Главная » Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Патриоттық тәрбие – шыңдайды

     «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген Әбу-Насыр әл-Фараби сөзінің салмағы күн өткен сайын артып келе жатқанын бүгінгі уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің басы әуелі отбасы, ата-ананың қасында болса, балабақшадан кейін басты өнегені мектеп қабырғасы беретініне ешкім дау айта алмасы анық. Қазір жаһандық дамудағы ғылыми-технологиялық жетістіктердің арқасында ақпарат кеңістігіне қол жеткізу мүмкіндігі тіптен оңай. Ғаламтор ...

Читать далее »

Ұстазға құрмет

    Облыстық оқу әдістемелік орталығында КСРО оқу ісінің үздігі Рашит ХАСЕНОВ атындағы мұражай ашылды. Мұражай Қарағанды өңірінің білім беру жүйесінің даму барысынан сыр шертеді. Жалпы, облыста білім беруге қатысты тарихи мұражай ашуды алғаш 2017 жылы облыстық білім басқармасы ұсынған. Бұл бастаманы педагогикалық еңбек ардагерлері мақұлдап, мұражай ісі, білім беру саласы, ақпараттық технологиялар мамандары қолдау білдірген. Облыстың білім саласының дамуына еңбегі ...

Читать далее »

Соңғы Абыз

Ұзын аққан Сарысуды, Өзің жайлап, жағала. Жүйрік пенен жорғаңды Өзің мініп бағала, – деп қазақтың жері менен байлығын тек қазақ иеленсе деген ойда зар қағып, «қазақ даласының тасы қазақ баласының жейдесіне түйме болып қадалсын» (Әлихан Бөкейхан) дегенді ол баста армандап кеткен әдебиеттегі зар заман ақындарының басында тұрған жырау Шортанбай Қанайұлы еді. Атақты Тұрсынбек Кәкішев «Шортанбай – ұлы дарын, шындықты деңгейінде ...

Читать далее »

Кызыл кенiш сарайы

               Қызыл кеніш сарайы – Орталық Қазақстандағы белгілі тарихи архитектуралық ескерткіш. Қарқаралы ауданының Кент ауылынан оңтүстікке қарай үш шақырымдық Кент тауының шығыс бөлігіндегі Қызылсу өзенінің жағалауында орналасқан. Қарағандыдан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде орын тепкен. Ескі Кент қаласының орнындағы сарай кішігірім жазықта. Барлық жағынан жартасты таулармен қоршалған. Сарай – XVIІ-XVIІI ғасырдан, жоңғар шапқыншылығы кезеңінен қалған архитектуралық жәдігер. Өз уақытында екі ...

Читать далее »

Болашақ бағдары

          Жуырда Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Латын әліпбиі: Рухани тәуелсіздік жолы» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында, латын әліпбиі терең қаузалып, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының аға оқытушысы Ж.Қағазбаев, профессор, филология ғылымдарының докторы, тілші ғалым, лингвист А.Әділова, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының әдіскері М.Ағымбаев қатысып, келелі ойларын ортаға ...

Читать далее »

Тағылымға толы мұра

           Жақында облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жаңаарқа ауданындағы О.Жұмабеков атындағы тірек мектебінде Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде тарихшы-өлкетанушы, Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы Далбай ІЗТІЛЕУОВТІҢ мұраларын зерделеуге арналған «Рухани жаңғыру: тарих және тұлға тағылымы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми-практикалық конференцияға Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан келген қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, өлкетанушылар, мектеп ...

Читать далее »

Қазақстанның киелі жерлері

    Кеше М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында «Отанымыздың қасиетті жерлері» атты танымдық бейнесаяхат ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Шара жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезіміне тәрбиелеу, рухани және мәдени құндылықтарды нығайтуды көздеді. Шара барысында кітапханашылар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан бастау алған ...

Читать далее »

Латын әліпбиіне көшу – жаңа белес

    Жуырда Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты облыстық семинар өтті. Семинар жұмысына Қарағанды облыстық Тілдерді дамыту басқармасының, облыстық ішкі саясат басқармасы және Қарағанды қаласының 6 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты. – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ әліпбиін кириллицадан латын әліпбиіне көшіру туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Қазіргі қолданыстағы әліпбиді ...

Читать далее »

Рухты бабаға – ұлықты құрмет

    Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты тарихи мақаласы еліміздің рухани әлеміне тың серпіліс әкеліп, тарихымызды таразылауға, асыл мұраларымызды ардақтауға өрісті мүмкіндік ашып отыр. Бүгінгі таңда рулық деңгейден ұлттық деңгейге көтерілетін, жершілдіктен жерініп, рушылдықтан бойды аулақ салатын уақыт жеткенін тамыршыдай дөп басқан Мемлекет басшысы ұлттық қазынамызды ұрпақ кәдесіне жаратудың жаңа жолын сілтеді. Өскелең ұрпақ бойына отаншылдық рухты сіңірудің соны үлгісі ...

Читать далее »

Тілді дамыту – табысты даму кепілі

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшетінімізді, және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы керектігін айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін атап өтті. Латын әліпбиіне көшу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын ...

Читать далее »