Главная » Аймақ » Нұра (страница 4)

Нұра

Ұлық мейрам ұлықталды

    Әз Наурыз мейрамына орай Нұра ауданында салтанаты жарасты, мәртебесі келісті той болды. Таң сәріден орталық алаңға жиналған қауым алтыбақан теуіп, наурыз көжеден дәм татты. Бес ғасырдан астам тарихы бар еліміздің төл мейрамы Наурыз мерекелік көш-керуен шеруімен басталды. Орталық аллеямен жүріп өткен халықтың көңілі көтеріңкі. Аудан орталығының бес жүзге тарта қызметкері, студенттер мен мектеп оқушылары жұмылдырылып, еліміздегі басты құндылықтарды әспеттеп, ...

Читать далее »

«Балбөбек» – бес жаста

    Нұра ауданының орталығында орналасқан «Балбөбек» балабақшасының мемлекеттік тілде бөбектерді тәрбиелеп келе жатқанына биыл бес жыл толып отыр. Аталған мерейтой аясында аталмыш мекемеде «Балабақшаны бәрі жақсы көреді» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар барысында ауданның әр елді мекенінен келген тәрбиешілерге балабақша тәрбиешілері – Айгерім Мәжит, Айнаш Қожантаева, Бақытгүл Акишева біліктіліктерін ортаға салып, математика, сурет салу, үйірме жұмыстарының барысынан шеберліктерін көрсетті. Балабақша ...

Читать далее »

Жанға жайлы жүздесу

     Нұра ауданының әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВ көктемнің шуақты мерекесі – Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында ауданның өркендеу жолында аянбай еңбек еткен ақ жаулықты әжелер мен қазіргі таңда егемен еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген нәзік жандылар қауымын қабылдады. Мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Бұл кешке отыздан астам қыз-келіншек қатысты. Аудан әкімі салтанатты қабылдауды ресмилендірмей, жүрекжарды тілегімен, жарасымды әзілімен өрнектеді. Кеш қонақтарына арнап ...

Читать далее »

Аграрлық саясаттың жаңа тренді

      Жуырда Нұра ауданының Ахмет ауылында республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» акционерлік қоғамы мамандарының қатысуымен семинар өтті. Аудан әкімі Ниқанбай Омархановтың ұсынысымен өткізілген шараға аудан әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов, ауыл әкімдері, ауданның ауыл шаруашылық саласын дамытуға ат салысып жүрген мамандар қатысты. Елбасының тапсырмасына сәйкес, алдағы 5 жыл – республика бойынша ауыл шаруашылық кооперативтерін дамыту жылдары болып белгіленді. Өткен ...

Читать далее »

Ардагерлер ұлықталды

    Нұра ауданы әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВ Ауғанстан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіп, сый-сияпат жасады. Өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангерлер кездесу барысында отты жылдарда қан майданнан оралмай қалған жауынгер достарын еске алды. шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Бұл жерде жас буын ...

Читать далее »

Адалдық айнасы

    Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бір емес, екі рет арнайы қабылдауында болып, құрметке ие болған жан. Пайымы мен дархан мінезінің арқасында еліміздің жаңарып, даму жолында аянбай тер төккен Әдиша Есмағамбетованы айтамын.     Әдекеңнің еңбегі кеудесінде жарқыраған орден, медальдармен еленді. «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «ҚР Конституциясының 10 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медальдарымен, «Ең үздік мемлекеттік ...

Читать далее »

Ғасыр жасаған ғазиз аналар

         Жақында аудан әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВ және аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сейілхан ҚҰРМАНОВ ғасыр жасаған аналарды мерейтойларымен құттықтады.         Киевка кентінің тұрғыны, тыл еңбеккері, тоқсанның алтысына келген Сыздықова Сақып әже мен Қарой ауылының тұрғыны Бишембаева Айымкүл әжеге арнайы барып, сый-сияпат жасады. Әр шаңырақтың ақылшысы, берекесі болып, ауыздарынан «айналайыны» түспей отырған ғасыр жасаған аналар өздеріне көңіл бөліп, арнайы келген азаматтарға алғыстарын ...

Читать далее »

Жаңа заманның жас басқарушылары

    Таяуда аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметке келген жас мамандармен аудан әкімі Ниқанбай Иманғалиұлы кездесу өткізді.    Аудан әкімі Ниқанбай Омарханов көздерінде от, жүректерінде жалын ойнаған жастарға жаңа жауапты міндеттің қыр-сырын, алдыдағы қыруар жұмыс, атқарылар міндет жолдарымен таныстыра келе, еңбектеріне жеміс тіледі. Сый-сияпат көрсетті.     Мемлекеттік қызметті таңдаған, елдің іргесін бекем ұстап, мәртебесін асқақтатар жастардың алдыңғы қатары 38 жаста болса, ең ...

Читать далее »

Құрмет пен сенімнің нышаны

    Нұра халқын мәуліт айында үлкен қуанышқа бөлеп, имандылық ордасы жанынан бой көтерген асхана халыққа есігін айқара ашты. Салтанатты шарада аудан әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВ жиналған жамағатты Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында ауданымызда көптің күшімен тұрғызылған мешіт асханасының ашылуымен құттықтады.     Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Наурызбай қажы мен Қарағанды облысы бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы қатысты. Аудан әкімі Н.Омарханов пен ...

Читать далее »

Мерекедегі қос тарту

       Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында «Шахтер» серіктестігі облыс көлемінде теңдесі жоқ картоп сақтайтын ауқымды қойманы іске қосты. – Негізі 68 мың тоннаға шақ­талған қоймада қазіргі күні картоптың 4 түрлі сұрпы сақталуда. Өнімге деген сұраныс жаман емес. Бүгінгі таңда Қазақстаннан бөлек, шет елдерге де өнімімізді жөнелтудеміз, – деді серіктестік директоры Г.Прокоп. Жаңа заманғы озық үлгідегі, 757 млн. теңгеге тұрғызылған ғимарат жұмысын ...

Читать далее »