Главная » Аймақ (страница 20)

Аймақ

Алаштың асыл арманы

   Тәуелсіздік күні мерекесін Қарқаралы ауданының жұртшылығы ерекше салтанатпен атап өтті. Ұлы мерекеге арналған жиын шымылдығы әнұранмен түрілді. Салтанатты рәсімдегі ал­ғаш­қы сөзді аудан әкімі Халел Мақсұтов алды. – Тәуелсіздік – киелі ұғым. Мұнда азаттық аңсап өткен бабалардың ғасырлар бойғы асыл арманы жатыр. Тәуелсіздік – ең алдымен, қазақ халқының бос­тандыққа ұмтылған қайсар ру­хының же­місі, – деген аудан басшысы ұлы мерекенің қадір-қасиетіне ...

Читать далее »

Әзірлік мығым

   Қарағандыда Жаңа жыл мерекесіне орай 70 шырша орнатылады. Облыстың бас шыршасы қала орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында бой көтермек. Оның биіктігі – 25 метрді құрайды. Бас шыршаны құруға қажетті жаңа жасыл бұталар мен әшекейлер сатып алынды. – Соңғы рет біз бас шыршаны 2013 жылы жаңартқан болатынбыз. Сол уақыттан бері безендіретін әшекейлер тозып қалды. Сондықтан, оларды жаңартуға тура келді. Бұдан бөлек, биылғы ...

Читать далее »

Нәсіп көзі – кәсіпте

   Жақында Ақтоғай ауданының орталығында «Керуен» сервистік кешені іске қосылды. Кешен иесі кәсіпкер – Ердос ҚАСЕНОВ. Шараның ашылу салтанатына құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі С.Әбеуова ауыл-ауылдарда жастарымыз қосалқы шаруашылықты қолға алып, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін ашып, берекелі істің нәсібін көріп отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, өлкетанушы, ар­дагер ұстаз Т.Ақпанбаева, ауыл ардагері Ж.Қызылбаев жиылған жұртшылыққа мерекелік лебізін білдірді. Жеке кәсіпкер Е.Хасеновтың ай­туынша, сервистік ...

Читать далее »

Ер дәулеті – ел әлеуеті

    Осакаров ауданының Трудовое ауылдық округінде неміс технологиясы бойынша салынған сүт-тауарлық фермасы іске қосылып, 19 жаңа жұмыс орны ашылды. Осыдан біраз уақыт бұрын шаруа қожалығы Германиядан симменталь тұқымды сиырларды сатып алған. «Еңбек-95» ЖШС директоры Олег Безплемянныйдың айтуынша, сүт өндіру жұмысын бастамас бұрын, бидай, арпа, сұлы егіп, егіс алқаптардың жартысына көпжылдық жем-шөптерін өсірген. Ауыл шаруашылығы алқаптары бүгінде 28 мың гектарды құрайтын ...

Читать далее »

Мектептегі медиация

   Көп жағдайда біз бір-бірімізді жете түсіне бермейміз. Кейде екі адам бір нәрсе туралы айтып отырса да бір-бірінің көзқарасын ұқпайды. Осындай кезде түсініспеушіліктен, ұғыныспаушылықтан құтқаратын бір нәрсе бар. Ол – медиация процесі. Медиацияны білім беру – тәрбиелу процесіне енгізудің маңызы зор. Медиация мектепке не үшін қажет? Барлық ынталы тараптармен ынтымақтаса жұмыс жүргізіп отырған қазіргі заманғы мектеп балаға білім берумен қатар ...

Читать далее »

Мәңгілік ел мұрагерлері

   №42 «Тілек» балабақшасы «Шағала» тобында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, айтулы азаматтарымыздың өмір жолын дәріптеу мақсатында «Күн дидарлы Қазақстан» мерекелік ертеңгілігі өтті. Балалардың Тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейту, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, мақтаныш сезімдерін арттыру, өз елінің, жерінің, ұлтының намысын қорғауға тәрбиелеу осындай шаралардан бастау алса керек. Балабақша тәрбиеленушілері ертеңгілікті Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастап, үш тілде ...

Читать далее »

Дәуір тынысы – жазушы еңбегінде

   Қарағанды қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен классик жазушы Ғабиден МҰСТАФИННІҢ 115 жылдығына арналған VІ дәстүрлі қалалық байқау өтті. Сайыс ана тілімізді насихаттау және өзге ұлт өкілдерінің қызығушылығын арттыру мақсатында Ғ.Мұстафин атындағы №83 мектепте ұйымдастырылды. Іс-шарада дәуірлі дүбір жаршысы, ұлы классик жазушы Ғ.Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығын жас буын арасында дәріптеу көзделді. Жазушы қаламынан туған шығармалардың ізімен жүру арқылы сол дәуір тынысын ...

Читать далее »

Ақ әжем

Барымсың ғой, байлығым да аппақ әжем, Әлпештеген, еркелеткен және әжем. Қошақаным, құлыным деп аймалайтын, Ертегі айтып, ән салып мәпелеген. Әжем менің ақ әжем күлімдеген, Күлкісімен бар маңды жарық еткен. Үлкені де кішісі де ауылдың, Сыйлап сізді «ақ әже» деп атап кеткен. Раушан СҮЛЕЙМЕНОВА, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 4«Г» сынып оқушысы. ШЕТ ауданы.

Читать далее »

Бірігу – береке негізі

   Теміртау қаласының әкімі Ғалым ӘШІМОВТІҢ бастамасымен Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінде «Рухани жаңғыру» кеңсесі ашылды. Жобаның мақсаты – этно-мәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіретін Қазақстан халқы Ассамблеясына қарайтын тұрақты орталық құру. Жоба аясында тілдерді оқыту курстары, халықтардың дәстүрлері мен салттарын зерттеу және қала колледждері мен мектептерінің оқушыларымен жұмыстар жүргізілетін болады. Осыдан жарты жыл бұрын облыс әкімі Ерлан Қошановтың бастамасымен ...

Читать далее »

Металлургтер мекенінде – салтанат

   Ұлттық ұлық мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында аймағымыздың өңірлері азаттықтың 26-жылында жеткен жетістіктерін және бір паш етті. Мұндай үрдістен металлургтер мекені – Теміртау да қалыс қалған жоқ. Бейсенбі күні Тәуелсіздік күніне арналған салтанатта шаһардың биылғы дамуы баяндалып, оның экономикасына үлес қосып жүрген  азаматтары марапатталды. Арасында орден иегерлері,  саланың үздіктері де бар. Қала әкімінің Құрмет грамотасы да өз иегерлерін тапты. ...

Читать далее »