Главная » Билік (страница 3)

Билік

Жас дәрігерлерге қамқорлық

     Қарағанды облысының Балқаш қаласында 18 жас медицина қызметкерлері қоныс тойын атап өтті. Баспана ретінде сыйлықты олар қаланың мерейтойы қарсаңында алды. Жаңа пәтерлердің кілттерін дәрігерлерге аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ металлургтер қаласына сапары барысында табыс етті. – Бұл қаланың 80 жылдығына қарсы өте жақсы сыйлық. Сондай-ақ, мен Балқаш қаласының басшылығын да құттықтағым келіп отыр. Себебі, сіздерде енді мамандар тапшылығы мәселесі де ...

Читать далее »

Жөндеу жұмыстары – жіті назарда

   Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды қаласы Құрылысшылар даңғылы бойындағы жылу магистралін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысымен танысты.. Құрылысшылар даңғылы бойындағы жылу магистралі осы жазда жөнделе бастады. Әу бастан-ақ барлық жұмыстар, жоспарға сай басталмады – мердігерлер арасында сот дауы туындағандықтан, жұмыстың басталуы кейінге шегерілді. Материалдарды жеткізушімен де келесімшарт осы себеппен 10 тамызда ғана жасалды. Сол уақыт аралығында жеткізудің бір ...

Читать далее »

Құрметті облыс тұрғындары!

Көпұлтты Қазақстан халқы үшін, соның ішінде, көпұлтты Қарағанды облысы үшін Қазақстан халқы тілдері күнінің маңызы өте зор. Қазақстан – жүзден аса ұлттар мен ұлыстар бейбітшілік пен келісімде, бірлік пен достықта өмір сүретін мемлекет ретінде тарихи қалыптасқан және бұл – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, жауапты тіл саясаты қоғамды біріктіруші фактор болып табылады. Бірліктің нәтижесінде, еліміз қазақстандық патриотизмнің ...

Читать далее »

Ашық әңгіме, байыпты байлам

    14 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық және Қазақстанда тіркелген бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның өкілдері үшін бас­пасөз мәслихатын өткізді. Жиынға 50-ден астам қа­зақ­стандық және шетелдік бұқа­ралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Онда Мемлекет басшысы елімізде өткен халықаралық іс-шара­ларды қорытындылап, журналистер тарапынан қойылған сұ­рақ­тарға жауап берді. Әрине, еліміз үшін биыл­ғы жылдың басты оқиғасы – ерекше елдік шара «ЭКСПО – ...

Читать далее »

Өлке өнері биіктен көрінді

    «ЭКСПО – 2017» Көрмесінде өткен қарағандылық жұлдыздардың гала-концерті үлкен табысқа ие болды. Ұйымдастырушылардың мәл­ім­деуінше, «ЭКСПО» Амфитеатрына шамамен 10 мыңдай көрермендер жиналған. Ауа райының күрт өзгеруі мерекеге кедергі болмады. Көрермендер сахна маңынан қойылым аяқталғанша ұзамады. Бұл мереке Қарағанды облысының Мәдениет күндері шеңберінде ұйымдастырылған болатын. Аймақтағы өнер майталмандары мен Қазақстан эстрадасындағы жерлестеріміз бірігіп өнер көрсетті. Концертті ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, ...

Читать далее »

Қымбатты облыс тұрғындары!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ғасырлар қойнауынан жеткен осынау ұлық мереке әлемдік ауқымдағы өзге де діндер сияқты ислам дінінің негізінде де әділдік, мейірімділік пен ізгілік сынды адамзаттық асыл құндылықтардың жатқандығын айғақтайды. Еліміздегі аса ірі аймақтардың бірі Қарағанды облысының мұсылман қауымы да өзге дін өкілдерімен қатар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен елімізді көркейтіп, гүлдендіру, оның бай мәдени және ...

Читать далее »

АЙМАҚ ӘЛЕУЕТІН ЕСЕЛЕУ БАҒЫТЫНДА

     Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен Ақмола облысындағы Бурабай кентінде өткен жиналыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ бейсенбі күні селекторлық жиын өткізді. Мәжілісте аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру турасында бірқатар нақты тапсырмаларды тиісті органдарға міндеттеді. Жиынға облыстық басқармалар басшылары және қалалар мен аудандар әкімдері селекторлық режимде қатысып отырды. Облыс әкімі Қаражал қаласы және Жәйрем ...

Читать далее »

Нәтижелі жұмыс – сапалы көрсеткіш

    Кеше жыл сайынғы педагогтардың дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Әр оқу жылында жылдағыдай жаңалық енгізумен емес, кейінгі екі жылда жүргізілген өзгерістерді одан әрі дамытып, сапаға жұмыс жасауға шақырды облыстың педагогтар қауымын биылғы кеңес. Ұстаздар қауымы бас қосқан алқалы кеңеске аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ арнайы қатысты. Педагогтардың рөліне ерекше тоқталып, келер оқу жылында атқарылар шараларды нақтылап, арнайы тапсырмалар берді. Кеңестің тақырыбы ...

Читать далее »

Қаздауысты Қазыбек би Кел­дібекұлының 350 жыл толуына арналған мерейтойға қатысушыларға!

Қадірлі ағайын! Қазақ халқының үш биінің бірі – Қаз­дауысты Қазыбек би Кел­дібек­ұлы­ның 350 жылдық ме­рейтойы құтты болсын! Қаздауысты Қазыбек бабамыз – ұлтымыздың та­ри­хын­да алтын әріппен жазылып қал­ған қай­рат­кер тұлға.  Қазақ хан­дығы дербес шаңырақ көтеріп, іргесін бекіте бастаған тұста әз Тәу­ке ханның үш биінің бірі болған бабамыз өзінің әділ де көреген қасиетімен ел аузында аңызға айналды. Қаздауысты Қазыбек бидің: «Қазақ деген ...

Читать далее »

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! Қымбатты спортшылар және спортсүйер қауым!

Біздің елдің спортшы қауымы ертең өздерінің кәсіби мерекелері – Спорт күнін атап өтеді. Бұл мерекені біздің де жүз мыңдаған азаматтарымыз жасы мен кәсібіне қарамастан ортақ мереке ретінде атап өтеді. Олар үшін спорт, дене шынықтыру өмірлік ұстанымына айналған. Салауатты өмір салтына еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ерекше мән беретіні баршаға мәлім. Салауатты өмір салтын насихаттау, спорттағы жетістіктеріміздің дәстүрін сақтау адамгершілік құндылықтардың ...

Читать далее »