Дін

Дін – татулық тұғыры

Діни сенімдері мен дәстүр-салты өзге болса да, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері қоғамдық тұрақтылық пен келісімді берік ұстанып келеді. Осы бірлікті бекемдей түсетін рухани келісім және толеранттылық күніне орай Теміртау қаласында «Діни экстремизм – зорлық-зомбылық ұясы» атты шара өтті. ҚарМИУ студенттері мен «Мирас» колледжінің оқушылары және арнайы шақырылған қонақтар Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ислам және христиан дінінің теориялық негіздерімен танысты. Шара ...

Читать далее »

Деструктивті діни ағым – психологиялық қару

     Қарағанды қаласында деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсететін «Виктория» оңалту орталығы жұмыс жасайды. Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша жұмыс жасайтын орталықтың қызметі – әлеуметтік, психологиялық, дінитанымдық және заңды көмек көрсету.   Ақпараттың,  технологияның заманы өмірімізге ілгерілеу енгізді дегенімен, оның екінші – келеңсіз жағы да бар. Жеке басының қамын күйттеген теріс діни ағым өкілдері сананы жаулау, алдап-арбау арқылы қоғамға ...

Читать далее »

АСЫЛ ДІНІМІЗГЕ ҚАРАП ТҮЗЕЛЕЙІК

     Дін істері басқармасы облысымыздың қала және аудан әкімдіктеріндегі дін саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған радикалды идеологияның ықпалына ұшыраған адамдармен жұмысты ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша 3-5 шілде аралығында кеншілер қаласындағы О.Есенұлы атындағы оқыту-оңалту орталығында үш күндік семинар өткізді. Семинар жұмысын облыстық дін істері басқармасы басшысы Нұрлан Бикенов жүргізіп отырды. Жиналғандарды дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: Павлодар қаласының ...

Читать далее »

Ораза айты – туыстық пен тұтастықты қуаттайды

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Ертең асыл дініміз Исламның бес діңгегінің бірі – рамазан айында күндіз ораза ұстап, кештерінде тарауих намазын оқып, Жаратқанға шүкірлік айтып пітір садақамызды беріп берекетке толы қасиетті күндерімізді де аяқтаймыз. Алла тағаланың рахымы мен мейіріміне, кешірімі мен шарапатына толы бұл аймен қоштасарда көңілде қимастық сезімі ұялайды. Өзіндік қайталанбас ерекшеліктерге толы ұлық айдың артынша Айт ...

Читать далее »

Қадір түнін құрметпен өткізейік, қадірлі ағайын!

     Пайғамбарымызға өзінен бұрынғы адамдардың өмірлерінің қандай болғандығы білдірілгенде өз үмметінің өмірлерінің қысқа екендігін көрді. Өмірлері ұзақ болған бұрынғы үмметтердің орындаған салих (жақсы) амалдарын өз үмметі орындай алмайды деп ойланған кезінде, Алла та’ала Оған мың айдан қадірлі болған Қадір түнін тарту етті. Алла та’ала «Қадір түні сенің үмметіңдікі» деп, ардақты елшіміздің көңілін жайландырды. Нығметке толы Қадір түні маусым айының 21-нен ...

Читать далее »

«БАЛАМДЫ МЕДРЕСЕГЕ БІЛ ДЕП БЕРДІМ…»

    Қазақ баласы ислам дініндегі өз ұстанымынан қашанда ажырамаған. Өзіндегі білім жетпесе айлап, жылдап білім іздеп, еліне имандылық нұрымен оралған. Сол ілім, сол білім қызыл сәбет кезінде пышырай бастаған. Жиырмасыншы жылдардан бастап діни наным бойынша қудалау қазақ даласында күні кешеге дейін жалғасты. Сонымен, қазақ баласы үшін діни наным көзі жабылғандай болған. Тоқсаныншы жылдардағы жылымықтан кейін дінін түзегісі келгендер абдырап-ақ қалған. ...

Читать далее »

«Алланың өзі де рас,сөзі де рас»

    Адам баласы Алла тағаланың айтқанындай қылып білдіретұғын құдіретін әуел бастан сезген. Оның өмірлік сауалдарына жауапты жаратылыс заңынан іздеуі орынды еді. Көзге көрінбесті, қол жетпесті тірі жан көңіл күйімен, ақыл түйсігімен барлағанын қол жазуы дәлелдеп тұр. Әуелде жан иесі тағылық жан-жануар әлемінен ақыл мен сезім арқасында бөлініп шығыпты. Бізге сол ақыл мен сезімге ие болу мүмкіндігін берген қолымыз. Кәдімгі ...

Читать далее »

Ұлық мереке

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын! Қасиетті де, қастерлі Құрбан айт мейрамына аман-есен жеткізген Раббымызға сансыз шүкірлер болсын! Құрметті қарағандылықтар, қадірменді бауырлар! Баршаңызды алда келе жатқан ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт – жүрекке жылу сыйлайтын, жер жаһандағы адамзаттың барлығын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақыратын күн. Адамзат баласы бұл күні құлшылық, ғибадаттарын арттырып, құрбандық шалу ...

Читать далее »

ДІН — көрінгеннің қолжаулығына айналмауы керек

Биылғы жылдың үлкен датасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл мерейтойдың еліміз үшін мәні мен маңызы ерекше. Осы орайда Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым, танымал қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековпен елдегі діни ахуал және ислам дінінің бүгіні туралы әңгімелескен едік. – Мырзатай аға, биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Мағынасы зор мерейтой туралы не айтасыз? – Біздің ...

Читать далее »

Ілкімді іс басы – ынтымақта

Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасы мен ҚМДБ облыстық Орталық мешітінің жастар ісі жөніндегі бөлімі өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды. Брифинг түрінде өткен жиынға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері және белсенді жастар қатысты. Жастар арасында жат діни ағымдарға жол жоқ. Брифингте алғаш сөз тиегін ағытқан облыстық ...

Читать далее »