Главная » Рухани жаңғыру (страница 3)

Рухани жаңғыру

Қоғам дертімен қарқынды күрес

   ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру: жемқорлықсыз қоғам» облыстық форумын өткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2003 жылдан бастап 9 желтоқсанды – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні деп жариялаған. Еліміз Конвенцияны 2008 жылы ратификациялады. Форум басталмас бұрын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және ...

Читать далее »

Адамзат айнасы

    Ар ілімі – адамзат айнасы. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің, ғаламдану процесінің ізгілікті қоғам құрудағы кері әсері ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде жіктеледі. Бұл мәселелердің барлығы еліміздің келешек тізгінін қолға алатын жас ұрпақты тәрбиелеуді сауатты әрі сапалы іске асыруда кезек күттірмейтін мәселе екені айдан анық. Демек, ең алдымен, адамның өзінің өзгеруі туралы, ...

Читать далее »

Жаңғыру кілті білімде

   Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі басымдығы – ұлттың болашағы, халықтың әл-ауқаты, қазақ халқының біртұтас ағза ретінде заман көшіне сай бейімделуі, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Жаңа тарихи кезеңге нық қадам басып, бұқаралық сананы тиісті бағытқа өзгерту. Ал, болашаққа бағдар әлбетте, жаңа буыннан, жас ұрпақтан бастау алады. Елбасы әрқашан жастарды еліміздің алтын қоры ретінде бағалап келеді. ...

Читать далее »

Ұлттық ойын ұлықталды

    Сәтбаев қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні аясында  Тоғызқұмалақ ойынынан өткізілген Халықаралық турнир жалауын түсірді. Бес күнге созылған бәсекелі сынға Ресей Федерациясы, Түркия, Ауғанстан, Моңғолия, Түркіменстан және Қырғызстан мемлекеттерін қоса алғанда бас-аяғы 20 команда қатысып, бақ сынады. Жарыстың жабылу салтанатында қатысушылар мен жанкүйер қауымды мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан БӘЙМЕНОВ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және денешынықтыру комитетінің ...

Читать далее »

Түріктің түңІлігін әнмен түрген

    Қараша айының 29-30 жұлдыздарында Түркияның Ыстамбұл, Анкара қалаларында әнші, композитор Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына орай халықаралық  дәрежедегі рухани шара өтті. Түркі халқының ата жұрты Қазақтың Сарыарқасында дүниеге келген әнші-композитор, ақын Әсет Найманбайұлы – исі түркі әлеміне ортақ тұлға. Түркі жұртының ұлы санатшыларының сарындарын тыңдағанда санамызға сақи заманның сағынышы, құмбыл тарихтың құба белдерінен талып жеткен бабалар аңсарын іздейтініміз сондықтан шығар. ...

Читать далее »

Астарлы әзіл кеші

    Сейсенбі күні Қарағандыда Көңілді тапқырлар клубы командалары Астананың 20 жылдығына орайластырылған облыс әкімінің кубогін сарапқа салды. Іріктеуден өткен «Теория большого взрыва», «Жайдарман», «Целиноград» және Теміртау құрама командалары ойынға жақсы дайындықпен келгендігін танытты. Командалар берілген тақырып – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мазмұнын аша отырып, «Таныстыру», «Сергіту» және «Үй тапсырмасы» кезеңдерінде тапқырлықтарын көрсетті. Қонақ ретінде қатысып, көрерменнің көңілінен шыққан «Қарағанды көңілділер мен ...

Читать далее »

Егемен елдің келбеті

          Жұма күні Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы қатысушыларымен кездесті. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған ұлттық жоба қарашаның ортасында мәреге жеткен-ді. Жиында Елбасы ғаламдық аренадағы өзгерістер туралы сөз қозғап, заманауи талаптарға бейімделу қажеттігіне назар аударды. Өзгерістер дәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзектілігін айтып, оны іске асырудың аралық нәтижелеріне тоқталды. Сондай-ақ, Президент мемлекеттік тіл әліпбиін латын қарпіне көшірудің басты мақсатын ...

Читать далее »

Болашақ балабақшадан басталады

   Тұңғыш Презиент күні қарсаңында Қарағанды қаласында тағы бір балабақшаның ашылу салтанаты болды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған мектепке дейінгі мекеме Пришахтинскідегі 23 шағын ауданда орналасқан. Балабақша құрылтайшысы Гүлнар СМАЙЛОВАНЫҢ тәжірибесіндегі бұл төртінші балабақша. 360 орынға мемлекеттік тапсырыс берілген балабақшадағы орын құны – 11 000 теңге. Қарағандылық кәсіпкерлерге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік зор мүмкіндіктер ұсынғаны рас. 2015 жылы 1000 орынға арналған төрт жекеменшік ...

Читать далее »

Ел болашағы – әліпбиде

   Әліпби – өркениетке тиесілі. Ал, қазақ әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны туралы айтылған Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында. «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен  танылған көне түркі жазуы пайда болып, қолданылғаннан бері талай ғасыр өтті. Әр заманның өзіне тиесілі әліпбиі болады деп айтылған күннің өзінде әр түрлі жағдайларға байланысты өзгеріске ұшырауы мүмкін болатын, әр тілдің өзінің айтылуы, дауыс ...

Читать далее »

«Мәңгілік Ел» мирасы

    «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарағанды политехникалық колледжінің кітапханасы облысымызға арналған «Туған жерім – Сарыарқа» атты тарихи өлкетану кешін өткізді.  Аталмыш шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында  Отанына, жеріне деген патриоттық сезім қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді, еліміздің мақтаныштарының үлгі-өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақстандықтардың қоғамдық сана-сезімін жаңғыртудың бірнеше бағыттары белгіленген. Соның ...

Читать далее »