Главная » Билік » Облыс әкімі (страница 10)

Облыс әкімі

Өңірді дамыту – өзекті мәселе

    Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің абаттандырылуы және көгалдандырылуы бойынша өткізілген бір айлықтың қорытындысы, қысқы маусымда төтенше жағдайларды ескерту бойынша жұмыс, Мемлекет басшысы тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, қосалқы шаруашылықтарды пайдалану және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі берілген тапсырмалардың орындалуы сынды өзекті үш мәселе қаралды. Облыстың энергетика ...

Читать далее »

Қауіпсіздік – басты назарда

  Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен өткен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысында өрт қаупі бар кезеңді еңсеру және суға түсу маусымының аяқталуы туралы қорытынды жасалды. Облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшысы Ибрагим Күлшімбаевтің айтуынша, жыл басынан бері өрт саны 59%-ға төмендеп, аумағы 19 есеге азайды. Биыл 8 мың гектар аумақта 151 өрт тіркелді (2015 жылы 154 мың 723 гектарда 370 ...

Читать далее »

Облыс тұрғындарының белсенділігі

Қарағанды облысындағы заңдастырылған мүліктің жалпы сомасы 43 млрд. теңгені құрады. Бұл активтердің негізгі дені – қаржылай қор. Мемлекеттік кірістер органдары 33,9 млрд. теңгені құрайтын 204 арнайы декларацияны ағымдағы шоттарға қаржы салу тәсілімен қабылдады. Тек, осы жылдың қыркүйек айының өзінде облыс тұрғындары 3,4 млрд. теңгені «көлеңкеден» шығарды. Қаражаттан бөлек, облыс тұрғындары ҚР-дан тыс жерлерде орналасқан мүліктерін, өзге тұлғаның атына жазылған мүліктерін ...

Читать далее »

Жер – қатаң бақылауда

Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде егістікке жарамды, сонымен бірге, суармалы игерілмеген жерлерді инспекциялық бақылау қызметтерінің тиімділігі мен нәтижелілігі туралы сөз етілді. Аталған мәселеге қатысты Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Саяш Ахметов баяндама жасады. Оның айтуынша, мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың ҚР Жер ...

Читать далее »

Құс фабрикасының аумағында шектеу қойылды

Абай ауданында «Орталық құс» ЖШС аумағында құстардың өлім-жітімі тіркеліп, олардың саны 16,283-ті құраған (жалпы көлемі – 800, 000). Құс фабрикасы директорының айтуы бойынша құстардың өлім-жітімі жаңадан жеткізілген жеммен азықтандырғаннан кейін басталған. Құстардың өлім-жітімі туралы ақпарат алынғаннан кейін Абай ауданының ветеринар мамандары оқиға орнына жетіп, қан сынамасын және патологиялық материалды алуды жүргізіп, оны «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы» РМК-ға жеткізген. Зертхана ...

Читать далее »

Жөндеу жұмыстары кестеге сай

Облыс орталығындағы жылу жүйесіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын аймақ басшысы Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ аралап көрді. Мемлекеттік бағдарламалардың шарапаты арқасында Қарағанды қаласының жылу желілері жаңару үстінде. Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Нұрлы Жол» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы облыста қарқын алуда. 2016 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде Ермеков көшесінен «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС-ға дейінгі, жалпы 1,8 шақырымдық жылу желісін ...

Читать далее »

Жылу беру науқаны басталады

Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Отырыста бизнеске қолдау көрсету және өңірдегі жөндеу жұмыстарының барысы қаралды. Облыстың кәсіпкерлік басқармасының басшысы Т.Аблаеваның айтуынша, бизнеске қолдау көрсетуде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының маңызы зор. Сондай-ақ, бұл бағдарламаға өңір кәсіпкерлерінің қызығушылығы басым. Бағдарламаны іске асыру 2010 жылы бастау алған. Осы уақытта облыс бойынша құны 119 млрд. теңгені құрайтын ...

Читать далее »

Жаңа жобалар қолдау тапты

2015-2019 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті қолдау картасы тағы екі жобамен толықты. Инвестициялық жобалардың құны — 14,5 млрд.теңге көлемінде. Бұл жобалар іске қосылғанда 367 жаңа жұмыс орны қамтамасыз етілмек. Бұл туралы облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ төрағалық еткен үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында мәлім болды. Кеңес мүшелерінің назарына ұсынылған жобаның бірі – «Saryarka Copper prosesing” ЖШС-нің «Мыс катодын шығаратын зауыт ...

Читать далее »

Ахуал қатаң бақылауда

22 қыркүйекте «№3 Автобус паркі» ЖШС әкімшілігі және кәсіпорын жүргізушілері мен кондукторлары арасындағы келіспеушіліктің салдарынан кейбір қалаішілік бағыттардың жүру кестесінде үзілістер орын алды. Нақты айтқанда, №53 («Оңтүстік-Шығыс автобекеті – Горняк»), №43 («30-шы ықшамаудан – 14-ші ықшамаудандағы автобекет») бағыттарында 20 автобус жолға шықпады. Мәселеге қатысты облыс және Қарағанды қаласы басшылығы тарапынан жедел шешім қабылданды. Бүгінгі таңда дау-жанжал шеші­мін тапты. Жағдай тұрақты, ...

Читать далее »

Эпизоотиялық ахуал қалыпты

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ аймақтағы эпизоотиялық жағдай бойынша кеңес өткізді. Аймақ басшысы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, ветеринариялық инспекция басшыларының есебін тыңдады. Балқаш пен Үшарал қыстағында күйдіргі дертінің тіркелуіне орай дәрігерлер үй-үйді аралап, 6 мыңға жуық адамды тексерістен өткізді.Анықталған деректер бойынша алдын алу ем шаралары жасалды. Медициналық мекемелер және ветеринарлық қызметтер жоспардан тыс тексерілді. Ақтоғай ауданының прокуратурасы об­лыстық аумақтық инспекциямен бірлесе, ...

Читать далее »