Главная » Руханият » Мәдениет

Мәдениет

Ұлттың ұлық мерекесі

    Тәуелсіздікті ұлықтау, елдіктің маңызын екшеу, туған жер тарихын құрметтеу ұғымдарын жас ұрпақтың санасына сіңіру – оларды отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа баулудың басты шарттарының бірі. Жезқазған қаласындағы орталықтандырылған  кітапханалар жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Тәуелсіздік – менің басты жыр-әнім» атты тағылымды кеш осы ұстанымды меже тұтты.   Ұлттың ұлық мерекесіне арналған мағыналы жиын Мемлекеттік гимнмен басталып, балғын оқырмандарға тәуелсіздік, ...

Читать далее »

Жаңа дәуір жаршысы

М.Әуезов атындағы көпшілік орталық кітапхананың № 22 кітапхана бөлімшесінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы өтті. Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Жыл кітабы – 2017» таңдауына ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды. Кітапхананың белсенді оқырманы, зейнеткер  Гүлнара Шоланова ақынның жырларына шолу жасап, өлеңдерін оқыды. Оқырмандар өз ойларын, оқығандарын ортаға салды. Іс-шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырмандарға ұсынылды. ...

Читать далее »

Шаһар пейзажын ұсынды

         Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Қуаныш ЕСІРКЕЕВТІҢ мерейтойлық көрмесі ашылды. Суретші 14 қарашада 70 жасқа толды. – Бала кезінен сурет салуды сүйетін. Оның мерейтойлық көрмелері үнемі осы мұражайда ұйымдастырылып келді. Портреттер салғанды ұнатады. Көрмеде анамыздың әр жылдары салынған бес портреті ұсынылып отыр, – дейді суретшінің інісі Мейрам Есіркеев. Қуаныш Есіркеев – танымал суретшілердің бірі. Туындыларынан айрықша дарын, жоғары шеберлік көрінеді. ...

Читать далее »

Алаш арыстарына арнады

    Қарағандыдағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №1  жасөспірімдер филиалының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған шаралар өтті. Соның бірі  – «Алашорда арманының бүгінгі көрінісі – Тәуелсіз қазақ елі» тақырыбындағы «Не, қайда, қашан?!» атты интеллектуалды ойыны. Аталмыш іс-шараға қаламыздағы №57 мектеп-лицейінен «Нұрлы жол» командасы мен №53 мектеп-лицейінің «Көкбөрі» командалары қатысты. Интеллектуалды ойында тәуелсіз Қазақстанның негізі болып табылатын алғашқы заманауи саяси Алаш партиясы ...

Читать далее »

Өлке өнері биіктен көрінді

    «ЭКСПО – 2017» Көрмесінде өткен қарағандылық жұлдыздардың гала-концерті үлкен табысқа ие болды. Ұйымдастырушылардың мәл­ім­деуінше, «ЭКСПО» Амфитеатрына шамамен 10 мыңдай көрермендер жиналған. Ауа райының күрт өзгеруі мерекеге кедергі болмады. Көрермендер сахна маңынан қойылым аяқталғанша ұзамады. Бұл мереке Қарағанды облысының Мәдениет күндері шеңберінде ұйымдастырылған болатын. Аймақтағы өнер майталмандары мен Қазақстан эстрадасындағы жерлестеріміз бірігіп өнер көрсетті. Концертті ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, ...

Читать далее »

Үздік әлеуметтік жобалар

   Қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында өткізілетін «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесіне Қарағанды облысынан үш жоба ұсынылатын болды. Әлеуметтік жобаларды қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар, қауымдастықтар жүзеге асыруда. Келіп түскен жобалар облыстық іріктеу комиссияның отырысында қаралып, нәтижесінде ...

Читать далее »

Кенші – аймақ экономикасының жүрегі

   Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен «Кеншілер айдыны» атты ретро әдеби музыкалық  қонақжай өтті. Мерекеге Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, «Даңқ» орденінің иегері, «Шахтер даңқы» орденінің толық иегері Жұмабек Абдраманов, Қазақстан көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері «ArcelorMittal Temirtau» компаниясы Көмір департаментінің Адагерлер кеңесінің төрағасы Николай Баизбаев, Қазақстан Республикасың  көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері Виктор Абдраменков, Қазақтан Республикасың  көмір өнеркәсібінің құрметті ...

Читать далее »

Күй – қазақтың құдіреті

Кеше Н.Гоголь атындағы Қарағанды облысының әмбебап орталық кітапханасында «Күй өнері – қазақтың құдіреті» атты көрме ұйымдастырылды. Арқадан шыққан айтулы күйшілер – Ахметжан Сармантайұлының туғанына – 140 жыл, Аққыз Ахметқызына – 120 жыл, Мағауия Хамзинге – 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрме көпшіліктің көңілінен шықты. Мұнда өмірлік мәні зор, тағылымды туындылар мен естелік суреттер, тұлғалар туралы жазылған кітаптар топтастырылған. Әсіресе, күйшілер ...

Читать далее »

Халқымызды қадірлеген қаламгер

    Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы биыл «Әдеби маусым» жобасын қолға алып отыр. Оқырмандардың әлем әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында мұнда «Неміс әдебиеті маусымы» бойынша «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық бірлестігінің қатысуымен  жазушы, публицист, аудармашы, эссеист, әдеби сыншы, неміс әдебиетін зерттеуші Герольд БЕЛЬГЕРДІҢ шығармашылығына арналған «Казахские струны души Гер-аға» атты танымдық кеш өтті. Кеш тізгінін алған «Видергебурт» неміс орталығы» ...

Читать далее »

Кайран, Каракоз!..

        Бұл жерде Қаракөзді сүйген Сырымның да, Сырымды сүйген Қаракөздің де (тіпті, ол жасында Наршаға атастырылып қойылса да) еш кінәсі жоқ делік. «Сүйісер жастар қате етпес» (Абай). Бірақ, қазақ салт-дәстүрден, ардан аттап кетпеуші еді ғой? Туыстықтары жеті атадан әлі асып үлгермеген Қаракөз бен Сырымның мұнысы несі, ендеше? Алты атадан туысатын екеуінің арасындағы ынтық сезім әділетке сыя ма қазақ жолында? С.Сейфуллин ...

Читать далее »