Главная » Билік (страница 2)

Билік

Мақсатты индикатор – оң динамика

Бейсенбі күні облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Астанада өткен Парламенттік тыңдау аясында Қарағанды облысының денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы баяндады. Халық қалаулыларының алдында сөз алған аймақ басшысы «Облыстың денсаулық сақтау саласының жұмысын ұйымдастыруда екі мақсатты бағдарға алып отырмыз: олар – медициналық көмекті қолжетімді ету және тиімділігін арттыру. Облыстың денсаулық сақтау саласын дамыту жолында өңіріміздің ерекшеліктерін де ескердік», – деді. Мәселен, өңірлік ...

Читать далее »

Ғасыр ғалымына – асыл құрмет

Жақында облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ «ХХ ғасырдың ғұлама ғалымы», профессор, Халықаралық «Қазақ тілі» Қоғамы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Темірғали КӨКЕТАЙДЫ қабылдап, 80 жасқа толған мерейтойына орай лайықты құрмет көрсетті. Ғалым Темірғали Әбілдаұлы – Қарағандының ғана емес, мұқым қазақтың мақтанышы. Әйтпесе, қазақтың қай ғалымы Оксфордта дәріс оқып, әйгілі Кембридждің таңдауына ілініп, «ХХ ғасырдың ғұлама ғалымы» атанып еді. Академик Ебіней Бөкетовке лайықты ...

Читать далее »

Халық қалаулылары – Қарағанды облысында

Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін тұрғындарға түсіндіру мақсатында аймағымызға арнайы келген ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісі депутаттарымен кездесті. Астанадан ат басын бұрған ҚР Парламентінің Сенат депутаттары қатарында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Ким, аталған комитеттің хатшысы Дулат Құсдәулетов, комитет мүшелері Рашид Түсіпбеков, Рысқали Әбдікеров, Сәуле Айтпаева, ...

Читать далее »

Азаматтарды қабылдады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов облыс тұрғындарымен, оның ішінде, жыл сайын өтетін есептік кездесуде сұрақ қойғандармен кездесті. Сол кезде аймақ басшысы көтерілген мәселелерді облыс әкімдігінде өтетін өзінің жеке кездесуінде тағы бір мәрте талқылауға уәде берген болатын. Бүгінгі басқосуда көбінесе тұрғын үй, мешіт құрылысы, кері талап төлемдері және қорық құру мәселелері туралы әңгіме қозғалды.  Евгений Архипов бастаған кері талап қоюшылар тобы ...

Читать далее »

Шағымға шара қолданылды

Қарағанды облысы әкімінің есептік кездесуінде тұрғындар көктемгі уақытта Федоров су қоймасының маңындағы саяжайларды еріген қар суы басып кететінін айтып, шағымданған болатын. Аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ саяжай иелерімен кездесіп, мәселені өз көзімен көрді. Федоров су қоймасының жанында сегіз қауымдастық бар. Соңғы жылдары саяжайлардағы үйлер мен бақшаларды көктемгі уақытта үнемі су басып қалады. «Наука» саяжай қауымдастығының төрағасы Любовь Рыбинаның айтуынша, 2015 жылы ...

Читать далее »

Жол жағдайы – назарда

Көлік инфрақұрылымын дамыту – әлеуметтік әрі экономикалық маңызды мәселе екені даусыз. Тіпті, қала жағдайын автомобиль жолдары арқылы да бағамдауға болады. Қарағанды қаласында соңғы екі жылдың өзінде 10 млрд.467,9 млн.теңгеге 140,8 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарының 98 учаскесіне жөндеу жұмыстары жүргізілген екен. Ал, биылғы жылы 91,6 шақырымдық 70 учаске жөнделеді дейді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. ...

Читать далее »

Экология – ел тағдыры

Сейсенбі күні Теміртауда облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ қатысуымен «Теміртау қаласының және Қарағанды облысының өнеркәсіптік қалаларының қоршаған ортасын сауықтыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Теміртау қаласының атмосфералық ауа жағдайы мәселелеріне арналған дөңгелек үстелді Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева жүргізді. Жиынды ашқан аймақ басшысы атмосфералық ауа қабатының қарағандылықтар мен жергілікті билік үшін өзекті екенін алға тарта отырып, жағдайды жақсарту мақсатында ұтымды ...

Читать далее »

«ШАХТЕРГЕ» сенім зор

Дүйсенбі күні облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ «Шахтер» футбол клубының басшылығы мен ойыншыларын қабылдады. Клубтың биылғы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады. Кездесу барысында Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсетіп жүрген жерлестеріміздің жаңа маусымға әзірлігі, бүгінгі хал-ахуалы әңгіме болды. Осы жылы «Шахтер» футбол клубына былтырғы нәтижені жақсарту жөнінде міндет қойылуда. 2011-2012 жылдары Қазақстан чемпионатында «Шахтер» топ жарып, екі дүркін чемпион атанды. Естеріңізде болса, былтырғы маусымда ...

Читать далее »

Теміртау төрінде – төл мейрам

Өткен апта Теміртау көгін қазақы рух кернеді. Әсем ән қалықтап, әуезді күй күмбірледі. Апта басында басталған Наурыз тойы бейсенбі күні қорытындыланды. Қала орталығындағы «Металлург» стадионы алдындағы алаң мерекелік думанның ордасына айналды. Осы жерге шаһар жұртшылығын құттықтауға қала әкімі Ғалым ӘШІМОВ арнайы келді. Құрыш қала тұрғындары таң бозынан спорт нысанының алдына жиналды. Алаң ортасынан әдемі безендірілген сахна орын алып, жергілікті өнерпаздар ...

Читать далее »

Аймақтағы ахуал – қатаң бақылауда

Қарағанды облысында көктемгі су тасқыны басталғалы үш елді мекенде 12 тұрғын үйді су басудың алды алынды және автомобиль жолдарының төрт бөлігінде су жүру жойылды. Мұз кептелістерін болдырмау үшін Нұра өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ төрағалығымен өткен аппараттық жиналыс барысында мәлім болды. – Жауын-шашын көп жаууына және қар еруіне байланысты 21-24 наурыз аралығында облыста еріген су ...

Читать далее »