Главная » Билік (страница 10)

Билік

Облыста – кадрлық өзгерістер

      Аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облыстық мәслихаты сессиясында өзінің екі жаңа орынбасарын таныстырды. Облыс әкімінің орынбасары қызметіне Алмас   АЙДАРОВ тағайындалды. – Басқа қызметке ауысуына байланысты менің орынбасарым Марғұлан Кәрібеков лауазымынан босатылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің инвестиция, өндіріс, шағын және орта бизнесті дамыту салаларына жетекшілік ететін орынбасары қызметіне Алмас Айдар­ұлы Айдаров тағайындалды, – деді Ерлан Қошанов. Алмас Айдаров ...

Читать далее »

Мүмкіндігі – жаңа, жетістігі – дара

    Қарағанды облысы ғана емес, ел көлемінде «атағынан ат үркетін» Қарағанды облыстық онкологиялық диспансері 1945 жылы ашылған. Содан бері салтынан жаңылмай, соңғы үмітке сүйенгендерге сапалы қызмет көрсетіп келеді. Кейінгі кезде жағдайы нашарламаса да, ғимараттың тарлық етуіне байланысты заманауи емдеуде озық құралдарды пайдаланып, ота жасауда қолбайлау болған проблемалар аз емес. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыстың бірқатар медицина мекемелерін аралаған облыс әкімі ...

Читать далее »

Логистикалық орталық қадасы қағылды

    Қарағандыда тағы бір үр жаңа заманауи нысан бой көтереді. Ол – азық-түліктің көтерме-үлестіру логистикалық орталығы. Аумағы 20 гектар жерді қамтитын орталық жобасының инвесторы – кәсіпкер Анвар ОСИН. «Альфарух» ЖШС жобаны іске асыруды 2017-2019 жылдарға жоспарлаған. Екі кезеңнен тұратын жобаның құны – 10,5 млрд.теңге. Құрылысқа кәсіпкердің жеке инвестициясы мен несиеге алынған қаражат құйылады. Ал, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы ...

Читать далее »

Мәрт Генаның пейілі

Туған жерге ат басын тіреген Геннадий ГОЛОВКИН осы сапарында жағымды жаңалығын ала келді. Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВПЕН кездескен боксшы Қарағандыда балалар спорт алаңын тұрғызатынын жеткізді. Жаңа алаң Майқұдықтағы 14-ші шағын ауданда салынады. Құрылыс жұмыстары чемпионның есебінен жүргізіледі. – Ел Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде бастама көтерді. Кәсіпкерлерді, табысты азаматтарды өздерінің кіндік қаны ...

Читать далее »

Майқұдық жұртына – тамаша тарту

   Сәрсенбі күні Майқұдыққа кіріп-шығу мұң болды. Жол үсті сірескен көлік, көше бойлай жаяу сабылған жұрт. Себеп – жалғыз. Даңқты Геннадий ГОЛОВКИН келді. Мықтылар мекені – Майқұдықта боксшының есімі берілген спорт кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ та арнайы қатысты. Майқұдықтағы Белинский көшесінде орналасқан кешен алдына күн еңкейе он мыңнан астам адам жиылды. Жерлестерінің Генаға деген құрметі – ...

Читать далее »

Шам жанады Күнменен

    Кеше «ЭКСПО– 2017» Халықаралық көрмесі аясында Саран қаласында Орталық Азиядағы қуаты 100 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы басталды. Салтанатты рәсімге қатысқан облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ құрылыстың іргетасына капсула орнатты. Жалпы құны – 139,5 млн.еуроны құрайтын «SES Saran» ЖШС жобасы – «Жасыл энергетика» саласындағы Чехия мен Словакия елдерінің инвесторлары арқылы жүзеге асады. Құрылыс 200 адамды жұмыспен қамтымақ. Жобаға еліміздегі ...

Читать далее »

Міндет – індетті таратпау және ошағын анықтау

Нұра ауданының екі елді мекенінде ірі қараның ауруы тіркелді. Мыңбаев ауылында 21 ірі қара, соның ішінде, 7 бұзау өлген. Алдын ала мәліметтер бойынша, мал пастереллезбен ауыр­ған. Жағдай туралы Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов түсініктеме берді. «Мыңбаев ауылында 1 маусым­да бір бұзау ауырып, сол күні өлді. Болған жағдай туралы облысқа хабарладық. 2 маусымда ветеринария инспекциясы және ветеринария басқармасы басшыларымен мамандар оқиға ...

Читать далее »

Аграрлық сектор экономиканың драйверіне айналуы тиіс

  Жұмада аграршылармен бейнебайланыс арқылы жүздескен Ауыл шаруашылығы министрі Асқар МЫРЗАХМЕТОВ көптің көкейінде жүрген көп сауалға жауап берді. Былтырғы жылды түйіндеп, биылғы жоба-жоспарларды баяндады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, шаруа қауымының қарекетіне қан жүгіртер ілкімді істер аз емес секілді. Негізі, агрокешен – экономиканың драйверіне айналатындай қор бар елде. Соны тиімді пайдалану үшін қайтпек керек? Сондықтан, кездесуде шаруагердің шаруашылығын шыр айналдыруға ықпал ететін ...

Читать далее »

Құрметті облыс тұрғындары!

25 жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимніміз бекітілді. Осынау атаулы күн жас мемлекеттің бас­ты мерекелерінің біріне айналды. Мемлекеттік Рәміздер ұлттық абыройдың нышаны ретінде сақталып қала береді. Олар өткен тарихтан сыр шертіп қана қоймай, елдің бейнесін әлемге танытып, ұлттық-мәдени біртектілікті, маңызды және жарқын бастамаларды жария етеді. Мемлекет басшысының «Мемлекеттік Рәміздер – бұл ...

Читать далее »

Қамқор жүрек пейілі

   Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Балаларды қорғау күні мерекесіне орай Қарағандыдағы «Таңшолпан» балалар үйіне арнайы барды. «Таңшолпан» – еліміздегі отбасылық үлгідегі алғашқы балалар үйі. 2001 жылы құрылған. Бүгінде мұнда ата-ана қарауынсыз қалған 7-18 жас аралығындағы 98 бала тәрбиеленуде. Олар 8 отбасылық топқа бөлінген. Балалар үйінде шеберхана, шығармашылық және дыбыс жазу студиялары, радио және фото үйірмелер бар. Түрлі спорттық секциялар жұмыс ...

Читать далее »