Главная » Рухани жаңғыру (страница 10)

Рухани жаңғыру

Жаңашылдық – табыс формуласы

  Білімнің салтанат құруы – Елбасының алға қойған мақсаттарының бірі. Ал, бағдарлама жасау саласындағы әлем алпауыттары ұсынар жаңалықтарды пайдалана отырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдету, оқушылардың қызығушылығын арттыру, уақытты ұтымды пайдалану – білім саласын ілгері жылжытудың оңтайлы мүмкіндігі. Осы орайда, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Microsoft» компаниясы ұсынған «Sway»  презентация жасауға арналған қосымшасын алғашқылардың бірі болып пайдаланып, мұғалімдер арасында «Smart-педагог Өрлеу: кәсіби ...

Читать далее »

Ақадырдың айтулы тойы

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Туған жер» жобасы аясында Арқаның сауырында көсіліп жатқан темір жолмен тағдыры жұптасып, сонау 1937 жылы іргетасы қаланып, іргелі мекенге айналған Ақадыр кенті Һәм теміржол торабының 80 жылдық мерейтойы кенттің басында өтті. Кенттегі көшелі істер Мерейтой осындағы Тәуелсіз Қазақстан көшесіндегі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш тақтаның ашылуымен басталды. Елбасы «Тарихымыздың қасіретті беттері ...

Читать далее »

Ән падишасына – Арқаның дүлділі үн қосты

    Жақында асқақ үні жұртының жұмыр жүрегін тербеп, тыңдаушысын өрекпітіп жіберетін күміс көмей әнші Сержан  МҰСАЙЫННЫҢ сүйіншілеген жаңалығы елді елең еткізді. Ұлы өнерге жаны құмартқан, көмейінен ән ұшырып жабырқағанды жұбатқан Сержан, қазақтың дүлділі Әміре ҚАШАУБАЕВ туралы фильмде танымал тенордың әндерін орындап, тыңдарманды тамсандырды. Фильмді түсіру барысында, кастингтің қорытындысы бойынша дәстүрлі ән өнерінің  дүлдүлі, КСРО халық әртісі, әнші Әміренің композицияларын орындаушы ...

Читать далее »

Зерттеу енбек – зерделiге

    Қарағандыда Әсет НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ 150 жылдығы аясында атқарылған үлкен шаруаның бірі – «Арқаның Әсет ақыны» атты монографиялық еңбектің тұсауы кесілді. Еңбектің авторы белгілі өлкетанушы, тарихшы Темірғали АРШАБЕКОВ болса, монографияны кітап қылып шығарушы һәм тұсаукесерін ұйымдастырушы – Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы. Сонымен, Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» бағыты аясында өткен тұсаукесер кешке ...

Читать далее »

Жаңа алаң – балалар игілігіне

    Кеше Абай ауданындағы Юбилейный ауылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балалар алаңы ашылды. Бұл ауыл балалары үшін қуанышты жаңалық болды. Алаңды аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Мағзин салтанатты түрде ашып, алғы сөзінде алаңды жасауға өз үлестерін қосқан барша жұртшылыққа алғысын айтып, ата-аналар мен балаларды айтулы игі бастаманың жүзеге асуымен шын жүректен құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ...

Читать далее »

Мәдениет мәйегі – жазу

   Пришахтинскідегі «Молодежный»  Мәдениет үйінде «Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғырту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Латын әліпбиіне көшу мәселесі – еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бері көтеріліп келеді. Жазу – барлық халыққа ортақ, мәдениеттерді жалғастырушы, байланыстырушы құндылықтардың бірі. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бұл мәселеге ерекше зер ...

Читать далее »

Жанарды жаулаған жайдарман

    Сейсенбі күні Қарағанды экономикалық университетінде облыс әкімінің кубогіне арналған республикалық «Жайдарман» сайысы өтті. Ойында Маңғыстау облысы, Астана  қаласынан келген және қарағандылық командалар бақ сынады. Жайдарманның Қарағандыдағы жанкүйерлерi мен жанашырлары шараның көңілді өтуіне мұрындық болды. «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ, Қарағанды филиалының басшысы Жомарт Әбіш тізгінді қолға алып, жарысты ұйымдасқан түрде өткізді. Ойынды әдеттегідей «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ...

Читать далее »

Жаңашыл білімге – жаңаша бағыт

   Әлeмдік білім бeру кeңіcтігінe ену мaқcaтындa Қaзaқcтaн билігі oтaндық білім бeрудің oзық дәcтүрлeрі мeн cтaндaрттaрын caқтaй oтырып, әлeмдік білім бeру тәжірибecінe бaғыттaлғaн cтрaтeгиялық курc тaңдaды. Ocығaн бaйлaныcты, ҚР Білім жәнe ғылым миниcтрлігі oртa білім беру мaзмұнын жaңaртуғa бaғыттaлғaн іc-шaрaлaр кeшeнін жүзeгe acыруда. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен ...

Читать далее »

Қарағанды жастары – жаңғыру жолында

   Жастар үшін, алдымен, дәстүрлі құндылық – Отанды сүю. Ал, Отанды сүю – ата-ананы ардақтаудан басталады.  Десек те, ХХІ ғасырдың жастарын жаһандану үдеріс алған бүгінгі қоғамда Отан жолында жанын қиюға дайын азаматтың қатарына қоса аламыз ба? «Отандастық» дегенді мегаполис жастары қалай түсінеді? Қарағанды жастары қаншалықты патриот? Сейсенбі күні Қарағанды экономикалық университетінде өткен «Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін» республикалық форумы жоғарыда аталған ...

Читать далее »

Жомарт кесенесі жаңғыртылды

         Заманында жомарттығымен бүкіл қазақ даласына танымал болған Нұрлан Бәйсейітұлының есімі тарихта қалған.  Нұрлан мырза 1818 жылы туған, 1851 жылы 33 жасында Кәрсөн-Керней елінің болысы болып сайланған. Бірде Ағыбай батыр жер алып, қоныстойын жасағанда батырды көкке көтеру үшін Нұрлан жомарт батырдың қоныстойына деп жүген-құрық тимеген қырық қысырақ ту биені айдатып келіп, Теректі өзенінің бойына иіріп, өзі бұрын көрмеген Ағыбай батырды ...

Читать далее »