Главная » Аймақ (страница 4)

Аймақ

Балқаш балқымасы

    Балқаштың бастапқы балқымасы – қара мыс 1938 жылы 24 қарашада алынды. Бұл Қазақстан ауыр өнеркәсібінің қарыштап алға басуына сүбелі септігін тигізді. Ал, Балқаштың бастапқы шақпақ мысы тұтынушыға 1952 жылы 3 мамырда жөнелтілді. Осы өткен кезеңде 12 миллион тоннадан астам шақпақ мыс шығарылды. Еселі еңбекпен екшелген жарқын жылнама! Қазақстанды ғана емес, әлемнің шартарабын шапағы шалған шақпақ мыс! Тұрақтылық пен сенімділік ...

Читать далее »

Жаңа жылда – жаңа баспана

     Жаңа жыл мерекесінде Жаңаарқа ауданының бір топ тұрғыны баспанаға қол жеткізді. Аудан əкімі Юржан Бекқожин тұрмысы төмен отбасылардың, жетім балалардың, апаттық жағдайдағы тұрғын үй иелерінің және мемлекеттік қызметшілердің игілігіне тұрғызылған көппəтерлі тұрғын үй кілттерін 16 отбасыға табыстады. Бұл тұрғын үй «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Құрылысқа республикалық және жергілікті бюджеттен 86,4 млн. теңге бөлінді. Жалпы ауданы ...

Читать далее »

Тұлға тағылымы

   Елбасы Нұрсұлтан    НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» мақаласы аясында М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Сарыарқаның абызы – Жайық Бектұров» атты тарихи жаңғыру кеші өтті. Кеште Жайық Бектұровтың өмірі мен шығармашылығы, жалпы адамзаттық құндылықтар, гуманизм, зиялылық жайлы әңгімелердің тиегі ағытылды. Шараға арнайы шақырылған Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы кабинет-мұражайының меңгерушісі Жанат Шпанова қатысты. Өлкетану бөлімі автоматизациялық бөлімінің ұйымдастыруымен ...

Читать далее »

Бос жерлер – ел игілігіне

    Былтырғы жылы Қарқаралы ауданында қолданыстағы заңнама шеңберінде жер мәселелерін шешуде бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 25 жер учаскесіне сату-сатып алу келісім-шарты жасалды. Нәтижесінде, аудандық бюджетке қосымша 29 млн. 250 мың теңгеден астам қаражат түсті. Қарқаралы ауданының жалпы жер көлемі  3,5 млн. гектар жерді құрайды. Оның ішінде, 1,5 млн. гектары – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. 500 мың гектары – елдімекен ...

Читать далее »

ДЕПУТАТ – ЕЛ АРАСЫНДА

      Сәрсенбі күні ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рысқали ӘБДІКЕРОВ Қарағанды қалалық әкімдігінің қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Рысқали Қалиақбарұлының қабылдауына он бір тұрғын келді. Екі азаматтың өтініші дереу оң шешімін тауып, бес өтініштің келешекте қаралуы бақылауға алынды. Сонымен қатар, төрт өтініш бойынша тиісті түсіндірулер берілді. Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары А.Молдабековке олардың өтініштерін мұқият зерделеп, көрсетілген мерзімде  жауабын беру ...

Читать далее »

Шырша маңы – күміс күлкі

   Жаңа жыл мейрамы Жаңаарқа ауданында жоғары деңгейде аталып өтті. Аудандық мәдени-сауық орталығында аудан әкімінің бүлдіршін балаларға арналған жаңажылдық шырша тойы ұйымдастырылды. Биылғы шарада оқуда озат және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар қамтылды. Барша бала асыға күтетін шырша мерекесіне ертегілер әлемінің кейіпкерлері келді. Аудан әкімі Юржан Бекқожин балаларға ақ тілегін білдірді. Аудан басшысының тартуы да ерекше болды. Шырша қонақтарына тәтті-дәмді ...

Читать далее »

Ауылға қамқорлық

  Жаңа жыл қарсаңында Баршын ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді. Ауылға  «Beelinе» ұялы байланысы орнатылды. Бұл игілікті іске мұрындық болған ауыл азаматы, аудандық мәслихат депутаты  Боранбай Мұханалиев. Ауылына жанашыр азамат депутат болып сайланған бірінші күннен бастап осы мәселені қолға алып, «Beeline» компаниясына бірнеше хат жазған болатын. Содан компанияға хат қарай келген тұрғындар саны 1000 болатын елді мекендерді телефондау туралы тапсырмаға ...

Читать далее »

Көлікке ие болды

    Мерекеге орай Нұра ауданының орталығындағы Жасөспірімдер мен балалар спорт мектебіне «ГАЗель Next» көлігі  табысталды. Спорт мектебіне берілген көлікке облыстық бюджеттен 10 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді. 19 орындық, жаңа үлгідегі мұндай көлік облыс бойынша, әзірге, бізде ғана.  Бір ұтымды жағы – бензинмен де, газбен де жүре береді. Бұрын облыс көлеміндегі жарыстарға жаяулап, көлік жалдап баратын едік. Енді, ол мәселеге ...

Читать далее »

Астарлы әзіл кеші

    Жуырда Шет ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі аудан әкімінің жүлдесі үшін облыстық «Жайдарман»  фестивалі өтті. Фестивальге  облысқа қарасты қалалармен аудандардан 14 команда қатысты. Жас әзілкештер өнер көрсетеді дегеннен елең еткен жастар залға лық тола жиналды. Сөздері орақтай, ойлары салмақты жайдарманшылар барынша көрерменнің көңілін тауып, қазылар алқасының ойынан шығуға тырысты. Ойын ...

Читать далее »

Дала пирамидасы

   Көненің көзі, тарихтың өзі, бүккен сыры, айтар жыры көп Сарыарқа не дәуірді бастан кешпеген?! Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы бір жылын «Тарихи зерде жылы» деп атағаны, одан беріде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Халық тарих толқынында» бағдарламасы және оның заңды жалғасындай болған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, сөз жоқ, халықтың өткеніне үңіліп, шынайы тарихын іздеуіне түрткі болды. Шет ауданында бұл бағытта айшықты жұмыстар ...

Читать далее »