Главная » Руханият (страница 10)

Руханият

Жаңа дәуір жаршысы

М.Әуезов атындағы көпшілік орталық кітапхананың № 22 кітапхана бөлімшесінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы өтті. Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Жыл кітабы – 2017» таңдауына ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды. Кітапхананың белсенді оқырманы, зейнеткер  Гүлнара Шоланова ақынның жырларына шолу жасап, өлеңдерін оқыды. Оқырмандар өз ойларын, оқығандарын ортаға салды. Іс-шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырмандарға ұсынылды. ...

Читать далее »

Алаштың Аққызы

    «Арқада – Аққыз, Батыста – Дина» дейді Жанғали ЖҮЗБАЕВ та, Секен ТҰРЫСБЕК те! Екеуі де қазіргі қазақ күй өнерінің алыптары ғой. Танып айтады, тауып айтады, байыбына барып айтады! Қарашаның 18 күні Қарағанды шаһары күйші, халық композиторы Аққыз (Мүгүлсім) Ахметқызының рухына құрмет көрсетті. Алаштың Аққызы, күй алыбы ақ әженің өнер-киесін жырлады. Жас ұрпаққа өнеге қылды. Жас ақынның тілімен айтқанда, «Қарашада ...

Читать далее »

Асқар тау алыстан көрінеді

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұланбайтақ еліміздің өткен тарихына шола келіп, бүгінгі болмысы мен келбетіне тоқталғаны белгілі. Осы мазмұны терең, мән-мағынасы зор еңбектің ішінде бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің қалыптасып-дамуына, көркейіп-гүлденуіне үнемі атсалысып жүрген азаматтарға, мемлекет пен қоғам қайраткерлеріне, қазіргі тарихи тұлғаларға қатысты «100 көрнекті есім» бағдарламасы да айтылды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді дана халқымыз. Елбасының осынау ...

Читать далее »

Болашақ журналистерге бағдар

     Бейсенбі  күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жастар әлемі» Жастар сарайында ІІІ қалалық жас журналистер және блогерлер слеті өтті. Жиынға қатысушылар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, кәсіби мамандардың жетіспеушілігі, мерзімді басылымдардың нарыққа бейімделуі, шынайы ақпарат тарату  төңірегінде түрлі пікірлерін ортаға салды. Слеттің ашылу салтанатында сөз алған Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Любарская мұндай шараны келер ...

Читать далее »

Рух пен уақыт символы

    Ақын Мағжанның атын иеленген №39 гимназия әрбір шарасын мәнді әрі қызықты өткізеді. Білім ошағының білікті ұстаздары мектепте өтетін жиындарға жауапкершілікпен қарайды. Соның бірі – «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығымен бірлесіп өткізілген Олжас СҮЛЕЙМЕНОВКЕ арналған облыстық ғылыми-практикалық конференция. Білім мекемесі конференция аясында қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ғалым, «ХХІ ғасыр адамы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері Олжас Сүлейменовке арналған жаңа жиын ...

Читать далее »

Әміренің өзіндей, Жүсіпбектің көзіндей…

       Әміренің өзіндей, Жүсіпбектің көзіндей боп сахнада отырған Сержан Мұсайынды ән демесіңе болмайды. Ән сертіне жеткен концертіне тамам Арқа Кеншілер мәдениет сарайына жиылғанда, алдынан «Сұржекеймен» неге өтпесін?! «Бүлкілдер әнге салсам көмекейім…» деп кештің аты әйгілеп тұрған жоқ па?! Сонымен, сол күні жазушы Жүсіпбек Аймауытов айтпақшы, ән де – Сержан, Сержан да – әнге айналды. Қазақта ән қалай басталушы еді өзі? ...

Читать далее »

Ұлттық тәрбие – ұлағат үлгісі

   Бүгінгі күннің, қазіргі жаһандану дәуірінің, басты талабы – өркениетті қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Әлем елдерімен қабырғасын теңестіруді меже етіп отырған елдің білімді жастары тәуелсіздікті нығайтады, ұлттық тәрбиемен сусындаған ұрпақ болашақты гүлдендіреді деген сенім мақсатымызға айналып отырғандай. Ал, оған қол жеткізудің алғы шарттарының бірі – ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу. Саяхатшы, зерттеуші А.Янушкеевич: «Мен қазақ ақынының суырып салма өнерін, асқақтата ...

Читать далее »

Тіліміз – байлығымыз

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы таяу жылдар міндеттері деп аталатын бөлімінде  қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек деген болатын. Латын әліпбиіне көшудің қажеттігін қазақстандықтар терең түсініп, байыппен қарап, мұқият дайындалып келді деуге болады. Үстіміздегі жылдың 27 қазаны күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. ...

Читать далее »

Латын әліпбиі – мәңгілік елдің рухани жаңғыруы

     Жаңа мың жылдыққа ұлы мұратпен қадам басқан еліміздің рухани жаңаруының бастауы – латын әліпбиінде жатыр. Латынға ауысу қазақ тілінің дамуына, халықаралық мәдени-рухани және экономикалық байланыстардың нығаюына және ІТ – технологиялардың дамуына жағдай жасайды. Нақты және жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық ғалымдардың озық еңбектері дәл осы латын қарпімен жазылған.  Мемлекеттің ішкі саяси бірлігінің тұрақты болуы, оның өркениет көшінің қатарында болуына жағдай ...

Читать далее »

Ой – өріс, оқу – шеберлік

    Қазақ руханиятының қабырғалы тұлғаларының бірі – Жайық мұраларына арналған «Бектұров оқулары» жазушы-журналист атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында осы аптаның ортасында өтті. Ордалы шаңырақтағы мазмұнды шараға облыс көлеміндегі отыздан астам оқу орнынан елуге жуық үміткер қатысып, рухани айдында сынға түсті. Мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің ой өрісі мен оқу шеберлігі кімді болсын бейжай қалдырмады бұл жолы… Жастардың рухани айдыннан табылғаны ғанибет ...

Читать далее »