Главная » Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Өз тіліңді құрметте»

Облыстың тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Тілдарын» облыстық байқауын өткізуді дәстүрге айналдырған. 2012 жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан байқаудың республикалық кезеңі 2015 жылы Қарағандыда өткен болатын. 2016-2017 жылдары (екі жыл қатарынан) республикалық байқауға Қарағанды облысынан қатысқан үміткерлер бас жүлде иегерлері атанды. Биылғы байқауда бақ сынаған жастар республикада облыстың намысын қорғайтын тіл білгірін анықтады. Үш тілді жетік меңгерген облыс жастары арасындағы ...

Читать далее »

Өркениетті қоғам – басты мүдде

Ел Президенті Қазақстан халқы алдында әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру туралы тапсырма қойды. Бұл ретте бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыру маңызды. Қазіргі қоғам іс-әрекетіне өзі басшылық жасап, шұғыл шешім қабылдай алатын тұлғаны қажет етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, әртүрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай білуге үйретуді мақсат етеді. Мемлекет дамуында – ақыл-ой және шығармашылық әлеуметтің ролі орасан зор. ...

Читать далее »

Заманына сай туған ұстаз

        Дүниеге келген пендеге бұйырған бақтың бірі – ұрпақ өрбітіп, соңына із қалдыру. Хакім Абай «Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек» демекші, сана берген соң, замананы ырқыңа имек керек. Жаңа заманның келбетін жасап, жарқын істерге жол ашқан сондай ерекше азамат – Балтабай ОМАРХАНОВ. Жақсы адам өмір жолымен-ақ өз заманынан дараланып тұрмай ма? Иә, ол шынымен, білім саласындағы ...

Читать далее »

Сайлау қорытындысы шығарылды

Өткен жексенбіде Қарағанды облысындағы мәслихаттардан шығып кеткен депутаттардың орнына жаңа депутаттар сайланған еді. Сөйтіп, дүйсенбі күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВТІҢ қатысуымен сайлау қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтті. Депутаттық міндетінен мерзімінен бұрын бас тартудың негізгі себебі – мекен-жай ауыстыру. Кейбір халық қалаулылары мемлекеттік қызметке ауысса, бір депутат сот үкімімен жауапкершілікке тартылған екен. – Сайлау барысында ...

Читать далее »

Жат жердегі қандастар Наурызды қалай тойлайды?

Түбі бір түркі елін тоғыстыратын бір мереке болса, ол – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні түркітектес ағайын әлемнің шартарабында қарап қалмайды. Наурыз мейрамына тән дәстүр, ғұрпын жасап, бір-біріне изгі ниетін білдіреді. Бақыттың баяндысын тілеген төрткүл дүниенің әртарабындағы қандастар Наурызда қандай амал-шарғы қылады екен. Назар салып көрелік… Моңғолия Батыр ТАНЗИЛА: – Монғолияның қазақтар көп шоғырланған аймағы – Баян өлгий. Мұндағы қазақтар, ...

Читать далее »

Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Наурыз – әлемдегі ең көне мерекелердің бірі, қайырымдылық пен бейбітшіліктің бастауы. Осы күні барлық реніштер кешіріліп, дау-дамайлар тоқтатылады. Наурыз – табиғат жаңаруының, көктем құнарлығының және достық пен ынтымақтастықтың мейрамы. Үлкендерге құрмет көрсетіп, кішілерге қамқорлық жасайтын дәстүріміз бойынша Наурыз мерекесін қарсы ала отырып, қоғамда жоғары адамгершілік игіліктерді насихаттаймыз. Көктемнің жылы самалымен келетін Наурыз мерекесі ...

Читать далее »

Қазақтың қасиеті – қолөнерінде

«Грандстор» сауда орталығының екінші қабатындағы көзге көп түсе бермейтін бір бұрышта орналасқан дүңгіршектің жанына келгенде еріксіз кідіресің. Әр заты өзіндік ерекшелігімен көз тартатын бұл жерде қазақтың қолөнер бұйымдары сатылады екен. Ерекшелігі өз алдына, қазақтың исі аңқып тұр. Ұлттық рух, қазақтың рухы… Бұл жерде «Арыс» қолөнер орталығының бұйымдары сатылады… Ерлі-зайыпты Ермек пен Ардақ 2006 жылы Қытайдан көшіп келген. Әуел баста күнкөрістің ...

Читать далее »

Көкейдегі кейбір ойлар

    Бір жылда екі бірдей жаңа жылды қарсы алатын қазақ басым дал болды. Қайсысын тойларымды? Ел қатарлы қаңтардың бірінде тойлайын десем, шын мәнінде жыл кіретін Наурызды қайтпекпін?! Содан өзімді алдап не бар деп, соңғы төрт-бес жылда күнтізбелік жылды тойламай қойдым. Ел айрылып-жыртылып, мейрамдап жатады-ақ. Қарсылығым жоқ. Қолданыстағы күнтізбе бойынша жыл ауысады, бірақ? Тап осы қаңтардың бірінші күні жыл кіре ...

Читать далее »

Көкқасқа

Редакция ұжымы газеттің 22 наурызға арналған мерекелік нөмірін шығаруға кеңесіп, басшылықтан тапсырма алып жатырмыз. Есігімізден ентелей кірген Құмай жылын жазу маған бұйырды. Адам тығырыққа тіреліп, айтарға сөзі болмағанда «Ит біліп пе?» дейді ғой. Бірақ, менде бәрі керісінше. Жеті қазынаның бірі – тазыны жазу еншіме тигеніне «жерден жеті қоян тапқандай» іштей қуандым. Балалық шағымда айнымас досыма айналған Көкқасқа тазым есіме түсіп, ...

Читать далее »

Қамданған қапы қалмайды

     Өткен сенбіде облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Самарқанд су қоймасында болып, тасқынның алдын алу бойынша атқарылып жатқан дайындық жұмыстарының өту барысымен танысып қайтты. Аймақ басшысы алдында «Казводхоз» РМК Қарағанды филиалының директоры Дүйсембай Әбжанов баяндама жасап, барлық су қоймалары мен суаттардағы жағдай бақылауда екенін жеткізді. – Қазір Самарқанд су қоймасында біз секундына 33 текше метр су жіберіп жатырмыз. 21 наурызға ...

Читать далее »