Главная » Аймақ (страница 30)

Аймақ

Балуандар белдесті

     Жуырда Шет ауданына қарасты Кеншоқы ауылында абзал азамат, ауыл спортын дамытуға үлкен үлес қосқан Тілек пен Ақжол БАЛМАҒАНБЕТОВТЕРДІҢ өмірден озғанына бір жыл тол­уына орай қазақ күресінен аудандық ашық біріншілік турнирі өтті. Келелі шараға ұйытқы болған – қос оғланның достары, жора-жолдастары және ауыл-аймағы. Өмір сырғыған  сағаттардан, жылжыған жылдардан құралады емес пе? Мәңгі жасар ешкім жоқ. Жаратушы әр пендесіне өлшеулі ғұмыр ...

Читать далее »

Астатөк ырзық сөресі

    Сенбі күні күллі қарағандылықтар «Шахтер» стадионы маңынан жайылған астатөк ырзық сөресін жағалады. Себеп сол – Олимпийская көшесінің бойында тауық жылындағы алғашқы күзгі ауыл шаруашылығы өнімдері  жәрмеңкесінің тұсауы кесілді. Әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған жәрмеңкедегі тауарлар бағасымен облыс әкімі Ерлан Қошанов арнайы барып танысты. Жәрмеңкедегі азық-түлік құнының бекітілген сомадан артпауы жергілікті билік назарында болды. Бұл жәрмеңкеде азық-түлік әдеттегі базар бағасынан 15-20 ...

Читать далее »

Кәсіпорынның тың тынысы

  Мемлекет басшысының экономиканы өрістету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға қатысты жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиісті тапсырмаларының бірі – кәсіпкерлікке кең тыныс беру, оның ілгері басуына мемлекеттік тұрғыда демеу жасау. Жезқазғандағы «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауды иеленген «Самға» ЖШС «Темір-бетон зауытын жаңғырту» жобасы сол бағыттағы әлеуетті әрекеттердің бірегейі. Аймақ экономикасын түлетудің тың тәсілі ретінде қабылданған жоба ...

Читать далее »

Латын қарпі – болашақтың жазуы

  Қазақ тілін латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшіру жобасы жайлы жұртшылықтың жан-жақты ақпарат алуын қамтамасыз ету және оны арттыру мақсатында Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» тақырыбына арналған ауқымды дөңгелек үстел өтті. Жиынға қалалық әкімдікке қатысты бөлімдердің мамандары мен әдіскерлері, оның ішінде жоғары оқу орындарының, мектептердің, колледждердің қазақ тілі оқытушылары қатысты. ...

Читать далее »

Кокс цехында апат тіркелді

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2017 жылдың 12 қазанында кокс цехында кокс батареясының жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарлайды. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, №1 газ құбырында жарақат алған қызметкерлердің жағдайын дәрігерлер тұрақты, орташа деңгейде ауыр дейді. «Газ құтқарушы 1969 жылы туған С.Толстов, газ желілері учаскесінің газшысы 1967 жылы туған С.Клюско, қыздыру және ыстық учаске жұмыстарын реттеу шебері 1968 жылғы В.Редькинді термиялық күйік шалды. ...

Читать далее »

Аюлы бөктерінен әуелеген ән

   Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы ауылында «Мәдени-мұра» бағдарламасы аясында жергілікті ақын, сазгер, күйші Зәрубай СҮЙІНДІКҰЛЫНЫҢ 70 жылдығына арналған «Сарыадырдың самалы» атты шығармашылық кеші өтті. Сахна төріне шыққан ақынды көпшілік орындарынан тұрып, қол соғып қарсы алды. Ақынды бірінші болып жерлесіміз, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Р.Әбдікеров құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. «Зәкең жыр кітаптарын жиі шығармайды. Анда-санда жарқ етіп көрінетін санаулы ...

Читать далее »

Кооператив – табыс көзі

   Шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру – ауылды дамытудың кепілі. Ең бастысы – ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындары ашылып, өндірілген өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізудің мүмкіндігі туып отыр. Кооператив құрудың тиімділігін түсінген қарқаралылық шаруалар ірі кәсіпорындармен келісімшарт жасауда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданда 11 кооператив құрылды. Біз Бесоба және Угар ауылдық округіндегі қос кооперативтің жұмысымен танысқан едік. ...

Читать далее »

Коррупциямен күрес – ұтымды

   Теміртаулықтар бұдан былай сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келетін болса – не істеу керектігін, кімнен кеңес керегін біледі. Себебі, Теміртау қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресу мақсатында арнайы мобильді топ құрылды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын түсіндіруге бағытталған топтың құрамына мемлекеттік қызметшілер, заңгерлер, прокуратура өкілдері, өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері кірген. ...

Читать далее »

Адам жанының нұры

   Қай кезде болмасын, қай қоғамда болмасын мәнін де, өзектілігін де жоймайтын бір құндылық бар. Ол – қайырымдылық. Халқымыз кашан да қайырымдылықтан кенде болмаған, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Бұл қасиет оның болмысының ажырамас құрамдас бөлігі болса керек. Сонау заманнан Алаш жұртында көпке жанашырлық танытып, көптің тілеуін алған азаматтар аз болмаған. Мұндай қайырымды азаматтар бүгінде жоқ емес. Міне, биыл тағы бір ...

Читать далее »

Жаңа жәдігерлер – мұражайда

   Қарағандыдағы тарихи-өлкетану мұражайының қоры жаңа жәдігерлермен толықты. Шет ауданының тұрғыны Тілеуғабыл ЕСЕНБЕКОВ мұражайға аңшылық бұйымдарын тапсырды. Ақсу-Аюлыда тұратын Тілеуғабыл ағамыз – бүркітшілер әулетінің өкілі. Бүркітшілер арасында өтетін «Салбурын» халықаралық байқауын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. Ақсақал мұражай қорына бүркітпен аң аулауға арналған түрлі жабдықтарды табыс етті. Олардың ішінде, томаға, балдақ, жем саптыаяқ, аңға арналған киім, кітаптар мен түрлі халықаралық байқаулардан жиналған ...

Читать далее »