Главная » Билік » Облыс әкімі

Облыс әкімі

Жаңа кабинет – жастар игілігіне

    Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай кенті тірек мектебінің ресурс орталығында робототехникамен айналысуға арналған қазіргі заманға сай оқу кабинеті ашылды. Жаңа жабдықтарды мектеп оқу­шыларына «Шаг» академиясы сыйға тартты. Ол осы әлеуметтік жобаның серіктесі болды. Ноутбуктер мен Arduino UNO роботтарын құрастыру және бағдарламалауға арналған 10 негізгі жиынтықтарды «Робототехника» курсын оқып жатқан жоғарғы сынып оқушылары пайдаланатын бо­лады. Бұл дәрістер оқушылардың инженерлік машықтарын жетілдіріп, ...

Читать далее »

Сенімді басқаруға берілді

    Қарағанды облысында «Гиппократ» Медициналық фирмасы» ЖШС сенімді басқаруға екі емхананы алды: Қарағандының №2 емханасы мен Теміртау қаласының №2 емханасы. Денсаулық сақтау нысандары бәсекелестік ортаға жекешелендірудің екінші толқыны аясында берілді. Келешекте сатып алу құқығы бар сенімді басқаруға беру бойынша сауда 2017 жылдың 29 қыркүйегінде өтті. Келісімшарттар 2017 жылдың 13 қазанында жасалды. Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданы «3-ші Кочегарка» көшесінде орналасқан №2 ...

Читать далее »

Аудандағы ауқымды өзгерістер

   Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ жұмыс сапарымен Абай ауданында болды. Аймақ басшысы өңір активімен кездесіп, Абай ауданының жаңа әкімін таныстырды. Бұл қызметке Бауыржан АСАНОВ тағайындалды. – Өздеріңіз білесіздер, осы жылдың маусым айында Абай ауданының бұрынғы әкімі Серік Шайдаров облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Жалпы, Абай өңірінің дамуы жақсы қарқынға ие. Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүріп жатыр, жолдың жағдайын ...

Читать далее »

Ереуіл аяқталды

     «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталарындағы ереуіл аяқталды. Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошановпен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басинмен кездесуден соң бірінші болып жер бетіне Қазақстан шахтасының кеншілері шыға бастады. Содан соң Шахтинск, «Тентек» және Ленин атындағы шахталардағы жұмыскерлер көтерілді. Сағат 01.00-ге қарай барлық кеншілер (420 адамға жуық) жоғарыда болды. Кеншілерге жұмыс берушілер ұсынған шарттар – барлық жерасты қызметкерлері ...

Читать далее »

Ашық қоғамға – адал қызметші

    Бір жапырақ қағаз үшін қандай да болсын кабинеттің есігін күзетіп, араға тамыр-таныс салып, мәселені шешіп алу деген ұғым – өткен күннің көрінісі, ескінің белгісі болуы тиіс. «Электронды үкіметтің де» негізгі көздегені – осы. Қазір өзіңізге қажетті анықтамаларды, тіптен, үйде отырып-ақ қағазға басып шығаруға мүмкіндік бар. Әттегені, бұл механизмге бәріміз бірдей бет бұра алмай келеміз. Осыдан барып, жемқорлыққа жол беру ...

Читать далее »

Құрметті С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы!

Құрметті Сансызбай Нұрсиялыұлы! Сізді және көптеген көрерменнің махаббаты мен құрметіне бөленген С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымын 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттық­таймыз! 85 жыл – бұл шығармашылық өсімнің қалыптасуы, дәстүр сабақтастығы, жеңісті сәттер, даңқ пен ерен еңбектің жарқын көрінісі. Қазіргі күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры біздің өңірдің мәдени өміріндегі қара шаңырағының біріне саналады. Театр ...

Читать далее »

Құрметті облыс тұрғындары!

Қазан айының соңғы жексенбісінде қазақстандықтар дәстүрлі түрде кәсіби мереке – Әлеуметтік қорғау жүйесі  қызметкерлерінің күнін атап өтеді. Әлеуметтік қызмет саласының жұмысы шыдамдылық пен құрметті талап етеді. Бұл саланың мамандары зейнеткерлерге, мүгедектерге, қолдау мен көмекке мұқтаж адамдардың барлығына қашанда көмек көрсетуге әзір. Олардың еңбегі өте қажет және ізгілікті жұмыс болып табылады. Жалғызілікті адамдармен, өмірдің әртүрлі күрделі жағдайларына тап болған жандармен жан ...

Читать далее »

Ұстаздар ұлықталды

    Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ білім беру саласы қызметкерлерін құттықтады. Облыстың білім саласын дамытып, оның қарыштап дамуына үлес қосып, еңбегімен ерекшеленген мұғалімдерді марапаттады. – Анадан кейін ұстаздың орны ерекше. Мұғалім білім беріп қоймай, әр адамның жүрегінде жарқын із қалдырады. Өмірдің мәні мен мағынасын, адалдық пен парасаттылықтың не екенін ең алдымен ұстаз үйретеді. Бұл күн Сіздер үшін ...

Читать далее »

Құрметті ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері!

Ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша қыркүйектің алғашқы жексенбісінде біз үшін орны ерекше кәсіби мерекелердің бірі – Мұғалім күнін атап өтеміз. Бұл мереке – шынымен де бұқаралық мейрам. Себебі, біздің әрқайсымыз оқушы болдық. Әрқайсымыз­дың кеудемізде өзіміз жақсы көрген ұстаздың жылы бейнесі, оларға деген сүйіспеншілік сезімі сақталған. Сіздердің терең білімдеріңіз, мол тәжірибелеріңіз, азаматтық ұстанымдарыңыз алдарыңыздағы оқу­шыларыңыздың үлкен өмірге азамат ретінде толық қалыптасып қанат ...

Читать далее »

Құрметті зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлері!

Қазақстан жыл сайын 1 қазанда дәстүрлі түрде Халық­аралық қарттар күнін атап өтеді. Бұл мереке халқымызда ежелден ерекше құрметке ие ынтымақтастық пен ұрпақ сабақтастығын білдіреді. Аға буын өкілдеріне деген құрмет – Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін білесіздер. Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы уақытылы төленіп, көлемі де арта түсуде, қарттарымызға көмек ретінде медициналық және әлеуметтік көмек жүйесі ...

Читать далее »