Тарих

Жанға жақын латын

     Облыс орталығында орналасқан №101 мектеп-лицейі қашанда жақсылықтың жаршысы болып келеді. Ел көлеміндегі бастамаларды да бір ауыздан қолдайтын – осы білім ошағы. Рахат ҚАЗТАЕВ басқаратын қара шаңырақ латын әліпбиіне көшу мәселесіне де жуырда үн қосты. Мектеп-лицейдің педагогикалық ұжымы, жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өткен кездесу өзекті мәселенің басын шалды. Іс-шараға «Болашақ» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Құрманғазы СЕМБИЕВ ...

Читать далее »

Болашақтың кепілі

    «Достық үйінде» Демократиялық күштердің «Қазақстан – 2050» Қарағанды облыстық коалициясының отырысы өтті. Күн тәртібінің өзегі – мемлекеттік тілдің латын графикасына көшуі. – Әлеуметтік-экономикалық дамуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін өзіміздің мәдениетімізді, қазақ халқының тілін дамытып, дәстүрлерімізді сақтап қалуымыз қажет, – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова. Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Елбасы ...

Читать далее »

ЖАЛАҢТӨС (Соқыр) батыр және МАҢҚАН ана

    Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы халқымыз үшін шын мәнінде маңызды құжат болды. Туған жерге, салт-дәстүрге – руханиятымызға жанашырлық танытып, елдігіміздің еңсесін асқақтататын сәт туды. Тамыз айының 18-інде қазақтың үш ұлы билерінің бірі Қаздауысты Қазыбек бидің торқалы тойы Егіндібұлақта аталып өтілетіні туралы жақсы хабарды естіп жатырмыз. Атақты бидің жиеншарлары ретінде мен де Қазыбек бидің бес ұлының ортасындағы ...

Читать далее »

Он жұмбақ

Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаздауысты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендері, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанда: – Қаздауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер, – дейді Төле би. – Айтыңыз, айтыңыз? – Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он. Отырғандар таң-тамаша болады. – ...

Читать далее »

«Елге би — құт»

Қазақтың тарихы қазіргі қазақ халқына ұйытқы болған негізгі  тайпалардың бәрі бұдан 4-5 мың жыл бұрын болғаны тарихшыларымызға белгілі.  Тайпалардың ұлтқа бірігуі оңай болған жоқ,  себебі олардың өздерінің көшіп-қонатын жайлау, қыстаулары,  жеке бас­қарушылары, билеушілері болды. 1456 жылы Қазақ хандығы құрылғаннан бері бірде-бір елге жаугершілік жорық жасалған жоқ. Өйткені, біздің хандардың жанында алыстан ойлайтын, көргені көп, тарихты жақсы білетін ақылшылары болған. Ізеттілік ...

Читать далее »

Алаш идеясының ақберені

Филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, әдебиет сыншысы, Л.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры Тұрсын  Жұртбайдың ғылыми шығармашылығының басқаларға ұқсамайтын ерекше бір қыры бар. Ғалымның  ғылыми-зерттеу қызметінің  маңызды жақтарының бірі деп оның ізденгіштігін, мұрағаттық-тарихи деректерді кеңінен пайдаланып, шебер қолдана білетіндігін айтар едік. Оның қай еңбегі болсын, шындап ізденудің, архив материалдарын тыңнан табуда тапжылмай отырып, зерттеушілік сипатта ...

Читать далее »

Сақтар және «Сақ» сөзі

Бірінші жол: «Сақ» сөзіндегі соңғы «қ» дыбысының «и» және «у» дыбыстарына айналып «сай», «сау» болып өзгеруі қазақ тіліне тән құбылыс. Мысалы, «сай» сөзінің сын есімдік дәл, сәйкес, үйлесімді, лайық деген мағынасы «сақ» сөзінің «сақ етті», «дәл тиді» деген алғашқы мағынасына сәйкес келеді де, ал, дайын, әзір деген мағыналары алшақтай береді. Бірақ, «сай» сөзінің генетикалық негізі «сақ» екендігі көрініп тұр. «Сай» ...

Читать далее »

Дала данышпаны

Биыл дүйім дүниені аузына қаратқан аруақты шешен, ұлы қайраткер, бәтуалы би Қаздауысты Қазыбек атамыздың туғанына 350 жыл толып отыр. Дала данагөйі деген атқа ие болған Қазыбек Келдібекұлының мерейтойын қалың қазақ тойлауға бейіл. Оның ішінде Арқаның алтын тәжі – Қарқаралы, Егіндібұлақ өлкесі баба рухын барынша асқақ көтермек. Қарағанды көлемінде  атқарылмақ ауқымды шара тамыз айының 18-і күні кесімді сөздің кемеңгері кең жайлаған ...

Читать далее »

Сақтар «Сақ» сөзі

Тарихта аты белгілі, археологиялық қазба деректермен де дәлелденген, ата жұртымызда өмір сүрді деген алғашқы тайпалардың бірі – Сақтар. Бұл этносты көне парсы сына жазуы – Бехистун жазбасы (б.э.д. 522-486 ж.ж.), яғни, Сырдарияның солтүстігіне қарай өмір сүрген тайпаларды Сақ (Saka) деп атаған. Грек тарихшысы Гередот өзінің атақты «Тарихында» (б.э.д. 430-424 ж.ж.) «парсылар барлық скифтерді сақтар деп атайды» деп тұжырымдайды. Бұған қарағанда ...

Читать далее »

ҚАРЕКЕ-АЛТАЙ (Шерубай-Нұра) болысының билері

Бір жарым ғасыр бұрын Қареке-Алтай тегі Нұра, Шерубай-Нұра, Соқыр өзендерінің жағалауындағы дархан даланы жайлады. Омбы облысы әскери губернаторының 1870 жылдың 28 қыркүйегіндегі бұйрығы бойынша болыс билеушісі болып Болғабай Үсенбаев бекітілді. Алайда, 1872 жылдың 21 маусымында ол қызметінен кетіп, орнына сұлтан Төке Қоңырқұлжин тағайындалады. Ауылдағы билер болып: Қияш Саңрықов, Сәтек Мәмбетов, Ертісбай Үндемесов, Бисен Айтуғанов, Сапақ Бүйрин табылады. 1874 жылдың 17 ...

Читать далее »