Главная » Аймақ » Ұлытау

Ұлытау

Тіл – ұлттық төлқұжатымыз

     Әлемдегі халықтың бәрі Адам ғалайссәләмнан тарады. Яғни, түбіміз бір. Сондықтан да, ұлтына, ұлысына қарамай, барлық халықты адам баласы дейміз. Бабамыз – Адам, анамыз – Хауа­ана. Келе-келе халық ұлтқа бөлінді. Алла тағала әр ұлтқа ұлттық төлқұжаты – тілін берді. Бұл әр ұлттың өзінің ұлттық ерекшелігі. Мұны ешбір күш өзгерте алмайды. Дүние жүзінде түрлері бір-бірінен айнымайтын ұлттар көп. Оларды түріне қарап ...

Читать далее »

Ұлытау несімен киелі?

    Атамыз қазақтан қалған: «Ұлытауға шықтың ба? Ұлар етін жедің бе?» сынды кең таралған қанатты сөз бар. Осы бір аталы сөз сан ғасыр, талай тарғалаңды артқа тастап, біздің заманымызға жетіп отыр. Осы орайда, «Ұлытау несімен киелі?» деген сұрақтың жауабын іздеп көрдім. Біріншіден, Ұлытау ежелгі түрік бабаларымыздың қасиетті қорымдары орналасқан, ұлы дүбірлі науқандары өткен ерекше тарихи және рухани құндылыққа ие өлке. ...

Читать далее »

«Сүйінші елден сұрайын…»

Сүйінші елден сұрайын шығып тауға, Бәрі бізді асықсын құттықтауға. Ұлыстың ұлы күні ұлытаулықтар, Ерденді ел боп, жұрт боп ұлықтауда.   Жаңғыру желі бізді жылытуда, Ұлыларды болмайды ұмытуға. Заманында аңыз боп аты қалған – Ерден – ерен болған ғой, ұлы тұлға.   Көсегесі көгеріп көргенді елім, «Тірілтуде» өшкенін, өлгендерін. Ұлытауға айбар беріп тұрсыншы деп Тұлпарға мінгізді ел Ердендерін.   Жерлестерім, дегенмен ...

Читать далее »

Ерден батыр ескерткiшi

   Ұлт тұлғаларын ұлықтау ұлағаты арқылы ұрпақ санасын сергітуді ерте бастан айнымас ата салтына айналдырған Ұлы Даланың Ұлытауында ел Тәуелсіздігі күні тағы да бір тағылымы терең, шырайы шұрайлы шара атқарылды. Арқаның алтын кіндігі іспетті биік таудың бөктерінде Ерден батыр Сандыбайұлының қола мен мыстан құйылған, биіктігі тоғыз метрді құрайтын еңселі ескерткіші бой көтерді. Ерден Сандыбайұлы – өз заманында қол бастап, ел ...

Читать далее »

Тыңға түскен түрен

  Біздің бизнесті осыған ұқсатамын. Өйткені, бастапқыда табиғатын түсінбеген талай жұрт жайма базар жағалап, алыпсатарлықпен айналысып кетті. Бүгінде басқаша бетбұрыс байқалады. Думан Үмбетовпен әлеуметтік желі арқылы таныстым. “Каир тұрғыны Жездінің женті мен талқанынан дәм татқан” деген жазба жайбарақат қалдырмады. Содан кездесуге келістік. Таяуда Жездіге арнайы барып қайттым. Ол алдымен шаруашылығын аралатты. Сосын екеуміз жайылған дастарқанды жағалай жайғасып, еркін әңгімеге кірістік. ...

Читать далее »

Аудандық архив мерейтойы

    Биыл Ұлытау аудандық мемлекеттік архивінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осынау мерейтойға орай ұйымдастырылған жиында мекеме ұжымын және архивтің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ардагерлер қауымын аудан әкімі Әнуар ОМАР құттықтап, үздіктерді марапаттау шарасын жүзеге асырды. Аудан басшысы еңбектері елеулі мамандар мен мағыналы ғұмыр­ларын өңір тарихын екшеп, жинақтауға арнаған зейнет жасындағы байырғы қызметкерлерге облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ...

Читать далее »

Ұлт Көшбасшысы – ұлы тұлға

   Әлемдегі аса қуатты алып мемлекеттердің бірі – Кеңес Одағы ыдырап, егемендіктің ауылы жақындап келе жатқан тұста ертеңіне алаңдаған халықтың беймаза күй кешкені баршаға мәлім. Сондай өтпелі кезеңде елдің тізгіні біліміне білігі сай, саяси-экономикалық үдерістердің қыр-сырын жетік меңгерген жауапты тұлғаның қолында болуы тиіс еді. Ел бағына орай, дер кезінде дұрыс таңдау жасалып, Қазақстанның тағдыры танымал саясаткер Нұрсұлтан     НАЗАРБАЕВТЫҢ қолына зор ...

Читать далее »

Дәуір жетістігі – шалғай ауылда

    Жуырда Ұлытау ауданының әкімі Әнуар ОМАР Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде аудан әкімі ор­та­лықтағы қызмет сапасын ба­ғамдады. Өзі мекен-жай анықтамасын алып, электронды қызмет көрсету жұмысын тексерді. Сондай-ақ, аудан басшысы шалғайда орналасқан селолық округтердің тұрғындарына аудан ор­талығына қатынамай-ақ, интернет желісі ар­қылы шағымдар мен өтініштерді жолдап, керекті кейбір анықтамаларды жергілікті әкімдіктердің өзіне-өзі қызмет ету бұрышы арқылы шығарып ...

Читать далее »

Іс тетігі – ілкімділік

    Облыстық деңгейде бекітілген жоспарға сәйкес, бүгінгі күнге Ұлытау ауданында 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ашылуы көзделсе, қазір 7 өндірістік кооператив құрылып, өз жұмыстарын дөңгелету үстінде. Олар мемлекет тарапынан 90 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып отыр. Ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатындағы мемлекеттік қолдау шаралары, әсіресе, несиелендіру бағытындағы жұмыстар істің ілгері басуына септігін тигізуде. Соның нәтижесінде биылғы жылдың басынан ...

Читать далее »

Өңір шежіресі – өнеге өрісі

    Тарихы тамырлы Ұлы Дала Елінің көнеден жеткен шежірелі сырлары мен мемлекеттің бүгінгі даму үдерісі кезеңіндегі деректерін мұқият сақтау және келер ұрпаққа «мұртын бұзбай» табыстау – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында басымдық берілген талаптардың басты өзегі. Дәл осы орайда, ұлт мұрасының алтын ордасы іспетті архивтерге жүктелер міндет жауапкершілігі орасан. Биылғы жылы Қарағанды облыстық архив қызметі ...

Читать далее »