Главная » Аймақ (страница 2)

Аймақ

Қала әкімінің есебі: не ұттық, неден ұтылдық?

         Тарихы тереңнен тамыр тартқан Қарқаралы қаласын аспан астындағы мұражай ретінде, көздің қарашығындай сақтап, ұстау – өзекті мәселенің бірі. Тамаша табиғатынан бөлек, тарихи нысандар көптеп шоғырланған қаланы дамытуда біршама жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, аудан әкімі Х.МАҚСҰТОВ қала әкімі А.САТЫБАЛДИННЫҢ қаланы дамыту аясында атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады. Қаланы дамыту – ортақ міндет Алдымен қала әкімі шаһардың даму ...

Читать далее »

Зейінді Қарақат

    «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дегендей, әр мұғалімге өз шәкіртінің жетістіктеріне куә болу шексіз қуаныш екендігі ақиқат. Баланың ата-анасынан кейінгі тәрбиешісі, әрбір жетістігіне шексіз қуанатын – ұстазы. Сондықтан, әр шәкіртіміздің жетістігі – біз үшін мәртебе. Сондай оқушыларымыздың бірі – Қарақат Құрмашева Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебінің 8-сынып оқушысы. Жуырда Алматы қаласында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі – Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын ...

Читать далее »

Әлеуметтік дәріхана ашылды

           «Казцинк» компаниясының құрамындағы «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ Жәйрем кентінде әлеуметтік сипаттағы оң өзгерістердің орын алуына дәнекерлік етіп келеді. Жуырда компанияның тікелей қолдауымен жергілікті тұрғындарға есігін айқара ашқан әлеуметтік дәріхана – ауқымы кең істердің болмашы бір айғағы. Соның нәтижесінде жәйремдіктер өздеріне қажетті дәрі-дәрмекті мейлінше қолжетімді бағамен сатып алатын болды. Нақтылай түссек, олардың сатылым құны көтерме ...

Читать далее »

Тәуелсіздік жылнамасын жырлаған

          Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – тұтас бір дәуірдің тарихын қамтыған құнды шығарма. Тәуелсіз тарихымыздың 26 жылында еліміз тың жаңашыл өзгерістерімен әлем халқына таныла бастады. Ұлы дала елі өз алдына тәуелсіз ел болып қалыптасты. Сондықтан, «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы шын мәнінде тарихи естеліктерге толы халқымыздың ұлы тарихының шежіресі деуге болады. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын насихаттау ...

Читать далее »

ТӨЛ СПОРТ ТӨРГЕ ОЗДЫ

      Сенбі күні Саран қаласында «Сарыарқа Дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің мұрындық болуымен, Астананың 20 жылдығына орай, Қарағанды облысы мектептерінің жасөспірімдері арасында қазақ күресінен жарыс өтті. Жас балуандар арасында ұйымдастырылған додаға облыстың барлық өңірінен қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Қазақ күресінің қадамы бүгінгі таңда қарыштап дамып келе жатқаны анық. Оны Саранда қазақ ...

Читать далее »

Ескерткіш тақта қойылды

Тарихи тұлға, Орта Азияның 7 дүркін, Қазақстанның 14 дүркін чемпионы Әлімшайқы СӘЛІМБАЙҰЛЫ тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды. Бұл – данқты балуан атындағы көше немесе Ақжал кенті үшін ғана емес, аудан көлеміндегі айтулы оқиға болды. Салтанатты сәтте Шет ауданы әкімінің орынбасары А.Әбілдин, кенттегі ақсақалдар алқасының төрағасы С.Қамбар, Ақжал кентінің әкімі М.Молыбаев әйгілі жерлес жайлы жылы лебіз білдірді. Балуан қандай құрметке де ...

Читать далее »

Жеңіспен оралды

Жақында Елордамызда республикалық «Жас суретшілер» атты көркем суретшілердің байқауы өтті. Байқауға 10-14 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Сайыста шығармашылыққа қызығушылығы жоғары, дарынды балаларды қолдау мақсаты көзделді. Сондай-ақ, жас суретшілердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік берілді. Мектебіміздің оқушылары Даяна Шеризат, Арайлым Әмен, Құралай Түсіпбай, Сабина Қабыкенова және Ернар Мүкарам байқаудың жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарын иеленіп, дипломмен марапатталды. Оқушыларды сайысқа дайындаған жетекшісі, сурет пәнінің ...

Читать далее »

Субұрқақ – шаһар сәні

Биыл Қарағанды қаласындағы бес субұрқақ жөнделеді. Бұл мақсатта 89 млн. теңге жұмсалмақ. Шахтерлер шаһарында 28 субұрқақ бар. Оның 18-і – қала орталығында, 7-і – Оңтүстік-Шығыс аумақта және 3-і Октябрь ауданында орналасқан. Мұның ішінде Майқұдықтағы Қазақстанның 50 жылдығы атындағы саябақтағы, Бейбітшілік гүлзарындағы, қалалық әкімдік алдындағы, Оңтүстік-Шығыстағы жаңа мешіттің маңындағы және «Жеңіс» саябағындағы субұрқақтары жөндеуден өтеді. «Шалқыма» концерт залының маңындағы субұрқақ биылғы ...

Читать далее »

Қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Қарағанды облысында өткен жылдармен салыстырғанда қар суының көлемі төменірек. Әзірге, су тасу және арнасынан шығу қаупі жоқ. Десек те, арнасынан асатын өзен жағаларына тәулік бойы кезекшілік бекітіліп, қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Бүгінде жыл сайын арнасынан шығатын өзендердің жағаларында қорғау бөгеттері салынған және басқа да сақтандыру шаралары ұйымдастырылған. Мұндай сақтық шаралары елді мекендерге су ...

Читать далее »

Дәрігерлерге үй беріледі Жаңаарқалық дәрігерлерге арналған тұрғын үй жақында дайын болады. Аудан әкімдігі мен «Сарыарқа-ENERGY» ЖШС компаниясы арасындағы әріптестік жөніндегі меморандумның арқасында Жаңаарқа ауданында біршама игі істер тындырылуда. Меморандум шеңберінде бүгінгі күні аудан орталығындағы ескі ғимарат қайта жөндеуден өтіп, бес пәтерлі тұрғын үй жаңғыртылуда. Компаниядан 15 млн. теңге қаражат бөлініп, оның 10 млн. теңгесі толық игерілді. Үйдің шатыры, есік-терезелері қойылды. ...

Читать далее »