Главная » Аймақ (страница 148)

Аймақ

Қос қалаға – ұшақпен

15 шілдеден бастап «Астана-Балқаш-Астана», «Алматы-Балқаш-Алматы» әуе бағыттары іске қосылды. Бұл туралы Балқаш қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Уақытты үнемді пайдалану мен тұтынушылардың талабынан шығуды көздеген бұл бағыт – әлеуметтік маңызы бар жоба. Яғни, билеттерді сату барысында әуежайлық және қызметтік қосымша төлемдер талап етілмейді. Қос бағыт бойынша да билет бағасы – бір көлемде. 28 мың теңгеден. Ұшақтар Балқаш қаласынан Алматыға 1 ...

Читать далее »

Өмірі күймен өрілген

Жастайыңнан бірге өскен, әке-шешесін, ағайын-туғандарына дейін жақсы білетін азамат туралы жазу оңай сияқты көрінгенімен, қиынның қиыны болып шықты. Әңгіме Арқаға, қала берді, бүкіл Қазақстанның өнерлі қауымына белгілі домбырашы, күйші-композитор Мұхамеджан ТІЛЕУХАНОВ жайлы болмақ. Қазақ күй өнерінің ерекше саласы – шертпе күйдің аса бір дамыған өлкесі Жаңаарқа ауданы аумағында Ықылас Дүкенұлы, Сайдалы Сарытоқа, Дайрабай сияқты тарланбоз өнерпаздар өткен. Арқаның күйшілік дәстүрі ...

Читать далее »

Алаштың арысы, қазақтың намысы

Зеңгір көкке көз салып көп отырдым. Қараған сайын әуе кеңістігінде сайран салған қазақ батырлары есіме түсіп, ойым еселене берді. Жаны намыстан жаралған жандардың жанкешті ерліктері, қазақтың қайсар баласының ғарышты бағындыруы бәрі-бәрі көңілімді көлдей толқытты. Қазақ болып мына жарық жалғанның есігін ашқаным үшін Аллаға да сан шүкіршілік айтып күбірледім. Маған әлі күнге дейін қыран қазақ 70 жыл бұғауда болған қазақтың еркін ...

Читать далее »

Қасиетті түліктің қадіріне жеткен

Келісілген уақытта мен Қарағанды қаласындағы Степной ықшам ауданында тұратын «Шолақеспе» шаруа қожалығының жетекшісі Мұрат Қожамбердиннің үйінде отырдым. Мұраттың Райхан есімді апасы да осында екен. Аз-кем таныстықтан кейін адам жатырқамайтын мінезіне басып, әңгімені Мұраттан бұрын Райхан бастады. – Біздің әулеттің шежіресін парақтаған адамның тұнып тұрған тарихқа тап болары сөзсіз. Менің әкем Хасеннің туған ағасы Қожамбердин Құсайын – қазақтың арасында ең алғаш ...

Читать далее »

Қарқаралы әуендерінен – Париж әсерлеріне

Бұл күнде Қарқаралы қаласындағы «Салтанат» ән-би ансамблінің есімін республика жұртшылығы ғана емес, алыс шет елдер де жақсы біледі. Бұл әңгіменің әуелгісі осыдан 40 жыл бұрын шілде айында Париждегі халықаралық-фольклорлық фестивальға қатысып, Отанымыздың гүл дидарын өнер тілімен паш еткен «Салтанаттың» өнеріне талғампаз Француз жұртшылығы ду қол соққан тарихпен бірге айтылады. Ортасында жүріп, Франция әсерлерінің он күнін жолжазба қылып жазып, оқырманмен бөліскен ...

Читать далее »

«Жас келсе – іске»

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан білімді де өнерлі жастарға қолдау көрсетіліп, олардың шыңдалуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Соның бірі – «Дипломмен –ауылға» бағдарламасы. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміз үшін мұғалім мәртебесін арттыру – ең өзекті мәселе» деп атап көрсетті. Бүгінде ұлтымыздың өнері мен мәдениетін рухын асқақтатар талантты да талапты жас ұрпақтар қатары көбеюде. Сондай талант иесі біздің Жаңаарқа ауданына «Дипломмен – ауылға» ...

Читать далее »

Абырой асуында

Астанадан Қарағандыға келе жатқанда үлкен әріптермен «Шахтерская Караганда – политическая и экономическая опора страны» деген жазуды барлығы біледі. Бірақ, оны қызметінің алғашқы жылдары Камалтин Ескендірұлы жаздырғанын біле қоймас. Камалтин Ескендірұлының адами қасиеттеріне куә болған жан ретінде, сөзіне берік, ісіне мығым екенін жақсы білемін. Тағдыр Камекеңмен қызметтес болуға, осы бір абзал жанның жанында жақын жүруге жазды. Өскен жері еліміздің ең бір ...

Читать далее »

Жәйремдегі жарқын күн

Металлург күні – жәйремдіктер үшін айтулы мереке. Себебі, кентімізде жергілікті жалғыз өндіріс ошағы «Жәйрем кен байыту комбинаты» Акционерлік қоғамымен тағдырын байланыстырмаған бірде-бір отбасыны табу өте қиын. Биылғы мерекелік жиында сөз алған «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Басқарма Төрағасы А.Бурковский және Өндіріс бойынша атқарушы директор Д.Әбдіраманов жәйремдік металлургтердің өндірісте атқарып жүрген адал еңбектеріне үлкен алғыс білдіре отырып, ақ тілектерін арнады. Көпбосын ...

Читать далее »

Жол қозғалысы қауіпсіздігін талқылады

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінің мәжіліс залында жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі конференция өтті. Конференция жұмысына Қарағанды қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің, Қарағанды қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының, «Астана» өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының өкілдері, сондай-ақ, әскери оқу орындарының қызметкерлері қатысты. «Сарбаздар, курсанттар мен офицерлер өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жан-жақты теориялық, әскери-ғылыми және жалпы ғылыми білім ...

Читать далее »

Сыбайласқа – «сыбағасы»

Қарағанды қаласының ТЖ басқармасының қызметкерлері азаматтарға мәлім болған барлық сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты толық жеткізу мүмкіндігін беру мақсатында бірнеше іс-шараларды атқарды. Басқарманың ғимаратында (Жамбыл көш.51) келушілерге көрнекті жерде бірыңғай сенім телефоны «1402», ҚР ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының 8(7212) 42-93-39 сенім телефондарының нөмірлері көрсетілген ақпарат орнатылған. Азаматтарға қолжетімді жерлерде шағымдар мен өтінімдерге арналған айқын, мөрленген жәшіктер орнатылған, жәшіктердегі шағымдардың бар немесе ...

Читать далее »