Главная » Руханият (страница 4)

Руханият

Азаттық

Уа, Азаттық, нұрсың сен! Күлтегіннің жазуында тұрсың сен, Көкбөрінің азуында тұрсың сен!   Бәйтеректің бұтағындай  жайқалып, Самұрықпен самғап көкті   қайталық! Сені берген Тәңір неткен дәулетті, Сені көрген халық неткен бай халық!   …Сені көрдім, көрдім көзімді аштым да, Өр Алтайда – көк аспанның астында! Сарыарқада – сары белдің үстінде, Көрдім сені! Көрдім! Көктен түстің де, Ғайса құсап, өне-бойың нұрланып, ...

Читать далее »

Тәуелсіздік және Астана

«Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, ...

Читать далее »

Ажарлы Ақши

   Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ елін көркейтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді көздейтін «Туған жер» бағдарламасын ұсынған болатын. Осы мақала аясында туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеу мақсатында Ақтоғай ауданы, Ақши ауылында «Туған жерге сағыныш» атты әдеби-сазды кеш өтті. Әдеби-сазды кешті Қаздауысты Қазыбек бидің «Алтын – ұяң, Отан қымбат, туып өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат» ...

Читать далее »

Өнерімен өрге жүзген

    Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағандыда жасөспірімдер арасында «Ақсұңқар» Халықаралық ІІІ фестиваль-байқауының тұсауы кесілді. Аталған байқауға Қарағандыдағы «ArtRainbow» халықаралық өнер бірлестігі мұрындық болды. Бірлестік 2015 жылдан бері талантты өрендер үшін осындай байқауларды еліміздің түрлі қалаларында өткізіп келеді. Байқауға шығармашылық ұжымдар, түрлі ансамбльдер мен оркестрлер қатысты. Өзбекстанның халық артисі Фарух Садықов төрағалық еткен қазылар алқасы номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады. Қатысушылар түрлі музыкалық ...

Читать далее »

Қасым жүрегі – ғасырдың емі

   Қасымның дастаны оқылып біткен жоқ әлі… Жан-жүрегінің қатпар-қатпар құбылыстары бірде өлең, бірде әуен болып ұлтының жүрегіне ұя салғалы не заман?! Ұлт ақынының ұлы мұрасы сөйте жүріп неше заманды артқа тастап, алда қанша дәуірдің көркін кіргізіп, неше жүректің гүлін ашады?! Қанша уақыт өтсе де, «Қасымның әндері-ай!» деп тамсанады ел! Қасым әндері концертінің ұйымдастырушысы, әнші Гүлбаршын Тергеубекова «осы жоба қолға алынғалы ...

Читать далее »

Қоңыр күйдің қою үні

      «Әбікен болмаса, Тәттімбет жоқ. Әбікен болмаса, Тоқа жоқ. Әбікен болмаса, мына мен, ана Жанғали Жүзбаев жоқ» деп басталған жоқ концерт. Бірақ, Әбікендей ұлы күйшіні еске алу кешінде әйтеуір бір айтылмай қалмауы тиіс бұл сөзді концерттің орта тұсында дәулескер күйші Мұхамеджан ТІЛЕУХАНОВ айтты. «Анау Жаңаарқадан келіп тұрып бір-ақ күй тартып кете алмаймын» деп Әбікеннің репертуарынан Тәттімбеттің «Азамат қожасы» мен «Бестөресін», ...

Читать далее »

Абай мүсіні – шаһар шырайы

    Қаражал қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шаралары аясында Абай көшесі бойындағы жаңғыртылған саяжолдың таныстырылымы өткізіліп, Ұлы Дала данышпаны атанып кеткен ойшыл ақынға орнатылған еңселі мүсіннің ашылу салтанаты өткерілді. Бұқара халық, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен қала қонақтары қатысқан жиында жұртшылықты мерейлі қуаныштарымен қала әкімі Тілектес ДОСАЕВ құттықтады. – Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты өзегі өткеннің ...

Читать далее »

Алаштың Ақселеуі

Аға, Сені сағынды Сарысуың, Елестетіп тұлғасын арысының. Кербез дала ол жатыр сені құшып, Ашар маған дегендей тағы сырын…   Арқаның Ақселеуі Сланұлы, Сенің салған ізің хақ бір анығы. Ел алыбы сен болдың замананың, Жамбыл болса кезінің жыр алыбы.   Сағынады әр ұлың осы отырған, Сендей болсын әр қазақ болса тұлға. Әр адымы бір өлең, ізі тарих, Кербез бойы – ол ...

Читать далее »

Тіл – тамыр

   Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам өзінің ана тілін, мемлекеттік тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз бұрмалануына қарсы тұруы тиіс. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. ...

Читать далее »

Аймақ ажары – айшықты туындыда

    Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалында «Қазақстан Киелі мекен Сарыарқа» атты толықметражды деректі фильмнің тұсауы кесілді. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған игі бастама өңіріміздің Ақтоғай, Қарқаралы, Шет және Ұлытау аудандарының киелі орындарын қамтыпты. Бес ай көлемінде түсірілген фильм көрермен назарына ұсынылмас бұрын, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихаты өтті. Туынды 5 ...

Читать далее »