Главная » Аймақ » Теміртау

Теміртау

Білім биігіне талпыныс

  Еліміздің білім беру жүйесінің үздік үрдістері ұдайы саралану үстінде. Білім мен ғылымды дамытуға арналған бағдарламаларды жүзеге асыру аясында түрлі жобалар қолға алынып келеді. Соның бірі – Теміртау қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында әлеуметтік репетиторлық орталық жұмыс жасап жатыр. Тамыз айында басталған жоба бүгінгі таңда 31 адамға ...

Читать далее »

Бірігу – береке негізі

   Теміртау қаласының әкімі Ғалым ӘШІМОВТІҢ бастамасымен Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінде «Рухани жаңғыру» кеңсесі ашылды. Жобаның мақсаты – этно-мәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіретін Қазақстан халқы Ассамблеясына қарайтын тұрақты орталық құру. Жоба аясында тілдерді оқыту курстары, халықтардың дәстүрлері мен салттарын зерттеу және қала колледждері мен мектептерінің оқушыларымен жұмыстар жүргізілетін болады. Осыдан жарты жыл бұрын облыс әкімі Ерлан Қошановтың бастамасымен ...

Читать далее »

Металлургтер мекенінде – салтанат

   Ұлттық ұлық мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында аймағымыздың өңірлері азаттықтың 26-жылында жеткен жетістіктерін және бір паш етті. Мұндай үрдістен металлургтер мекені – Теміртау да қалыс қалған жоқ. Бейсенбі күні Тәуелсіздік күніне арналған салтанатта шаһардың биылғы дамуы баяндалып, оның экономикасына үлес қосып жүрген  азаматтары марапатталды. Арасында орден иегерлері,  саланың үздіктері де бар. Қала әкімінің Құрмет грамотасы да өз иегерлерін тапты. ...

Читать далее »

Рухани келісім жолында

    Қазақстан Республикасында достық шаңырағы астында 130-дан аса ұлт өкілі өмір сүруде. Тарихи оқиғаларға қарай, қазақстандық қалалар мен ауылдар көпұлтты және көпмәдениетті болып қалыптасты. Алайда, этностық әралуандық көбіне-көп Теміртау қаласына тиесілі көрінеді. Себебі, мұнда 100-ден астам ұлт өкілі қоныс теуіп, табанды тер төгуде. Олар бірлесе жүріп, қала мен «Қазақстан Магнитикасын» құрды. Мерекелерді бірге атап өтіп, өз халқының дәстүріне құрметпен қарай ...

Читать далее »

«Мен жастарға сенемін…»

   20-21 қараша күндері Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті қабырғасында Теміртау қалалық ішкі саясат бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен өткізілген «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» қалалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. Сейсенбі күні облыс орталығынан ордалы сайыстың ақтық сынына әдейілеп біз де барған едік… Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға қарата айтқан бір сөзінде «Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Біз бабалардан мирас ...

Читать далее »

Теміртау қыста тоңбайды

   Теміртау қаласының жылумен тұрақты қамтылуы – биліктегілердің басты назарында. Өйткені, былтырғы қыста қаланың жылу жүйесі жиі ақсап, тұрғындардан шағым түсетін. Ал, биылғы жылу беру маусымына дайындықты аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ жіті бақылауына алған-тын. Қыркүйек айында аймақ басшысы энергия көзінің жылыту маусымына қаншалықты дайын екеніне көңіл бөлген. Өткен жұма күні облыс әкімі Теміртаудағы ЖЭО-2 қазандықтарының жұмысымен танысты. Қаланың қысқа қамданысын, ...

Читать далее »

Статистика – цифрлар әлемі

    Қандай да бір мәлімет, дерек қажет бола қалса статистикаға жүгінеміз. Өйткені, статистика нағыз шынайы көрсеткіштер қоры болып табылады. Салыстыра отырып, ел экономикасы мен халық әлеуетінің өсу деңгейін де бағамдай аламыз. Мәселен, Теміртау қаласында биылғы он айдың қорытындысында 185 660 тұрғын бар екендігі анықталды. Халық саны соңғы төрт жылдың ішінде бес мың адамға өскен. Қалақұраушы ірі кәсіпорын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-дағы ...

Читать далее »

Рухани жаңғыру – болашақ кепілі

    Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау бойынша Теміртау қаласының арнайы орта оқу орындарының студенттері арасында байқау өтті. Сайыста Елбасының бағдарламалық мақаласындағы негізгі идеялар мен жобаларды жастар арасында насихаттау көзделді. Өскелең ұрпақтың ұлттық санасын жаңғыртуға атсалысу мақсаты қойылды. Байқауға құрыш қаладағы индустриалды-техникалық колледж, медициналық колледж, техникалық колледж, политехникалық колледж, кәсіптік-техникалық колледж және КарМИУ жанындағы техника-экономикалық колледжінің студенттері Елбасы ...

Читать далее »

Словенияға жолдама алды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті Костенко атындағы шахтасының командасы ардагерлер арасындағы мини-футбол бойынша республикалық біріншілікте жеңімпаз атанды.  Шымкент қаласында өткен чемпионатқа еліміздің әр аймағынан 20 команда қатысқан. Қарағандылықтар финалда ОҚО командасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. – Кеншілер арасында бұрыннан қалыптасқан дәстүр бар. Жыл сайын Қарағанды көмір бассейнінің спартакиадасы өтеді. Біздің команданың жеңісі кездейсоқ емес, – деді ҚР еңбек сіңірген ...

Читать далее »

Архивтер сыр шертеді

Биыл Қарағанды облысының архив қызметінің 80 жылдық мерейтойы. Ал, Теміртау қаласының архивінің даму жолы 1979 жылдан бастау алып, қазір «Теміртау қаласының мемлекеттік архиві», 500-ден  астам қоры, 250 мыңнан астам сақтау бірлігі бар жеке-дара үлкен коммуналдық мемлекеттік мекеме. Біздің архивтің қоры – өткен заманнан бүгінге дейінгі сан қилы кезеңдердегі еліміздің шаруашылығын, экономикасын, тыныс-тіршілігін кеңінен айқындайтын, тарихи, мәдени құнды мәліметтер және жеке ...

Читать далее »