Білім

ҚҰРМЕТТІ Х ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР!

Үшінші мыңжылдық – адам өміріндегі ғаламдық өзгеріс дәуірі, адам санасы алыс ғарышты, жер қойнауын, теңіздің тереңдігін батыл бағындыра алатын  үлкен жаңалықтар уақыты. Ғаламдық біріктіру, ақпараттық ағымның өсуі, ғылымның қарқынды дамуы мен технологиялық өрлеу, интеллектуалдық, ғылыми және шығармашылықтың тұрақты дамуымен байланысты әлемнің білім беру жүйесінде де күрделі мәселелерді алға қойып отыр. Кез келген елдің басты қоры – адами капитал. Сондықтан, жас ...

Читать далее »

«Балбөбектің» бір күні

№68 мектеп-интернат-балабақша кешенінің «Балбөбек» ересектер тобында «Алтын күздің ертегісі» атты ертеңгілік өтті. Бүлдіршіндер күз мезгілінің жомарттығы, әсемдігі, табиғат ерекшеліктері жайында өлеңдер оқып, әндер шырқады. Топ тәрбиешісі Айжан Искакова мен балабақшаның музыка жетекшісі Шаттық Торшаеваның бүлдіршіндермен бірлесе дайындаған «Күзгі ертегі» атты қойылымы бүлдіршіндердің сахналауында сәтті шықты. Ертеңгіліктің мақсаты – балалардың бойында адамгершілік, еңбексүйгіштік, өзге адамдардың еңбегін бағалай білу қасиеттерін қалыптастырып, мерекелік ...

Читать далее »

Мектеп жүрегі – шебер мұғалім

Білім жүйесіндегі  ауқымды реформалардың қозғаушы күші – кәсіби шебер мұғалімдер.  Елімізде мұғалімдерді қолдау және кәсіби шеберліктерін шыңдау – заман талабы. Осы талаптарға сәйкес «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» халықаралық қоғамдық қоры  «Білім беру көшбасшысы – 2017» екінші ұлттық республикалық  сайысын ұйымдастырды. Осы сайысқа Қарағанды облысынан Қарағанды қаласындағы №4 жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері қатысып, арнайы төсбелгілерді жеңіп ...

Читать далее »

Тиімді оқыту ортасы

Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім мазмұны – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын бағдарлама болып табылады. Бағдарламаның негізгі идеясы – білім беру сапасын халықаралық деңгей дәрежесіне жеткізу, үдерісті бақылау және бағалауға бағытталған. Осы үдерістерге тікелей атсалысатын мұғалімдер үшін еліміздің түкпір-түкпірінде жаңартылған білім мазмұны бойынша, білім ұйымдарының ұстаздарын жаппай оқыту кезеңі жүруде. Қарағанды қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының филиалында ...

Читать далее »

Мұғалім міндеті – кәсіпті дамыту

     Көшбасшы мұғалім – мектепті қайта құруға көмектесетін, мектеп деңгейіндегі проблемаларды шешуге белсене араласатын, әріптестерінің кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізетін адам. Кәсіптік дамыту – мұғалімнің белсенділігі және оқуға дайындығы. Көшбасшы болып есептелетін мұғалімдер оқу үдерісін жетілдіру мақсатында түрлі шараларға әріптестерін тарта отырып, мектеп мәдениетін арттыруға тырысатын адам. Иә, сондай көшбасшы ұстаз біздің де ұжымымызда абыройлы, табысты еңбек етуде. Ақтоғай ауданына ...

Читать далее »

Ұстаз ісімен өнеге

    Жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу жолында жемісті жұмыс істеп келе жатқан Қарағандыдағы байырғы мектептердің бірі – №65 орта мектеп. Бұл мектепте даңқты жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИН тәлім алған. Бүгінде білім ордасында мың жарымнан астам оқушы білім алуда.      Ұрпақты тәрбиелеу ісімен жүзден аса ұстаз тер төгуде. Жетістіктері де аз емес. Бұл істе, әрине, мектеп директоры Бекбай Әзибекұлы Смағұловтың еңбегі бір төбе. ...

Читать далее »

Бақ жұлдызы жанған ел

      Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлағалы отыр. Осы уақыт аралығында Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. Ата-баба аманат еткен асыл мұраны жалғастырар ұрпақ өсіп келеді. Осы орайда Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздық қызмет атқарып жүріп, өскелең ұрпаққа елін, жерін сүюді бойына сіңдіру парызым деп білемін. Мереке қарсаңында мектебімізде түрлі ...

Читать далее »

Өз жерімізде өгейдің күйін неге кешеміз?

      Екі тізгін, бір шылбыр – өзі­мізде. Бөркімізді аспанға атып келеміз ширек ғасыр. Сөйте тұра, кейінгі кезде көптің, көп ішін­дегі біздің көкейімізді тескен бір жайт бар. Ол – Қарағанды қаласындағы мектептерде ана тілімізде білім алу ахуалы. Рас, бір кездері сеңдері сірескен орыс тілді мектептер ырымын жасап, бастауышқа қазақ тілді сыныптар қабылдап келеді. Мұны жоққа шығармаймыз. Бірақ, ол ырымнан ...

Читать далее »

Кәсіби құзыретті тұлға

Елімізде іске асырылып жатқан реформалар білім ошақтарының білім беру мазмұнын жаңа сапалық тұрғыдан дамыту тұрғысында маңызды мәселеге айналып отыр. Тұлғаны жан-жақты дамытуда нарықтық қатынастарға еркін араласу – интеллектуалдық және кәсіби сапалық жағынан әлемдік бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлап шығаруды міндеттейді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір бола­шақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында ...

Читать далее »

Жаңашылдық үлгісі – қосымша білім беру

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер қосымша білім берудің маңызын арттыруда. Қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептер базасында балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандыра бермек. Осы мақсатта балаларға қосымша білім беретін педагогтардың облыстық әдістемелік бірлестігі меңгерушілерінің нұсқаулық отырысы өтті. Жиынға Қарағанды гуманитарлық колледждегі оқу орталығының көркем­өнер бөлімінің және Тәттімбет атын­дағы колледждегі тәжірибе ...

Читать далее »