Главная » Мезгіл мәселесі

Мезгіл мәселесі

Отандық дүкен неге опа бермеді?

         Екі ұртымызды бұртита айтатын «бренд» сөзі сәнге енгелі «қазақтың бренді анау, бренді мынау» дегенді жиілетпесек, әзірге сиреткеміз жоқ. Бұдан биліктегілер де құр қалмады. «Қазақстанда жасалған» маркасы да брендке айналсын деді. Бып деген бұқара жоқ. «Болса, болсын» десті. Құп алды. Әсіресе, Қазақстанда жасалған отандық өнімдердің, соның ішінде, текстильді тауарлардың  дүкені Қарағандыда ашылғанда кәдімгідей ішімізде неше жыл сіресіп қатқан тоң жылып ...

Читать далее »

Кентте биыл да су тапшы

           Балқашқа қарасты Жұмысшылар кенті биыл да су тапшылығын тартып отыр. Қыс түскелі кентте ауыз су табу мұңға айналды. Осындағы елдің кәдесіне жарап келген жеті-сегіз су шүмегі (колонка) қарашадан қажетсіз. Өзегіне мұз тұрған. Қазір шелегін ұстаған бұқара қалған қос «колонканың» асты-үстінде. Күн қабақ шытса, баласындай қымтайды… Жұмысшылар кентін ел арасында «Рабочий поселок» дейді. Бірыңғай жеке үйлер. Арасында суды үйге кіргізіп ...

Читать далее »

Балқаш экологиясы: көңілді күпті қылған маңызды мәселе

Аңызды аңдатқанда Томонимдік түбірін түгендесек, “balkas” сөзі қазақ, татар, алтай тіліндегі бір нұсқасында “томар басқан шалшық” немесе “шалшықтағы томар” мағынасын береді екен. Қазақ тіліндегі “балқыту” сөзінің этимологиясына үңілсек, қызуы бет қаратпайтын, бабымен піскен ақжалқын балқыма көз алдыңа келеді. Оны энеолит және ерте қола дәуіріндегі ежелгі металлургияның ошағы ретінде Балқаш жағалауын зерттеген академик Ә.Марғұлан экспедициясының археологиялық дерегі де дәйектейді. Ертеректе Балқаш бойының ...

Читать далее »

Қамданған қапы қалмайды

     Қарағанды облысы қарғын суға сақадай сай. «Қазгидрометтің» айтуынша, ақпан айында қардың түсуі қалыпты нормадан аспайды. Десек те, өзен арналарын қалыпқа келтіру үшін 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып, Бұқар жырау, Қарқаралы және Осакаров аудандарында 4 су қоймасының құрылысын салу қарастырылуда. Қазірдің өзінде облыс бойынша су тасқынына қарсы бірқатар іс-шаралар басталып та кеткен. Мысалы, жыл сайын су тасқынынан зардап ...

Читать далее »

КӨМІР – ӨМІР

                        Бұл – бүгінде аксиомаға айналған теңеу. Әсіресе, биыл: жылу беру маусымы басталған бетте белгі берген “көмір жыры” әзір басылатын түрі байқалмайды. Кезінде “қымбат!” деп қиғылықты салған кейбіреу, енді ақшасына таппай жүр… Елдің Энергетика министрлігі аймақтағы көмір өндіру мен жөнелтуде қалыптасқан жағдайды жан-жақты көрсету мақсатында үш облыста қолына қалам ұстағандар үшін саяхат (пресс-тур) ұйымдастыратынын естігенде елең ете қалғанымыз сондықтан. Балқашта ...

Читать далее »

Жылу жүйелі берілуде

            Өткен жұма күні Қарағанды қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Сәбит ОСПАНОВТЫҢ төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. Күн тәртібіне қойылған мәселе – облыс орталығындағы коммуналдық қызмет көрсету ұйымдарының қыс маусымы кезінде атқарып жатқан қызметін саралау. Шараға қатысушылар қатарында Қазыбек би ауданының әкімі Татьяна Шатохина, Октябрь ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сәтбек Әбдіхалықов, Қарағанды қаласындағы коммуналдық қызмет көрсету ұйымдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының ...

Читать далее »

Тексеріс жүргізілуде

                                Қарағандыда санитарлық дәрігерлер базарлар мен сауда үйлерінде рейд жүргізуде. Сатушылар мен сатып алушыларға А гепатитінің алдын алу туралы ақпарат жазылған парақшалар таратылуда. Осындай рейдтердің бірі «Шығыс» базарында өтті. – Біз насихат-түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Гигиена ережелері туралы, ауру қаупін қалай төмендетуге болатыны туралы айтудамыз, – дейді Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің азық-түлік нысандарын санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің жетекшісі ...

Читать далее »

Не артық: қой баққан, әлде ой баққан?

     Әлемнің озық отыз елінің қатарынан қалмаймыз деп, барымызды киіп, бақанымызды асынған қазіргі тұста экономиканың бар саласы көштен қалмай, керуенін түзеуі тиіс. Берісі – қойын құрттап, қозысын жамыратқан алақандай ауылдар, әрісі – инвесторлар үшін бәсекеге түсетін әйдік қалалардың «ақылдылығына» дейін. Әлбетте, әлемнің отыз елі десек, құс сүтінен басқа игілік пен жақсылықтың бәрі табылатын өркениеттің өрінде тұрған елдер көзге елестейді. «Қазақстандық ...

Читать далее »

Қаңтар – қаһарлы

     Қалпақ пана болмас қаңтар келгелі табиғат тосын мінез танытты. Осы аптаның ортасында тоқтаусыз жауған қар қарағандылықтарды әбден әбігерге салды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қарағанды облысында батыстан соққан жел 20-25, кей жерлерде 30 м/с дейін күшейген. Боран, ұйытқып соққан желден «Егінді­бұ­лақ-Қарағанды» бағытындағы жолаушылар автобусы аударылып салдарынан 3 адам жараланған. Жол апаты Бұқар жырау ауданындағы «Қарағанды-Ая­гөз-Бұғаз» тас жолының 103-шақырымында, Шешенқара кентінен 15 ...

Читать далее »

Ет сасыса – тұз себеміз, су сасыса не себеміз?

Ақысын  ай сайын төлесе де, жылы сумен жібі түзу жарытпаған жауапты ұйымдарға Қарағанды жұр­тының өкпесі – қара қазандай. Шүмектен шыққан ыстық судың «түрлі-түрлі»  иісі  қарағандылықтарды түңілдірген. Амал жоқ, тұрғындар тас­түйін  жергілікті билікке жүгінген-тін. Обалы нешік, билік бірден әрекетке көшті. Ат төбеліндей комиссия құрып, тұрғындардың әлеуметтік желіде жиі жарияланған өкпе-назының ақ-қарасын анықтауға бел буды. Соған орай, желтоқсанның соңғы жұлдыздарында судың сапасын ...

Читать далее »