Главная » Аймақ » Приозерск

Приозерск

Құнды да, маңызды құжат

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы елеулі бағдарламалық құжат әрі іс-қимыл үлгісі. Атап айтар болсақ, қоғамның барлық саласын дамытудың өзекті мәселелері қамтылған. Әсіресе, бізге, дәрігерлерге қатысты жетінші басымдықта айтылатын саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керектігі, ғылыми онкологиялық орталық құру қажеттігі көңілге қонымды. Қазақстан бойынша ...

Читать далее »

Кеңестің келелі істері

    Жуырда Приозерск қаласы бойынша Жергілікті өзін-өзі басқару аумақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиналысқа Жергілікті өзін-өзі басқару аумақтық кеңесінің төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және қала тұрғындары қатысты. Кеңес отырысында «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы А.Жүсіпов, Қарағанды облысы ІІД Приозерск қаласы ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция майоры К.Байекешов баяндама жасады. Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің ...

Читать далее »

Сарбаздар ант қабылдады

   Жуырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде салтанатты түрде Әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараны бөлім командирі подполковник Ж.Жақыпов ашып берді. Дәл осы іс-шараның өтуіне жауапты, жас сарбаздар жиынының бастығы подполковник Д.Орақбаев бөлім командирі подполковник Ж.Жақыповқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында сап түзеген жас сарбаздардың салтанатты түрде Әскери ант қабылдағаны жөнінде баянатын ...

Читать далее »

Әдеп – алтын діңгек

Жақында Приозерск қаласында «Әлеуметтік желі, мемлекеттік қызметкерлердің интернеттегі этикасы» тақырыбында семинар өтті. Семинарға жергілікті өзін – өзі басқару органдарының мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Жиын барысында, әлеуметтік желінің даму тарихы және мемлекеттік қызметкердің интернеттегі этикасы туралы жадынама ережесі, қызметтік көліктердің жұмыстан тыс кездегі қолданысы мен жауапкершілігі туралы ақпарат берілді. Оның ішінде, мемлекеттік қызметкер өзінің интернет желісіндегі жеке парақшасына қандай суреттер, видеолар жариялауына ...

Читать далее »

Ерлік – ұрпаққа ұран

     Жақында Приозерск қаласында Ауғанстан соғысының ардагері, запастағы полковник Амангелді ЖАНТАСОВ әскери қызметшілермен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерліктерін үлгі ету және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сапында Отан алдындағы мінсіз қызметтерін абыроймен атқарып жүрген әскери қызметшілерге патриоттық тәрбие беру. Жауынгер Амангелді Жантасов Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Бас Штабының бас барлау ...

Читать далее »

АТАЖҰРТҚА АЛАҢ ҚАНДАС КӨП

Ата-анаңның көзі жұмылғасын, ауылға қарай аяғың да тарта бермейді екен. Алайда, онда қалған ел-жұрттың арасында туған-туыс, жақын-жуық, құда-жекжат бар дегендей, той-томалығы мен өлім-жітіміне бармасаң азаматтығыңа сын болатын ыңғайсыз сәттер де болып тұрады. Шыны керек, туған жердің топырағының өзіне қарай тартып тұратын қасиеті тағы бар. Сондықтан, жол – алыс, жер – шалғай болуына қарамастан, біраз мәселені сылтау етіп, елге қарай ат ...

Читать далее »

Әлем алдындағы бедел

Приозерск қаласындағы орталық кітапханада «Латын әліпбиі: біз одан не күтеміз?» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мемлекеттік мекеме басшылары, қалалық кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында қазақ тілінің латын қарпіне көшу қажеттілігі, қазақ тілінің латынға көшу жағдайындағы сөздердің айтылуында болуы мүмкін өзгерістер сияқты мәселелер талқыланды. Іс-шараға қатысушыларды құттықтаған қалалық кітапхана директоры П.Кенжебекова аталған реформаның жастар арасында қазақ тілінің беделін арттырады деген ...

Читать далее »

Жаһан өркениетінің әліпбиі

Елбасымыз айтқан 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу мәселесі пісіп жетілді. Яғни, 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен ақылдаса отырып  қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты  нұсқасын қабылдау керек және 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта  мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға  әзірлік жұмысын жасау қажет. Латын  – әлем өркениеті мен техникалық прогрестің  әліпбиі. Елбасы мақаласының маңызын терең түсініп, ...

Читать далее »

Тіл дамуына серпін

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Приозерск қаласы әкімдігінің ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында қазақ тілін латынға ауыстыру бойынша кездесу өткізілді. Кездесуге мекеменің барлық қызметкерлері қатысты. Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжахан Шәрбекова  Мемлекет басшысының латын әліпбиіне ауысу идеясын қолдады және латын графикасын пайдаланудың оң артықшылықтарын атап өтті. Ол қазақ тілінің ...

Читать далее »

Кәсіпкерлікке – кең өріс

   Жуырда Приозерск қаласы мәслихатының мәжіліс залында «Халықтың сенімі» жобасының «Бизнестік ортаны дамыту» бағыты аясында кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мемлекеттік мекемелердің басшылығы, өкілдері мен қаламыздың кәсіпкерлері қатысты. Сондай-ақ, басқосуда сөз алғандардың қатарында Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының өкілі де бар. Кездесуге қатысушылардың саны 50 адамды құрады. Кездесудің басты тақырыбы –  «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы. Кездесу аясында кәсіпкерлеріміз ...

Читать далее »