Главная » Аймақ » Сәтбаев

Сәтбаев

Ұлттық ойын ұлықталды

    Сәтбаев қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні аясында  Тоғызқұмалақ ойынынан өткізілген Халықаралық турнир жалауын түсірді. Бес күнге созылған бәсекелі сынға Ресей Федерациясы, Түркия, Ауғанстан, Моңғолия, Түркіменстан және Қырғызстан мемлекеттерін қоса алғанда бас-аяғы 20 команда қатысып, бақ сынады. Жарыстың жабылу салтанатында қатысушылар мен жанкүйер қауымды мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан БӘЙМЕНОВ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және денешынықтыру комитетінің ...

Читать далее »

Жас ақындар – жалынды жыр қайнары

   Кеншілер мекені – Сәтбаев қаласы биылғы жылы айтыс ақтаңкері, танымал жыршы-термеші Шынболат Ділдебаевтың 80 жылдық мерейтойы аясында ел көңіліне қонымды біршама іргелі іс-шараларды ілкімді түрде іске асыруымен ерекшеленді. Алғашында жыр жүйрігінің «Шындық» жинағының тұсаукесерін өткізіп, одан кейін «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауын ұйымдастырған еді. Біртуар тұлғаның есімін еншілеген Кеншілер сарайын дүбірлі думанға бөлеген келісті өнер ...

Читать далее »

Киелі орындарға тәу етті

      Сәтбаев қаласындағы орта білім ошақтары Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттер аясында бірқатар тындырымды шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта алуан сипатты әлеуетті әрекеттер баршылық, десек те, бағдарламаның «Туған жер» тармағы бойынша танымдық маңызы зор мәдени экспедициялар ұйымдастыруға айрықша ден қойылуда. Мәселен, №19 орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары Ұлытау төңірегіндегі киелі орындарға екі ...

Читать далее »

Сапалы нәтиже қажет

    Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақ­стан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында белгіленген бес негізгі басымдық еліміздің дамуының барлық салаларын қамтиды, соның ішінде, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл құжатта маңыздылығы жөнінен айрықша көтерілген мәселе сыбайлас жемқорлықпен күреске байланысты. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні ...

Читать далее »

«Достық үйі» – бірлік ордасы

     Сәтбаев қаласында Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ ұлт бірлігі мен мемлекет тұтастығын одан әрі нығайта түсуге қатысты тапсырмаларынан туындайтын міндеттер мінсіз жүзеге асырылып келеді деп тұжырым жасауға толық негіз бар. Ұстанымы ұлағатты, пейілі кең қауымға есігін айқара ашқан «Достық үйінің» тұсаукесері – осынау пайымның айшықты бір айғағы. Ресми түрде «Қазақстан халқының рухани, қоғамдық және ұлтаралық келісім орталығы» коммуналдық-мемлекеттік мекемесі атауын иеленген ...

Читать далее »

Жаңа мектеп – жарқын жетістік

    Білім күні мерекесінде кеншілер шаһарына іргелес орналасқан Жезқазған кентінен көшірілген тұрғындарды қоныстандыру мақсатында жаңадан бой көтерген «Нұрлы мекен» шағынауданында жаңа мектеп есігін айқара ашты. Алғашқы қоңырау салтанатында жүздері қуаныштан алаулаған оқушыларды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын Сәтбаев қаласының әкімі Асқар ЫДЫРЫСОВ құттықтады. Жұртшылықтың шаттығын бөлісушілер қатарында қалалық мәслихаттың хатшысы Татьяна Хмилярчук, аймаққа атты кеңінен мәлім ұлағатты ұстаз, Ы.Алтынсарин медалінің иегері ...

Читать далее »

Саңлақ спортшыларға – сый-құрмет

    Сәтбаев қаласында Спорт күні кәсіби мерекесіне орай, тартысты додаларда топ жарып, кеншілер шаһарының мерейін өсіріп жүрген саңлақ спортшылар мен бұқаралық спортты дамытуға үлес қосқан майталман мамандарды лайықты марапаттау шарасын әр жыл сайын ұйымдастыру айнымас дәстүрге айналған. Жарасымды үрдіс биылғы жылы да жалғасын тауып, салтанатты іс-шараға қала әкімі Асқар ЫДЫРЫСОВ қатысты. Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер мәдениет сарайында өткізілген кең көлемді іс-шараға ...

Читать далее »

Жастар іске кірісті

     Биылғы жаз маусымында Сәтбаев қаласының келбеті келісті бола түсуіне жастар қауымы белсенді үлес қоспақшы. Дәлірек айтсақ, санитарлық тазалық, көгалдандыру және абаттандыру шараларын жастардың «Бәйтерек», «Ақ қайың», «Бәйшешек», «Айнакөл» және «Кеңгір» атты еңбек жасақтары да жүргізетін болады. Жастардың еңбекке құлшынысы қала басшылығы тарапынан қолдау тауып отыр. Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өткен еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі ...

Читать далее »

Елдіктің ерен белгісі

    Елдіктің белгісі болып есептелетін құндылықтарды қастерлеп, оларды болашақ буынға еңселі қалыпта жеткізу – жалпы қоғамның, қалаберді, елдің әр азаматының қасиетті парызы. Осынау бірегей борышты терең сезініп, ұлттың басты құндылығы – Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету және насихаттау шаралары Сәтбаев қаласында мақсатты түрде жүйелі жолға қойылған. Соның негізінде аталған бағыттағы жоспарлы жұмыстар Тәуелсіздіктің төл нышандарының 25 жылдығына орай, кең мағыналы сипатқа ...

Читать далее »

Шындықтың шыңдалған Шынболаты

      Ақиқатты ақтарыла айтқан батылдығы мен орындаушылық шеберлігі арқылы абырой-атағы Алты Алашты адақтап, сыртқары елдерге де кеңінен танымал болған ақын, жыршы-термеші Шынболат ДІЛДЕБАЕВТЫҢ туғанына 80 жыл толуына орай жарық көрген «Шындық» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Салтанатты шара Сәтбаев қаласындағы аяулы тұлғаның өз есімін иеленген Кеншілер сарайында іске асырылды. Шырайлы кештің шымылдығы әнші-термеші Райхан Оразбекованың орындауындағы Шынкең шығармашылығының шыңы іспетті “Шындық” ...

Читать далее »