Главная » Руханият (страница 30)

Руханият

Халық қалаулылары – Ел арасында

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ж.Дүйсебаев пен заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Н.Дулатбеков облыстың Жезқазған қаласында, Ұлытау, Жаңаарқа аудандарында болып, кездесулер өткізді. Халық қалаулылары жүздесу барысында сайлаушылармен еркін пікір алысты. Заң шығару саласындағы соны жаңалықтар жөнінде әңгімелеп, ел өміріндегі болып жатқан оң өзгерістер, өңірдегі маңызды мәселелер, өзекті проблемалар, оларды шешу жолдары жөнінде ...

Читать далее »

Алаштың абызы

Ақселеу Сейдімбек жайлы ой-толғау атақты ғалым-жазушылар мен жаңадан қалыптасып келе жатқан «Ақселеутанудың» алдында тұрған, тұратын өте күрделі, зор жауапкершілікті талап ететін «Мәңгілік тақырып» қой. Өйткені, қазақ деп аталатын ұлтқа ғана тән көне тарихи жәдігерліктер, рухани-мәдени байлықтар, кәсіптік, күнкөрістік-тұрмыстық заттар, сенім-нанымдар, т.б. толып жатқан ескірмес мұралар мен түрлі құндылықтарды түгендеу оның пешенесіне жазылыпты. Ол ел аралаған кездерде көпшілікті жатсынбай, жатырқамай кез ...

Читать далее »

Еңбек нарығында — техникалық маман қат

      «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бірінші бағыты – Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Мұндағы міндет — еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер, дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Облыста аталған міндеттерді іске асыру үшін өңірлерде ...

Читать далее »

Табиғат таңғажайыбы

  Тамылжыған тамызда Табиғат-Ана тосын мінез көрсетті. Құдды бір қыстың бораны тә­різді. Мына сурет кеше, сағат 16.51-де Қарағанды–Алматы бағытындағы (Балқаш қаласына таяу жерде) күре жолдың бойында түсі­рілген. Құрметті оқырман, егер, Сіз де тосын жайттың куәсі бол­саңыз, суреті мен қысқаша мазмұнын редакцияға жолдаңыз. Ерекше сәттерді газет беті арқылы елмен бөлісейік. Байланыс телефоны: 8(7212) 43-38-33.

Читать далее »

Білгенге маржан

      Газетіміздің өткен санындағы (29 шілде, №83) «Сауалына жауабы» айдарына Жәлел Қуандықұлы деген автордан мынадай жауап келіпті және жауапты дұрыс деп қабылдаймыз: Бұл – «Ат тергеу» дәстүрі. Оңтүстікте «Ат қою» деп те атайды. Сіздер қойған сауалда келіншек Өзенбай, Қамысбай, Қойлыбай, Қасқырбай, Қайрақбай, Қанжарбай деген қайынаталары мен қайнағаларының есімдерін астарлап жеткізіп тұр. Сауал: Сонымен қатар бұл автор да сауал жолдаған екен. ...

Читать далее »

Қоғам індетімен пәрменді күрес

    Сыбайлас жемқорлықпен күрес – барлық мемлекеттік органдардың күнделікті қызметтегі басым бағыттарының бірі. Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты. Ол өзгеден пара алып қана қою емес, мемлекеттік қызметтерді жеке мүддесіне пайдаланумен пара-пар. Әрине, заман талабының өзгеруіне байланысты сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында да жаңа талаптар қойылуы заңдылық. Соңғы онжылдықта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында ауыз толтырып айтарлықтай құқықтық база қалыптастырылды. ...

Читать далее »

Facebook-тегі фәни жалған…

    Тұлға Бір ғасырда бір-ақ мәрте туатын Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбайлар ұшар басы ақ бауыр бұлттарға малынған шырқау биікте тұр. Түр, келбеті, ішкі болмыс-бітімі көзге көрінбейді. Алыстан асқақ тұрпаты ғана қарауытады… Олардың алып тұлғаларына етекте тұрып назар салғандардың басы айналып, көзі қарауытып кететіні – содан!.. Аспан жаққа абайлап қараңдаршы?!. (“Егемендегі” Әбіш Кекілбайдың Мұқағали мен Еркін Ібітанов туралы эссені оқығанда туған ...

Читать далее »

«Жігіт деген жыламайды» деген сөз, Анасы бар адамдардың айтқаны…

Өксік өлеңім өзіңе, Ана, арналар, Арсыз ажалға жасай алатын бар ма амал? Менің үйімнің үстінде ұшып жүр екен, Түсімде көрген қаңқылдақ қара қарғалар. Жанымның сірә, табылмайды ғой бір емі, Бағымның қайда бақыт тілейтін тірегі? Алланың ісін алдымен сезген сол болар, Алатау маған жабырқау қарап жүр еді. Сергелдең күйде сапарға шықтым далама, Тек жақсы ойды жинақтап алып санама. «Бетінен сүйсем бері ...

Читать далее »

Жомарт жүрек

     Жомарттық – жанның байлығы. Мұндай қасиетке ие болған кісі жақсылық жасауды көңілі қалап, көпшілікке қолұшын беруге дайын тұрады. Жомарттық – қазақтың төл мінезі сынды. Астындағы атын түсіп, беретін, жапалақша басып жемей, сұңқардай шашып жейтін азаматтар елімізде көп. Солардың бірі – қырандай жомарт жан, «Мақсат» шаруа қожалығының басшысы Қайрат КӨПБАЕВ. Кәсібінен нәсібін тапқан жігіт ағасы – игі іс жасап, туған ...

Читать далее »

Өзгеге, көңілім, тоярсың

Өзгеге, көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың? Оны айтқанда толғанып, Іштегі дертті жоярсың. Сайра да зарла, қызыл тіл, Қара көңілім оянсын. Жыласын, көзден жас ақсын, Омырауым боялсын. Қара басқан, қаңғыған, Хас надан нені ұға алсын? Көкірегінде оты бар, Құлағын ойлы ер салсын. Тыңдамаса еш адам, Өз жүрегім толғансын. Әр сөзіне қарасын, Іштегі дертім қозғалсын. Әуелесін, қалқысын, От-жалын боп шалқысын. Жылай-жырлай өлгенде, ...

Читать далее »