Главная » Аймақ » Осакаров

Осакаров

Ер дәулеті – ел әлеуеті

    Осакаров ауданының Трудовое ауылдық округінде неміс технологиясы бойынша салынған сүт-тауарлық фермасы іске қосылып, 19 жаңа жұмыс орны ашылды. Осыдан біраз уақыт бұрын шаруа қожалығы Германиядан симменталь тұқымды сиырларды сатып алған. «Еңбек-95» ЖШС директоры Олег Безплемянныйдың айтуынша, сүт өндіру жұмысын бастамас бұрын, бидай, арпа, сұлы егіп, егіс алқаптардың жартысына көпжылдық жем-шөптерін өсірген. Ауыл шаруашылығы алқаптары бүгінде 28 мың гектарды құрайтын ...

Читать далее »

Тірек мектебінде – тыңғылықты істер

    Ауылдық шағын жинақталған мектептердің мәселелері тірек мектептерін (ресурстық орталықтарды) ашу арқылы шешіледі, олар айналасындағы шағын жинақты мектептерді біріктіреді. Ресурстық орталықтар баланы оқыту мен тәрбиелеуде маңызды рөлге ие және тұлғаның шығармашылық дамуына, кәсіби қалыптасуына оң ықпал етеді. Біздің ресурстық орталық 2011 жылы эксперименттік алаң болып жұмысын бастады. 2014 жылы «Осакаровка кентінің №9 гимназиясы базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ болып ...

Читать далее »

Жаңғырудың жарқын даңғылы

     Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңа әлеуметтік құрылымның құрылуын, онда жас қазақстандықтың бейнесін патриотизм, өзінің түп тамыры арқылы, өлкетану бағытымен дамыту қажеттілігін айтады. «Рухани жаңғыру» мен «Рухани қазына» бағдарламасы бойынша Осакаров ауданы орталық кітапханасында екі жоба қолға алынды. Жобалардың мақсаты – жас буынның өлкетанулық білімдерін тереңдету, Осакаров ауданының әлеуетін ашу, ауданның тарихына қызығушылықтарын ояту, ...

Читать далее »

Еңбегімен – еңселі

    Бүгінде ауданымызға аты кеңінен танымал азаматтың бірі – Мадат ИСАБЕКОВ. Шаруа қожалығының иесі ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға, қарттарға, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, туған ауылын абаттандыруға белсене қатысуда.  Ералы ауылында туған азамат 1977 жылы Озерный орта мектебін ойдағыдай аяқтап, азаматтық міндеті – Отан қорғау жолында әскер қатарына алынады. Алғашқы еңбек тәжірибесін Қарағанды қалалық «Тихонов автобазасында» жүргізуші болып бастайды. ...

Читать далее »

Ұлттық тәрбие – ұлағат үлгісі

   Бүгінгі күннің, қазіргі жаһандану дәуірінің, басты талабы – өркениетті қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Әлем елдерімен қабырғасын теңестіруді меже етіп отырған елдің білімді жастары тәуелсіздікті нығайтады, ұлттық тәрбиемен сусындаған ұрпақ болашақты гүлдендіреді деген сенім мақсатымызға айналып отырғандай. Ал, оған қол жеткізудің алғы шарттарының бірі – ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу. Саяхатшы, зерттеуші А.Янушкеевич: «Мен қазақ ақынының суырып салма өнерін, асқақтата ...

Читать далее »

Сауапты қызмет – саналының ісі

    Олар, тіпті, туған-туыстары «бұл болмасаң, күл бол» деп қолын бір сілтеген адамдарға көмектесіп, жағдайын жасап, өмірде өз орнын табуға көмектеседі; адамды қысқамерзімді курстарға жіберіп, оған жаңа кәсіп береді; мұқтаж адамдарға жұмыс тауып береді; қарттарға қарайласады; адам жаңа кәсіпті игеріп жүргенде немесе оған жұмыс іздеп жатқанда оның осы бір күрделі кезеңді еңсеруі үшін, аш қалдырмау үшін қол ұшын береді, тағы ...

Читать далее »

Рәзия ҚОҒАБЕКҚЫЗЫ: «Мұғалім» деген сөздің өзі – дардай атақ»

    Өткен жолы Қариялар күні қарсаңында Осакаров ауданында болып, мерекелік дастарқан үстінде Осакаров ауданының Құрметті азаматы, оқу ісінің үздігі, Президент Н.Назарбаевтың Алғыс хаттарының иегері, зейнеткер ұстаз Рәзия ҚАСЕНОВАМЕН сұхбаттасып қалғанбыз. Бұған дейін қаншама беделді ұстаз көрсек те, құрметті азамат атағы барын алғашқы кездестіруім екен. Оның үстіне әйел затынан. Содан бірден әңгімеге тартқанбыз… – Рәзия апай, құрметті азамат атағы бар ұстазды ...

Читать далее »

Құрмет – қарияларға

    1 қазан – Қариялар күні қарсаңында Осакаров ауданының әкімдігі осы өңірдегі қарттар мен ардагерлерге айтарлықтай құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. «Батыр аналарды» құттықтаудан басталған мейрам үлкен дастарқан басындағы той-думанға ұласты. Осакаров ауданының әкімі Нүркен ҚОБЖАНОВ, аудандық мәслихат хатшысы Қанат САҚҚҰЛАҚОВ, аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері арнайы қатысып, мерекелік шараны қариялармен бірге тамашалады. «Дүниеге келер бір рет, Дария – кеуде, ...

Читать далее »

ТУРИЗМ – туған жерді тану тетігі

…Кез келген адамның жүрегіне жақыны әрі қымбаты – Отаны. Иә, туған жерден артық, туған жердей көркем жер жоқ. Отаныңды, туған өлкеңді, ата-бабаңның жерін сүю, өз тарихыңды білу – патриотизмге бастайды. Өлкесінің, қаласының, ауылының патриоты болуға кез келген адамның ұмтылатыны анық, ол біздің күшіміз, біздің түп-тамырымыз, біздің шыққан тегіміз бен қайталанбастығымыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ...

Читать далее »

«Бақыт деген – сенің бала күндерің»

Жылда 1 маусым – Балаларды қорғаудың Халықаралық күнін асыға күтіп жүремін. Өйткені, бұл мереке жаз айының алғашқы күніне дәл келеді. Сабақ та аяқталады. Ата-аналар балаларын бақытқа бөлеп, түрлі сыйлықтар тарту етеді. Сондай-ақ, әлем халықтары 20 қараша күні Халықаралық нәрестелер күнін, 16 маусым күні Африкада балаларды қорғау күнін мерекелейді. Сондықтан, бұл мереке – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, ...

Читать далее »