Главная » Руханият

Руханият

Қарттар үйі қайдан келген?

      Қарттар үйіне келсем жаным жабырқайды. Өйткені, мұндағы ата-әжелер де кезінде бала-шағасын өсіріп, жеткізген аяулы ата-аналар. Кейбірінен бала-шағасы бас тартса, бірі бауыр еті – баласының көрсеткен қорлығынан қашып келген. Бұл жерде асқар тау әкенің үміті, қаншама ананың арманы жатыр… Жаңа жылда сауда орталығында жеті жасар баланың әкесін жұлқылап, жылап отырғанын көрдім. Бағасы – 70 000 теңге тұратын ойын құрылғысын сұрап ...

Читать далее »

Патриоттық тәрбие – шыңдайды

     «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген Әбу-Насыр әл-Фараби сөзінің салмағы күн өткен сайын артып келе жатқанын бүгінгі уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің басы әуелі отбасы, ата-ананың қасында болса, балабақшадан кейін басты өнегені мектеп қабырғасы беретініне ешкім дау айта алмасы анық. Қазір жаһандық дамудағы ғылыми-технологиялық жетістіктердің арқасында ақпарат кеңістігіне қол жеткізу мүмкіндігі тіптен оңай. Ғаламтор ...

Читать далее »

Әлекеңнің бір еңбегі

     Ә.Бөкейхан Алаш азаматы ретінде өз заманының бірқатар көкейкесті маңызды салаларынан ой қозғап, қалам тербеген. Оның көтерген мәселелері бүгінгі күні де өз мәнін жойған жоқ. Керісінше, бұрынғыдан да зор маңызға ие болуда. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, орман-тоғайын, қысқасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу мақсатында бес ғылыми зерттеу экспедициясының жұмысына араласқан. Бұлардың бірі – экология, табиғат пен жер байлығын ...

Читать далее »

Ұстазға құрмет

    Облыстық оқу әдістемелік орталығында КСРО оқу ісінің үздігі Рашит ХАСЕНОВ атындағы мұражай ашылды. Мұражай Қарағанды өңірінің білім беру жүйесінің даму барысынан сыр шертеді. Жалпы, облыста білім беруге қатысты тарихи мұражай ашуды алғаш 2017 жылы облыстық білім басқармасы ұсынған. Бұл бастаманы педагогикалық еңбек ардагерлері мақұлдап, мұражай ісі, білім беру саласы, ақпараттық технологиялар мамандары қолдау білдірген. Облыстың білім саласының дамуына еңбегі ...

Читать далее »

Араб елін Қыпшақтан шыққан 25 сұлтан басқарған

   Бір заманда Бейбарыс сұлтан бабамыз жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген. Мәмлүк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткеннен кейін Бейбарыстың асқан қайраткерлігі мен батырлығының ар­қа­сында ата мекенімен қауыш­қан. Оған мысал, Бейбарыстың дәуірінде ғұмыр кешкен тарихшы Вильгельм Тайпольский де оған: «Бейбарыс – жауынгерлігі жа­ғы­нан Гай Юлий Цезармен ...

Читать далее »

Соңғы Абыз

Ұзын аққан Сарысуды, Өзің жайлап, жағала. Жүйрік пенен жорғаңды Өзің мініп бағала, – деп қазақтың жері менен байлығын тек қазақ иеленсе деген ойда зар қағып, «қазақ даласының тасы қазақ баласының жейдесіне түйме болып қадалсын» (Әлихан Бөкейхан) дегенді ол баста армандап кеткен әдебиеттегі зар заман ақындарының басында тұрған жырау Шортанбай Қанайұлы еді. Атақты Тұрсынбек Кәкішев «Шортанбай – ұлы дарын, шындықты деңгейінде ...

Читать далее »

«Тұлпармын талмау тұстан қастық көрген»

АРҚАР ( Қазақтың қабырғалы қаламгері шетел асты)   Арқада қысың жайлырақ болса, Арқардың ауып несі бар? Мұнарға батып ай құлақтанса, Сан арқар әлі жосылар.   Ақсақ ойылып, асықты қиған Көкшегір мұзды қысың бұл. Асылды алып, жасықты құрбан ететін жұттың ісін біл. Халқына бейне қалқандай еді Қаламы – қару-жарағы. Арқарды қойшы, Арқардай, әне, Азамат ауып барады.   Ысқырған қыстың ызғырығы                                               ...

Читать далее »

Құмай жылғы қырандар

     «Ит – жеті қазынаның бірі». Осынау Ит жылы туғандардың қатарында да Қазақтың қара нарлары бар. Арқадан ат оздырған тұлғаларға газеттің «Білгенге – маржан» айдарында кезек бердік… Қазақтың Тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров Ит жылы (1946 жылы) өмірге келген екен. Біртуар Батырымыз туған өлкесі – Қарағанды аймағындағы мерейтойларға арнаған құттықтауларын, халыққа деген ақ тілегін «Орталық Қазақстан» газеті арқылы жолдауды ...

Читать далее »

Қазақ ханымдары

Жаған-бегім ханым – Жәнібек ханның жары, Қасым ханның анасы Аққозы-бегім ханым – Шах-Бұдақ сұлтанның (Әбілқайыр хандығы) жары, Мұхаммед Шейбанидің (Шейбанидтер хандығы) анасы Сүйінбике ханым – Жәнібек ханның қызы Аманбике ханым – Жәнібек ханның қызы Дадым-бегім ханым – Бұрындық ханның қызы, Шығай ханның жары Михр сұлтан ханым – Бұрындық ханның қызы, Мұхаммед Темір сұлтанның (Шейбанидтер хандығы) жары Ханық сұлтан ханым – ...

Читать далее »

Қараша үйден ханша шығар

Оның іштей не ойлағаны барын білмеймін. Бірақ, тірі жанға зияны жоқ. Жесір әйел. Біз су алатын құдық жесір әйелдің ауласында болатын. Сумен ойнамаңдар дейтіні үшін, бәріміз оны «қара кемпір» атадық. Сабырлы жан еді. Бірде маған тілі тиді. Жылап қайттым. Ұйқымнан оятқан атам ханшайым туралы ертегі бастады. «… Кішкене ханша әдемі бақшаның жанынан өтіп бара жатып гүлдердің арасына өскен тікендер мен ...

Читать далее »