Главная » Аймақ » Қарағанды (страница 10)

Қарағанды

Мерейлі мерекеңмен!

   Тәуелсіз еліміздің болашағы атанған жас ұрпақты білім нәрімен сусындату үшін өз ісінің білгірі, бала жанының бағбаны қажет. Себебі, қоғам өзінің дамуы барысында өз халқының тарихын, тілі мен әдебиетін сүйіп оқитын, болашаққа мақтанышпен жеткізе алатын ұрпақты тәрбиелейді. Білім беру саласының мақсаты – білімді де білікті тұлға тәрбиелеу. Бүгінгі таңда С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алатын орны ерекше білім ...

Читать далее »

Елім деген азамат

       Еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар баршылық. Солардың бірі – Есентай ӘШІМ. Есентай Мұқатайұлы Қарағанды қаласындағы №6 орта аралас мектебіне 2000 жылы келіп, тарих пәнінен сабақ берді. Өзінің кәсіби шеберлігінің нәтижесінде, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Оқу мен тәрбиені қатар бере жүріп, қазақ балаларының жан-жақты білім алуына жағдай жасады. №6 мектептің директоры болып тағайындалғанда, қазақ ...

Читать далее »

Есімде, Әліппені жаттатқызып…

   Алтын орда мектебім М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның түлегімін. Шыны керек, он бір жылдың қалай өтіп кеткенін аңғарып та үлгермедік. Мектепті бітіруге асық едік. Енді, сағынып жүрміз. – Сынып жетекшіміз Айша Егізбайқызы барлық еркеліктерімізді көтеріп, жанашыр болған. 11 сыныпта мұғалімімізді 8 наурыз мерекесімен құттықтағанымыз есте қаларлықтай болды. Бесінші сыныптан бастап он бірінші сыныпқа дейін сабақ берген қазақ тілі мен әдебиеті ...

Читать далее »

Құрметті білім беру саласының қызметкерлері!

Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Жыл сайын дәстүрлі түрде қазан айының басында Сіздерді, бізге үлкен өмірге жол ашқан, біздің дана тәлімгер-ұстаздарымызды және тәрбиешілерімізді мадақтаймыз. Әр адамның тағдырында мектепте оқыған жылдары өшпес із қалдырады. Біз, әдеттегідей, Сіздердің мерекелеріңізді кәсіби деп атаймыз, бірақ бұл мерекені халық мерекесі деп атау әбден орынды, өйткені біздің әрқайсымыздың өмірімізде өз орнын алған мұғаліміміз болған. Сіздердің ...

Читать далее »

Құрметті зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлері!

Қазанның бірінші күні ерекше күн –Қарттар күні мерекесі болып белгіленген, біз бұл күні құрметті жастағы адамдарды құрметтейміз. Мұндай дәстүр қазақстандықтарға тән. Өйткені, егде жастағы адамдар – еліміздің алтын қорын, патриотизм үлгісін көрсететін дәстүрлерді сақтаушылар. Ежелгі ұрпаққа қамқорлық – біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда егде жастағы адамдардың лайықты өмір сүру жағдайларын ...

Читать далее »

Тіліміз үшін игі бастама

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқын көрсетілген ел жаңғыруының басты бағыттарының бірі – қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесі болатын. Латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанын жақсы білеміз және латын әліпбиін қабылдау жиі талқыланған тақырыптардың біріне айналды. Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшуде қандай жұмыстар жүргізу керектігі жөнінде қоғамда рухани серпіліс ...

Читать далее »

Үштілділік саясатының іргетасы

   Тіл – тұрмыс салты. Тілдің құндылығы тереңде жатыр. Ол қоғам рухын, мәдениеті мен ұлттық кодын білдіреді. Қазақ тілінің латын графикасына көшу мәселесі әбден  пісіп-жетілді, яғни, бұл ұлтты дамытудың объективті факторы. Біздің бейбіт және көпұлтты қазақстанымызда мемлекеттік тілді өркендету үшін  латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру көрінісі болмақ. Сол арқылы бабалар  мұрасын сақтап, дамыған отыз елдің қатарына ену үшін жаңа ...

Читать далее »

Хат алмасып жүрмін

Мен Қарағанды қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – әзірбайжан болғанымен, тілім – қазақ. Олай дейтінім менің ортам – қазақтілді орта. Үйден шыға сала, қазақ балаларымен ойнадым, қызыққа баттым, қуандым. Балабақшада ән айттым, би биледім, дәстүрді сезіндім. Ал, қазір, мектеп жасында жүрген сәтімде ақын-жазушылардың шығармаларын басыма жастап жатамын. Қиялға беріліп, болашағым туралы ойлаймын… Жуырда мектебімізде 22 қыркүйек – ҚР тілдері күні мерекесі ...

Читать далее »

Тіл жанашырларын тәрбиеледі

   Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қарағанды облысының тілдерді оқыту  орталығының ұйымдастыруымен өтетін мәдени-ағартушылық жоба шеңберінде облыстық «Мың бала» байқауы өтті.  15-23 жас аралығындағы қазақ және өзге ұлт өкілдері қатысқан байқауда жеткіншектер 3 бағыт бойынша бақтарын сынады. Байқауға «Сарыарқа» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Д.Жұмагелдина, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, сазгер, «Тіл жанашыры» төсбелгісінің иегері Б.Мұсабеков, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ...

Читать далее »

Достықтың кілті

   Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырамас бөлігі және асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. Әр ұлттың тілі – бақыт тірегі. Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. «Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір» қанша ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние ...

Читать далее »