 13176 теңге, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер – 8784 теңге. Статистикалық бизнес-тіркелім деректері бойынша Қарағанды облысында 2017 жылғы 1 желтоқсанға 28591 заңды тұлға тіркелген. Тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар ...

Читать далее »

Шағын кәсіпорындар әлеуетті

Облыстың 2017 жылғы ІІI тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын, шағын кәсіпорындарындағы орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны 82392 адамды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың ең көбі көтерме және бөлшек саудада, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде – 26,2%, өнеркәсіпте – 19,8%, құрылыста – 14,8% шоғырланған. 2017 жылғы ІІI тоқсанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындарда, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 88693 теңге. Ең жоғарғы орташа айлық ...

Читать далее »

Биылғы мәре – 8 жоба

    Тауық жылының кеншілерге берген несібесін жыл он екі айдың соңы – желтоқсанда таразыға тартар дәстүр бар. Сол дәстүрді жалғастырсақ, биыл Қарағанды аймағының кәсіпорындары қатарын 8 тың жоба толықтырыпты. Атап айтқанда, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 301 жұмыс орнын қамтамасыз ететін 7,7 млрд. теңге сомасында 8 жоба жүзеге асырылды. «Волынка» ЖШС-нің «Шұжық цехінің құрылысын салу» жобасы. Жобаның құны – 320 млн. ...

Читать далее »

Ластану деңгейі төмендеді

    Қарағанды облысы жер көлемі мен өнеркәсіптік мүмкіндігі жағынан ең ірі шикізатқа және минералдарға бай өңір. Облыс аумағында алтын, молибден, мырыш, қорғасын, марганец қорлары шоғырланған. Бұған көмір қорларын, игеріліп жатқан темір және полиметалл кендерін қосыңыз. Бүгінде Қарағанды көмір бассейні республиканың металлургиялық өнеркәсібінің металлургиялық кәсіпорындарын коксты көмірмен жабдықтаушы негізгі көз болып отыр. Аймағымызда І санатты 200 кәсіпорын шоғырланған. Олардың ішінде «АрселорМиттал ...

Читать далее »

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Стратегиясын өзгертеді

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (әрі қарай Корпорация) 2017-2026 жылдарға арналған Корпорацияның жаңа даму стратегиясын бекітті. Бұл Даму стратегиясын қайта қарауға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың                                  Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын Жарлықпен бекітуі себеп болды. Даму бағдарламасының жаңа мәртебесі «НҰХ«ҚазАгро» АҚ және Корпорацияның Даму стратегиясын қайта қарауды талап етті. Жаңа даму стратегиясы операциялық қызметті жетілдірумен қатар, қаржылық институттармен ...

Читать далее »

Тәуелсіздіктің рухани негіздері

      1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап атты. Халқымыз айтулы күнді ғасырлар бойы аңсаған еді. Осы күні халықтың ерік-жігерін, өзін-өзі билеу құқығын білдіретін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданып, күшіне енді. Бұл заң толық беделге ие тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде Қазақстанның қазіргі әлемдегі орны мен рөлін растайтын шешім болды. Заң аясында халықтың ұлттық мүдделері ...

Читать далее »

Алаш рухын аспандатқан

   Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан бері азды-көпті жарты жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта ұлт болып үндеу қосып, ел болып еңселі бастаманы қолдап әкеткеніміз бар. Ал, сол мақаланың өзегіне үңіліп, тереңіне ой тастап көрсек, ел ертеңіне қосар үлесі, берер басымдылығы не дер едік? Расында, Егемен еліміз үшін рухани тұрғыдан жаңғыру қаншалықты маңызды һәм қажет? ...

Читать далее »