Главная » Рухани жаңғыру (страница 2)

Рухани жаңғыру

Тәрбие басы – салт-дәстүр

    Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттың рухани жаңғыру идеясына тоқталған болатын. Ұлтымыздың мәдениеті мен тарихы, дәстүрі мен дініндегі озық тұстарын сақтай отырып, ескісін естісіне айырбастай білу, бәсекелестікке қабілеттілікті қалыптастыру, сананың ашықтығы мен білімге баса көңіл бөлу секілді алғышарттар арқылы жүзеге асатындығын жеткізген еді. Соның ішінде, бала тәрбиесі жаңғыру мен жаңашылдықты ерекше қажет ететін үдерістердің бірі ...

Читать далее »

Елбасы мақаласы – елдіктің бойтұмары

             Қазақстан Тәуелсіздігін алғалы бері экономикамыз ілгері жылжыды, ел еңсесін тіктеді. Бастысы, уақыт о баста дұрыс таңдау жасағанымызды көрсетті. Елбасының сарабдал саясаты осындай материалдық құндылықпен қатар, рухани байлығымызды да жаңғыртатын сәтпен тоғыстырды. Бізді – Қазақстан халқын. Тура бір жыл бұрын Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көрген болатын. Кешегіні – кемел ...

Читать далее »

БЕДЕРЛІ БЕЛЕС

       “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында бір жылда Балқашта 11 жоба жүзеге асты. Бұл туралы тарихи-өлкетану мұражайында қала тұрғындарының белсенді бөлігі бас қосқан жиында белгілі болды. Жалпы бағдарлама алты арнайы жобадан тұрады: “Туған жер”, “Сакральды география”, “Заманауи дүниедегі қазақстандық мәдениет”, “Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі”, “Жаңа 100 тұлға”, “Жаңа 100 оқулық”. Қосымша алты бағдарламаны қамтыған “Туған жер” жобасында маңызды ...

Читать далее »

«Өнерпаз болсаң, арқалан!»

      Жақында кеншілер астанасының төрінен «Өнерпаз» өнер орталығы ашылды. Кішкентай қарағандылықтар қазақтың тың тарихынан сыр шертіп, ән мен күйге сүйсіндірер орталықтан тәлім алатын болады. «Өнерпаз» орталығының оқушылары Арқа әншілік дәстүрін биікке көтерген Әсет, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Мәди мұрасынан сусындайды. Сөйтіп, талантты оқушыларды жинаған орталықтың ұстаздары қазақтың біртуар ұлдары Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қайрат Байбосыновтың дара жолын ...

Читать далее »

Тегіңді таны

      Бұл кітап орыс тілінде жарық көргенімен, өлкетану шежіресін отандық тарихқа жалғаған құнды еңбектер қатарынан табылар деп бағамдадық біз. Жеке бастың гөй-гөйі емес, Алаш арыстары – Әлихан БӨКЕЙХАН, Әлімхан ЕРМЕКОВ, Жақып АҚБАЕВТЫҢ мемлекеттік мұратынан сыр шертеді екен. «Знай твои корни» депті атауын авторы – Төлеуғазы СМАЙЫЛОВ. Тегіңді танымасаң, еліңді қайдан танисың деп тұрғандай ғой. Түптеп келгенде, Елбасының «Болашаққа ...

Читать далее »

Рухани тәрбие – тәлімгер сөзінде

       12 сәуір күні ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толды. Астанада Елбасының қатысуымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жасалған жұмыс нәтижесінде 18 жаңа кітап пен оқу әдістемесі таныстырылды. Ал, осы ретте Қарағандыдағы «№2 Білім-инновация» лицейінде «Үздік тәлімгер – 2018» облыстық байқауы басталды. – Бүгін басылып шығып жат­қан ...

Читать далее »

Кемел болашақ бағдарламасы

       Елбасының тарихи публицистикалық жанрда жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» атты еліміздің төрт тарихи кезеңін қамтитын, төрт бөлімнен тұратын кітабы Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де үлкен сұранысқа ие. Тұсауы кесіліп, таныстырылғаннан бері қызу талқыға түскен туындыға берілген баға – оң. Әрине, аз уақыт ішінде жоқтан барды жасағандай, бүкіл бір елді шыңыраудан алып шығып, әлем мойындаған елдердің қатарына қосу – ерлік ...

Читать далее »

Қос алыптың әлеміне саяхат

  Жуырда Достық үйінде Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мұрындық болуымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Әлем таныған Абай» атты Абай оқуларының және ақын Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ 160 жылдық мерейтойына орай өткізілетін айлықтың шымылдығы түрілді. Салтанатты шара «Ұрпағыма қалдырам – Ұлы жыр» атты поэзия кешімен басталды. Айлықтың мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім ...

Читать далее »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – БОЛАШАҚҚА БАСТАУ

Өткен жылдың қыркүйегінен бастап бұқаралық ақпарат құралдарында, түрлі жиындарда қызу талқыға түскен жаңа әліпби мәселесі соңғы нұсқасы ресми түрде жарияланғаннан бастап, бір шешімін тапқандай. Латын әліпбиіне көшуді дәл қазіргі таңда еліміздің рухани өміріндегі зор сілкініс деуге болады. Жаңа әліпбиді енгізу – ғылым мен білімнің барлық саласында, тіліміз бен мәдениетіміздің, өнерінің дамуына тың серпіліс тудырары сөзсіз. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. ...

Читать далее »

«Атыңнан айналайын, Қарқаралы»

Қарқаралы қаласының туған күніне орай, Нұра ауданының әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВТАН құттықтау хат келіп түсті редакциямызға. Арқаның абат белінде орналасқан Қарқаралы қаласы жөнінде хатта былай делінген: «Бүгін – Сарыарқаның інжу маржаны, алтын тәжі қасиетті Қарқаралы қаласының туған күні! Осыдан 194 жыл бұрын 1824 жылы 8 сәуірде Патша Сенатының приказымен Қарқаралыға қала статусы берілді. Туған қаламыздың тұрғындарын қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! ...

Читать далее »