Главная » Аймақ » Шахтинск

Шахтинск

Құрмет құшағында

   Жаңа жыл қарсаңында Шахтинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының орынбасары, подполковник Ақылбек БАЙЖҰМАНОВ Ұлы Отан соғысының ардагері Надежда АЮХАНОВАНЫ арнайы барып мерекемен құттықтады. Кездесу барысында екінші дүниежүзілік соғысынан аман оралған қария қанды шайқасқа қатысқандығын баяндап берді. Соғыс ардагерінің айтуынша, майданға 1942 жылы Челябинсктен аттаныпты. Сол кездегі өрімдей қыз нәзік жандылығына қарамастан қару ұстау мен атуды үйреніп, көздеген нысанына ...

Читать далее »

Жаңашыл тәсіл – дәуір талабы

   Жуырда Шахтинск қаласында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің мұрындық болуымен медиация институтын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы С.Шар­дарбекова жүргізді. Шара барысында Шахтинск қаласында медиация институтын дамыту жолдары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе жұмыс атқаратын медиаторлардың Шахтинск қалалық сотымен өзара ынтымақтастық мәселелері ...

Читать далее »

Көмір өндірісіндегі тың бағыт

    Шахтинск қаласы аймағында «Ақ жарық көмір» ЖШС биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап өз жұмысын бастады. Атқарушы директор Асқар Сұлтанбековтің айтуынша, қазіргі кезде кәсіпорында анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, пайдалы қазбаларды жауып жатқан тау жыныстарынан аршу жұмыстары атқарылуда. Жыл соңына дейін «Қарағанды облысындағы В.Ленин атындағы шахта учаскесінде желдеткіш көкжиегінен жоғары Д6 қабаты бойынша тас көмір шығару» инвестициялық жобасын іске асыру ...

Читать далее »

Жиын тақырыбы – өзекті

Жуырда Шахтинск қаласындағы Жергілікті полиция қызметінде облыстық семинар ұйымдастырылды. Жиында Шахтинск, Абай және Саран қалаларының тәртіп сақшылары, судьялық корпустың өкілдері, құқық қорғаушылар сот практикасын қорыту нәтиже­ле­рінің не­гізінде, соттардың әкім­шілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің ерекше бөлігінің нормаларын қолдануының біркелкі практикасын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ, әкімшілік құқық-бұзушылық туралы істерді қарау кезінде соттарда туындайтын мә­селелерді қамтыған Жоғарғы соттың жалпы отырысында қабылданған қаулыны  талқылады. ...

Читать далее »

Кәсіпкерлікке – кең өріс

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы Шахтинск қалалық филиалының биылғы 9 айдағы қызметін оның директоры Ж.Ибраев Шахтинск аймағының кәсіпкерлерімен өткен есеп беру кездесуінде қорытындылады. Ж.Ибраев «Бизнес кеңесші», «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» оқу бағдарламалары арқылы «Бизнес-өсім» жобасы бойынша 241 адам оқытылғаны туралы баяндады. Бүгінгі таңда «2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту өнімділігі және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасы бойынша «кәсіпкерлік негіздеріне» оқытуға 49 тапсырыс ...

Читать далее »

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшудің тарихи және ұлттық маңыздылығы туралы айрықша тоқталып өткен еді. Аталған мақала жарық көргеннен бері де біраз уақыт өтті. Өз кезегінде, ел ғалымдары Көшбасшымыздың назарына бірнеше жоба ұсынып, қазақ әліпбиінің болашақта қандай болары туралы болжамдарын жасаған еді. Сөйтіп, күні кеше ғана Президент Н.Назарбаев латын әліпбиіне көшу ...

Читать далее »

Тарихи бастама

   Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшуді кезең-кезеңмен жүзеге асыруға басымдық берілген болатын. Осы мақсатта республикамыздың барлық өңірінде насихат топтары еңбек ұжымдарымен, халықпен кездесулер ұйымдастырып, сұхбаттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізуде. Жақында, латын әліпбиінің мән-маңызы жайында Шахтинск қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сандуғаш Нұрмағанованың басшылығында құрылған насихат тобы дүйсенбі күні жолға шықты. Алғашқы күні «Тентек» шахтасының ...

Читать далее »

Жылыжай тұрғызылуда

     Шахтинск қаласына қарасты Долинка кентінде жылыжай құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа нысанның аумағы – 1000 шаршы метр. Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде.  Тың шаруаға бел шеше кіріскен кәсіпкер Кәзімжан Әзімов мемлекеттен 6 млн. теңге қаржы алған. Қазір құрылыс жұмыстары тәмамдалып келеді. Нысанның корпусы қалқайып, жылыту жүйесі тартылуда. Мұнда кәсіпкер, әзірге, қияр өсірмек. Келешекте түрлі көкөніс ...

Читать далее »

Шахтерлер шаттыққа бөленді

    Екі ғасырға жуық уақыт бұрын Қарағанды көмірін «Көмір атасы» Аппақ БАЙЖАНОВ ашқан. Алғашында «жанатын тас» деген жұртқа кейін «көмір» болып, өңірге өмір сыйлады. Аппақ атамыздың көмір тапқан жері «Қаразабойда» бірінші шахта ашылған. Содан бері Қарағанды «қара алтынның» астанасы, шахтерлердің бас қаласына айналды. Жексенбі күні қарағандылықтар жетпісінші рет шахтерлер күнін айырықша атап өтті. Осы күні олбыс әкімі Ерлан Қошанов аймағымыздағы ...

Читать далее »

Орталық арқылы – ортақ шешім

Шахтинск прокуратурасы сот орындаушылар және медиаторлармен бірлесе «Айналайын» алимент орталығын ашпақ. Орталық қызметкерлері ажырасып кеткен отбасыларға өзара келісімге келуге және тиімді шешім табуға көмектеседі. Орталықта істің атқарылуын прокуратура өкілдері, мемлекеттік, жекеменшік сот орындаушылары мен медиаторлар бақылайды. Айта кетейік, Қарағандының Октябрь ауданында Октябрь ауданының аймақтық сот орындаушылары бөлімінің ғимаратында дәл осындай «Болашақ» алимент орталығы жұмыс жасайды. Орталық жұмысына мемлекеттік және жекеменшік ...

Читать далее »