Главная » Аймақ (страница 3)

Аймақ

Қарағандылықтар — жүлделі орында

Наурыз айында Атырау мен Қостанай қалаларында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында ХХ мерейтойлық республикалық олимпиада өтті. Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 1382 оқушы, оның ішінде, Атырау қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өткен олимпиадаға – 780, ал, Қостанай қаласындағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадаға – 602 оқушы қатысты. Аталмыш олимпиадаға Қарағанды облысының олимпиадалық командасы да қатысып, жеңіспен ...

Читать далее »

Батыр ауылының балуан қызы

Нұркен ауылындағы №10 орта мектептің 6 сынып оқушысы Аяулым ҚАЙРАТ – Алматы қаласында өткен дзюдодан ашық чемпионатта ІІ жүлделі орынға ие болды. Спорттық жарысты «Лидер» бірік-тірілген спорт қауымдастығы ұйымдастырған. Аяулым осы бәсекеде 40 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Қайсар да өжет қыздың жеңісіне бүкіл ауыл болып қуандық. Батыр ауылының атын шығарған қаршадай қызды ауыл әкімдігі және мектеп ұжымы құрмет ...

Читать далее »

Шәкіртімен мерейлі мектеп

Топырағында талай өнер тарланы дүниеге келген Қарқаралы жерінің өскелең ұрпақтары да ұлттық құндылықтан құралақан емес. Өскелең ұрпақты әсем ән, әдемі жыр, күмбірлеген күй, мың бұралған би, ұлттық аспаптардың қасиеті мен киесін ұғындырып, өнерлі ұрпақ тәрбиелеп келе жатқан Қарқаралы саз мектебінің еңбегі ерекше. Бүгінде Рымкүл Спабекова басқарып отырған ұжымда 33 мұғалім қызмет жасайды. Сегіз сынып – дәстүрлі ән айту, домбыра, қобыз, ...

Читать далее »

«Атыңнан айналайын, Қарқаралы»

Қарқаралы қаласының туған күніне орай, Нұра ауданының әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВТАН құттықтау хат келіп түсті редакциямызға. Арқаның абат белінде орналасқан Қарқаралы қаласы жөнінде хатта былай делінген: «Бүгін – Сарыарқаның інжу маржаны, алтын тәжі қасиетті Қарқаралы қаласының туған күні! Осыдан 194 жыл бұрын 1824 жылы 8 сәуірде Патша Сенатының приказымен Қарқаралыға қала статусы берілді. Туған қаламыздың тұрғындарын қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! ...

Читать далее »

Жағдай – бақылауда

Қарағанды облысы көктемде су тасқынына қауіп төндіретін өңір ретінде белгілі. Бүгінгі таңда облысымызда су тасқыны суларының қауіпсіз өтуін ұйымдастыру мақсатында алдын ала тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Бұл туралы Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. – 5 наурыздан бастап ТЖД бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшірілді, тәулік бойы су тасқынына қарсы жедел штаб жұмыс істеуде. Облыстың өзендерінде су деңгейінің тұрақты динамикасы ...

Читать далее »

Жас ғалымдарға – ілтипат

Қарағандыда «Roboland – 2018» халықаралық фестивалі мәреге жетті. Оқушылардың ғылым жолындағы алғашқы қадамдарын саралаған байқауға жаңаарқалық жеткіншектер де қатысқан-ды. Жақында аудан әкімі Юржан БЕКҚОЖИН аталған шарадан жүлдемен оралған оқушыларды арнайы қабылдап, құттықтады. Қарағанды қаласындағы «Жас­тар» спорт кешенінде өткен дәс­түрлі «Roboland – 2018» робот техникаларының фестиваліне ел өңірлерімен қатар, шет елдерден 800-ге жуық команда қатысты. Бұл күні спорт кешенінің ішінде адамға ...

Читать далее »

Құрметті қала тұрғындары!

2018 жылы 13 сәуірде сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайы ғимаратында (Бұқар жырау даңғылы, 53) бос жұмыс орындары мен тегін оқыту курстары қалалық жәрмеңкесі өткізіледі. Сіздерді жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз. Қарағанды қаласы әкімдігі.

Читать далее »

Бірлескен іс – берекелі

Теміртау қаласы әкімдігіндегі әр мемлекеттік қызметшінің кабинетіне сенім телефонының номері әрі «Пара алмаймын, пара бермеймін» деп жазылған тақтайшалар ілінді. Себебі, Теміртау қаласы «Адал жол – таза қол» республикалық марафонының эстафетасын алды. Марафонның басты мақсаты – жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру, құқық бұзушылықтың барлық нысандарына «нөлдік толеранттылық» қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты және азаматтық белсенділікті арттыру. Қазақстан Республикасының ...

Читать далее »

Абаттандыру қарқын алады

Биыл Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданда 50 аула аумақтарын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылады. 2020 жылға дейін ауданға қарасты 150 аула абаттандырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазыбек би ауданының әкімі Татьяна ШАТОХИНА мәлімдеді. – Қалалықтардың салауатты өмір сүруі үшін демалыс орындары жыл санап көбеюде. Аудан тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатында есептік кезеңде жергілікті бюджет ...

Читать далее »

Әзірлік пысықталды

Жуырда Қарағандыдағы «Бегопарк» балалар ойын-сауық орталығында құтқарушылардың оқу-жаттығу жиыны өтті. Ойластырылған жоспар бойынша өрт жертөледе орын алды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірден әрекетке көшті. Ғимараттан 15 ересек адам мен 47 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Оқу-жаттығуға барлығы Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 5 техникасы мен жеке құрамнан 20 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, «Қарағанды Жарық» ЖШС авариялық ...

Читать далее »