Главная » Аймақ » Қарағанды (страница 20)

Қарағанды

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Қазақстан халқының Бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – біздің егемен еліміз үшін достықтың, бірліктің, жасампаздықтың нышанына айналған маңызды мерекелердің бірі және тарихымыздағы ерліктің жарқын жолдарымен тікелей байланысты. Шуақты мереке – жалпы мақсаттар мен міндеттерді біріктіретін ұлттық келісім мен бірлік идеясының нышаны. Біздің облысымыз – еліміздегі көпұлтты өңірлердің бірі. Қасиетті Сарыарқа жерінде 100-ден аса этностар бейбітшілік пен келісімде өмір ...

Читать далее »

Білім ордасындағы бірегей ансамбль

      Сәрсенбі күні Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Студенттер сарайында «Жарқын» халық би ансамблінің құрылғанына 40 жыл толуына орай, есеп беру концерті өтті. Білім ордасындағы бірегей ансамбльдің мерейлі кешіне біз де барып қайтқан едік. «Жарқын» халық би ансамблі 1977 жылы аталған жоғары оқу орнының қабырғасында ірге қалап, бүгінгі таңда кеншілер шаһарына кеңінен танымал ұжымға айналған. Ансамбльдің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі – ...

Читать далее »

Құрметті қарағандылықтар! Қадірменді қонақтар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн көпұлтты халқымыздың айшықты мерекесі және бейбітшілік пен келісімнің белгісі. Бүгінгі таңда ұлттарды ұйыстырып, діндерді та­быстырып, достық пен өзара келісімді басты мақсат етіп отырған еліміз талай табыстарға, жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында атап көрсеткеніндей: «Биыл ең қастерлі құндылығымыз – ...

Читать далее »

Корея медицинасы Қарағандыда өркен жаяды

    Қазақстандағы корейлер қауымдастығының бастамасымен Қарағанды қаласында «Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының медициналық ұйымдарының серіктестігінің болашағы» атты халықаралық конференция өтті. Конференция мақсаты – өңірдің қалыптасқан медициналық базасы есебінен жаңа мүмкіндіктерді көрсету. Корея Республикасы медицина саласы бойынша дамыған елдердің қатарында екендігі жасырын емес. Халқының өмір сүру ұзақтығы бойынша 81,3 жасты құрап, Қазақстанмен салыстырғанда оқ бойы алда тұрған Оңтүстік Кореяның ...

Читать далее »

Тәттімбет колледжі – тұрақты ғимаратта

   Тәттімбет атындағы өнер колледжіне үш қабатты жеке ғимарат берілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Бірнеше жылдар бойы ғимараттан ғимаратқа көшіп-қонып жүрген оқу орнының баспаналы болғанына – бәрекелді дегеннен басқа жоқ. Иә, күй атасы Тәттімбет атындағы колледжді тентіретіп не көрініпті?! Жақында ғана облыс әкімі Ерлан Қошанов бұрынғы қан орталығының ғимаратында отырған оқу орнына арнайы ат басын ...

Читать далее »

Жүйелі жұмысқа – оң баға

Қарағанды гуманитарлық колледжінің ұжымы 40 жылдық мерейтойына орай,мерекелік шараны жоғары деңгейде атап өтті. Оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмысы ұйымдастырған жиын көптің көңілінен шықты. «Білім беру мазмұнының жаңаруы аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» атты республикалық семинар-практикумде білім беру төңірегіндегі біршама мәселелер сөз болды. Жиында педагогтер оқу орнының тарихына көз жүгіртіп, 1976 жылдан бергі бүгінге дейін тоғыз мыңға жуық маман дайындаған колледждің тарихынан сыр ...

Читать далее »

Білім бәйгесін бөктерді

     Қарағанды облыстық мамандандырылған «Дарын» мектебінде «ЮСИМАС» ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Асыл бала» республикалық конкурсының «Білім жолы» марафоны өтті. Аталған марафонға №101 мектеп-лицейінің 1-2 сыныптарынан 10 оқушы қатысып, «Жас толқын» аталымы бойынша кубокты иеленді. Сонымен қатар, білім ордасының 2 «Б» сынып оқушысы Нұрбақыт Сұлтан «Ең үздік қатысушы» ретінде танылып, оған алтын медаль тақты. Ол ұялы телефон көмегімен роботты басқарып, 46 секунд ...

Читать далее »

«ҚарМУ хабаршысы» – әлем назарында

    Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми журналы «ҚарМУ хабаршысының» химия топтамасы – солтүстік америкалық «Томсон Рейтерс» компаниясы ұсынған ең танымал Web of Science (WoS) әлемдік деректер базасына енген алғашқы қазақстандық журнал атанды. Айта кеткен жөн, Web of Science – 1950 жылдың соңынан бері жұмыс істеп келе жатқан беделді ғылыми орталық. Оған компанияның қатаң ұстанымдары негізінде іріктелген, шамамен 12 500 ...

Читать далее »

Ұстазы – білікті, шәкірті – білімді

    Білім – болашақ үшін салынатын ең құнды инвестиция. Сондықтан, Мәңгілік Еліміздің мұратты мұрагерлерін тәрбиелеу ісіне аса үлкен мән беріледі. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ айтқандай, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. №77 мектеп-балабақша кешенінің педагогикалық ұжымы да жаңа форматтағы білім беру мазмұнына терең үңіледі. Ұстаздар білім беру ісіндегі ...

Читать далее »

Өнері өрге жүзді

Естеріңізге сала кетейік, жақында «ЭКСПО – 2017» ха­лық­аралық көрмесі аясында «Бі­лім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ» ІХ республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Нәтижесінде, «Жас ғалымдар» аталымы бойынша №81 мектептің 8 «Б» сынып оқушысы Даниил Евдотьев жүлделі 1 орынды қанжығалаған болатын. Сөйтіп, Даниил облыстың атынан республикалық сайысқа жолдама алған. Өткен аптада республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы ұйымдастырылды. ...

Читать далее »