Главная » Басты тақырып

Басты тақырып

Арманға жетелеген Астана

Елордамыз жылдан­жылға сәніне сән, сәулетіне сәулет қосып келеді. Биыл Астана қаласына – 20 жыл. Бұл орайда, басым көпшілігі болашағын Астанамен байланыстыратын Қарағанды жастарының арманға бастаған ару қала жайлы айтар естеліктері көп. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен «Астана – ғылым мен білімнің даму орталығы» республикалық студенттер форумында жастар Қазақстанның Астанасын әнге қосып, әңгімелеріне арқау етті. Форум жастар ісі жөніндегі комитет ...

Читать далее »

Жемқорлықпен күрес – ортақ іс

  Бұрнағы күні облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ төрағалық етуімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда мемлекеттік сатып алулар саласында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша шаралары талқыланды. Аталған мәселе бойынша бірінші болып баяндама жасаған «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ...

Читать далее »

Түсіністік – қоғам тірегі

Сәрсенбі күні облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті. Өңірімізде түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бейбіт өмір сүріп жатқаны өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген. Бұл кездесу де соның айғағындай болды. – Ұлтаралық, конфессияаралық татулық – еліміздің саясатының, Елбасы бағдарының маңызды бөлігі. Бүгінгі таңда аймағымызда 15 конфессия бойынша 300-ден астам діни бірлестік бар. Олар өзара түсіністікте жұмыс жасауда. ...

Читать далее »

Солдат

Очерк Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айғайлап, Дұшпаннан көрген қорлықтан Жалынды жүрек қан қайнап, Ел-жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап. Ақтамберді жырау. Бейбіт заман. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары. Қырықтықтамыз. Совхоздың қойы көп. Біз қой жығамыз. Әкелеріміздің дені соғыстан келген. Көбі жарадар. Бірі аяқтан, бірі саусақтан, бірі қолдан, бірі денсаулықтан айырылған. Шешелеріміз қой қырқады. Әкелеріміз шарықпен қайшыларды қайрайды. Ауылдың батысында ...

Читать далее »

Батыр атындағы бәсеке

Жуырда Қарағанды қаласындағы «Аманат арена» спорт кешенінде тұңғыш рет әскери қоян-қолтық ұрыстан Абылай ханның белді батыры, қазақтың көрнекті қолбасшысы – Дербісәлі АЙДАБОЛҰЛЫНЫҢ рухына бағышталған республикалық турнир өтті. Дүбірлі додаға Қазақстан Республикасы қоян-қолтық ұрыс федерациясы мен батыр ұрпақтары мұрындық болды. Дербісәлі батыр бабамыздың турниріне еліміздің түпкір-түпкірінен келген таңдаулы спортшылар қатысты. Айтулы турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Дербісәлі батырдың тікелей ұрпақтары бабадан мұра ...

Читать далее »

Нар жігіттер — боз кілемде

16-17 сәуір күндері Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу сыны өтті. Сегізінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі жарыста «Сарыарқа барысы» анықталды. Ұлттық спортымызды ұлықтау мақсатында қолға алынған «Қазақстан барысы» жобасы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Еліміздің әр өңірінен жиналған түйе балуандардың басын қосқан дүбірлі доданың тұсауы 2011 жылы кесілген болатын. Айналдырған сегіз ...

Читать далее »

Қылмыс саны азайды

     Қарағанды облысында қылмыс көрсеткіші кеміп келеді. Бұл туралы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Нұрлан РАХЫМБЕКОВ мәлімдеді. Полицейдің мәлімдеуінше, 2017 жылы қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 15,1%-ға азайған. Оның ішінде, көшелерде – 5,1%-ға. Сондай-ақ, ауыр қылмыс – 13,6%-ға, орташа ауыр қылмыс – 13,2% және жеңіл қылмыс 15%-ға азайды. ...

Читать далее »

Дәуірлер дарабозы дәріптелді

  «Бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұхтың ғұмыры, Аюптың сабыры…, Аплатонның ақылы керек». Мәшһүр Жүсіп КӨПЕЙҰЛЫ.           Жезқазған қаласында Қазақ мемлекетінің тұтастығы мен бірлігін сақтауға өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға, әдебиет тарихының аса көрнекті өкілі, ел аузында «Көмекей әулие» атанып кеткен әйгілі Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толуына орай, «Бұқар жырау және ұлттық идея» ...

Читать далее »

Елбасы мақаласы – елдіктің бойтұмары

             Қазақстан Тәуелсіздігін алғалы бері экономикамыз ілгері жылжыды, ел еңсесін тіктеді. Бастысы, уақыт о баста дұрыс таңдау жасағанымызды көрсетті. Елбасының сарабдал саясаты осындай материалдық құндылықпен қатар, рухани байлығымызды да жаңғыртатын сәтпен тоғыстырды. Бізді – Қазақстан халқын. Тура бір жыл бұрын Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көрген болатын. Кешегіні – кемел ...

Читать далее »

Қуатты компания

           Жезқазғандағы қуатты кен өңдеу кешенінде ірі екі фабрика (ірілеп, орташа және майдалап ұнтақтау мен бас корпусы — жеке-жеке, ал, қойылту-сүзу торабы мен өндірістік қалдық қоймасы — ортақ) бар. Біреуінің жылына — 8, ал, екіншісінің 13 миллион тонна кен өңдеуге жобалық қуаты жетеді. Мұнда құрамындағы металдың минералы, физика-химиялық қасиеті мен флотациялау ерекшелігі бір-біріне ұқсамайтын, әртүрлі технологиялық ...

Читать далее »