Главная » Аймақ » Нұра (страница 6)

Нұра

Ветеринарлық қызметке – оң баға

Өткен аптада Нұра ауданының орталығы – Киевка кентінде 4 күн қатарынан аусыл ауруына қарсы жүргізілетін іс-шаралардың басын құраған халықаралық деңгейдегі оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Шараның халықаралық деңгейде өтуіне басты себеп – Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық эпизоотикалық бюро (ХЭБ) арасында халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы туралы келісімге қол қойылғандығы. Сонымен қатар, 2015 жылдың 28 мамырында Халықаралық эпизоотиялық бюроға мүше елдердің Париж қаласында өткен ...

Читать далее »

Облыс басшысы – Нұра жерінде

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ арнайы іссапармен Нұра ауданында болды. Алдымен, аудан орталығында орналасқан ветеринариялық станция жұмысымен танысты. Ветеринария саласында ілгерілеу бар Бұл салада мал иесінің және ветеринариялық қызметтің салғырттығынан жер-жерде туын­дап жатқан келеңсіз жағдайды қатаң бақылауға алғаны байқалады. Аймақ басшысы малды сату, сою кезінде берілетін анық­тамалардың, ветеринариялық ша­ра­лардың – туберкулез, бру­цел­лез және басқа аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарының (вак­цинациялау) ...

Читать далее »

Нұраның бойы – астатөк ырыс

Жуырда Нұра ауданының әкімі Н.ОМАРХАНОВ егіс алқаптарын аралап, күзгі орақ науқанымен танысты. Алдымен «Индустриальный» серіктестігіне барған аудан басшысы Н.СҮЛЕЙМЕНОВ басқарып отырған серіктестіктің жай-күйіне назар аударды. Серіктестік басшысының айтуынша, 4 мың гектар егіс алқабының 70 пайызы орылып біткен. Түсім – гектарынан 12,5 центнерден айналуда. Күн райы қолайлы қабақ танытып тұрса, науқан бір аптаның ішінде аяқталмақ. Жалпы, нұралық диқандар Тәуелсіздіктің 25 жылдық ...

Читать далее »

КОНСТИТУЦИЯ күнін ерекше тойлады

Конституция күні – бұл мемлекеттік мереке. Билігін тақ басындағы ханға да, от басындағы қараға да әділ жүргізген билерімізден бастау алған елдігіміздің басты құжатының 21 жылдық мерейтойы Нұра ауданында бар сән-салтанатымен мерекеленді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген салтанатты шара шымылдығын мемлекетіміздің Әнұраны ашты. Аудан әкімі Н.Омархановтың қа­тысуымен өткен іс-шарада аудандық мәслихат хатшысы Т.Оспанов жиналған қауымға жүрекжарды тілегін білдіріп, ұлы мерекемен ...

Читать далее »

Нұрада мектеп жабылмайды

Газетіміздің үстіміздегі жылдың 16 шілдесіндегі санында газет бөлім меңгерушісі Нұрқанат ҚАНАФИННІҢ «Теңіз өңірі: айналып өткен өркениет» тақырыбындағы мақаласы жарияланған еді. Нұра ауданына арнайы барып, жергілікті жердегі әлеуметтік саланың ахуалымен танысқан журналистің мақаласында сол жердегі шешімі кезек күттірмейтін проблемалар туралы айқын жазылды. Түйіні күрмеулі мәселелер қатарында өңірдің білім беру саласындағы олқылықтар да қамтылды. Бүгінде газет бетінде көтерілген тақырыпқа байланыс­ты өзге басқармалар ...

Читать далее »

Қыр мен қырманның думаны басталды

Нұра ауданының егін алқаптарын облыс әкімінің орынбасары Шагурашид МАМАЛИНОВ пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Юржан БЕКҚОЖИН аралап, диқаншылармен кездесті. Орақ науқанының барысымен егжей-тегжейлі танысты. – Қыр мен қырманның думаны көңілдегідей болып тұр, – деді «Қайнар» серіктестігінің директоры Сейітжаппар Нығметов әңгіме барысында. – Алқап астыққа тұнып тұр, қырман жұмысын бастады. Диқаншылардың күткені де осы шақ. Олар қазір жұмысқа барынша кіріскен. ...

Читать далее »

Нұра науқанды бастады

Нұра ауданының диқандары астық жинауды бастап кетті. Аудан әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВ егіс алқаптарында болып, диқаншылармен кездесті. Жалпы, Нұра ауданы бойынша егіс алқабы 232,2 мың гектарды құрады. Орақ науқанына диқандар қауымы тас түйін дайын. 640 комбайн, 157 дестелеп жинағыш, қосынды қуаты тәулігіне 3,0 мың тонна болатын 6 астық кептіргіш сақадай сай. Қажетті дизель отынының әр литрі 87 теңгеден «ГАЗоіlПРОМ kz» серіктестігі ...

Читать далее »

Кәсіптің көзін тапқан

Аудан орталығында – жаңа кәсіп. Тандыр самсасын дайындап ұсынатын кәсіпкер Қайырбек КОКИШОВ өз жұмысын бастады.   Жылжымалы дегенге, пештен шыққан самсаны көлікпен сатады екен деп түсініп қалмаңыз. Арнайы тандыр самсасын пісіретін пештің өзін ыңғайын тауып, көлікке қондырған. Мұны ашылу салтанатына арнайы барып қатысқанда көрдік. Сол күні жиналған халыққа кәсіпкер самсаны тегін таратты. Құр самсаны ғана емес, сапырылған сары қымызды да ...

Читать далее »