Главная » Аймақ » Нұра (страница 3)

Нұра

Ел құрметі

   Елімізге танымал ұстаз Қайып ШӘЙМЕНОВТІҢ туғанына 90 жыл толуына орай Нұра ауданындағы Шахтер ауылында «Көзден кетсе де, көңілден кетпес есім» атты еске алу кеші өтті. Кешке арнайы келген қонақтарды ауыл тұрғындары ыстық ықыласпен қарсы алды. Мәртебелі меймандар қатарында мемлекет және қоғам қайраткері, Нұра ауданының Құрметті азаматы О.Әбдікәрімов, белгілі жерлесіміз Д.Құсайынов, аудан әкімі Н.Омарханов және марқұмның туған-туыстары мен балалары болды. ...

Читать далее »

Жетiстiк кiлтi – енбекте

      Сәрсенбі күні Нұра ауданының әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВ өңірдің белсенді жастарымен бейресми кездесу өткізді. Кездесу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы әңгімеге өзек болды. «Туған жер» бағдарламасы ерекше назарға алынды. Туған жерді түлету мақсатында жолға қойылған «Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы егжей-тегжейлі пысықталды. – Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты – қасиетті Нұра өңірі жастарының рухани дамуын, азаматтық белсенділіктерін ...

Читать далее »

Теңіз өңіріне тұщы су келді

Атқарушы биліктің назарынан тұрғындардың өзекті мәселелері тыс қалған емес. 2016 жылдың екінші жартысынан бастап бірнеше білім беру, мәдениет ошақтары, жолдар жөндеуден өтті. Талдысай, Нығыман ауылдарында кеңес дәуірінен күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселе – ауызсу еді. Ауыл халқы жазда өзеннің ащы суын, қыста мұзды пайдаланып, қиыншылық көріп келді. Мәселенің түйінін тарқатудың сәті енді түсті. Аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен бір жыл ішінде ...

Читать далее »

Міндет – індетті таратпау және ошағын анықтау

Нұра ауданының екі елді мекенінде ірі қараның ауруы тіркелді. Мыңбаев ауылында 21 ірі қара, соның ішінде, 7 бұзау өлген. Алдын ала мәліметтер бойынша, мал пастереллезбен ауыр­ған. Жағдай туралы Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов түсініктеме берді. «Мыңбаев ауылында 1 маусым­да бір бұзау ауырып, сол күні өлді. Болған жағдай туралы облысқа хабарладық. 2 маусымда ветеринария инспекциясы және ветеринария басқармасы басшыларымен мамандар оқиға ...

Читать далее »

Өңірде – қызу науқан

     Облыс әкімінің орынбасары Ш.МАМАЛИНОВ көктемгі егіс науқанымен танысу мақсатында Нұра ауданындағы Ақмешіт, Мыңбаев, Шахтер ауылдарында болды. Ақмешіт ауылдық округінде орналасқан «Альдеран», «Жартас», «TAS – 20041» шаруа қожалықтары биыл 440 гектарға картоп егіп, былтырғымен салыстырғанда егіс көлемін 107 гектарға ұлғайтты. 1100 гектарға қыша тұқымы себілуде. Мыңбаев ауылында аудан әкімі Н.Омарханов пилоттық жоба шеңберінде орнатылған сүт қабылдау пунктін көрсетіп, Киевка кентінде ...

Читать далее »

Науқан аяқталуға жақын

 Көктемнің қолайлы әр күнін тиімді пайдаланған Нұра диқаншылары егіс науқанын абыроймен аяқтап та қалды. Осы жауапты істі жоғары деңгейде ұйымдастыра білген дала шеберлері жалпы аудан бойынша 242 мың гектар егіс көлемінің 90%-ына ұтымды агротехникалық мерзімде дәнді-дақылдар екті. Егіс науқанына қажетті 47 егіс кешені, 1300 тұқым себетін техника, 1214 трактор таң атып, кеш батқанша дала жұмыстарына тартылды. «Шахтерское» серіктестігі – 36520 ...

Читать далее »

Бабасы – тұғырлы, ұрпағы – үлгiлi

  Нұра ауданының Көбетей аулында Арыстанбай баба ұрпағы аталарына арнап ескерткіш орнатты. Заманының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген кемел ойынан адам өміріндегі ең ұлық, ең мағыналы іс ұрпақ тәрбиесі екені аңғарылады. Ал, ұрпақты өткенін үйретпей тәрбиелеу мүмкін емес. Осы тұрғыда Арыстанбай бабаның өнегелі де, ұйымшыл ұрпақтарының бүгінгі жұмыла жасап жатқан еңбегі болашақ ұрпақ үшін тасқа ...

Читать далее »

Нұрадағы нұрлы мейрам

       Нұра жұрты таң бозынан қан майданда ерлігімен көзге түскен батырлардың бюсттері мен «Даңқ» монументі орналасқан алаңға жиналды. Салтанатты мерекеге Қазақстандағы Украина Елшілігінің өкілдері Сергей ВОРОНЦОВ пен Андрей УФАНЦЕВ арнайы келіп қатысты. Бүгінгі бейбіт күннің соқпағын салып кеткен жауынгерлердің қазіргі ұрпағы сол ата-әжелерінің суретін алаңға алып шығып, «Жаужүрек полк» шеруін ұйымдастырды. Аудан орталығының алпысқа тарта мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлері Ұлы ...

Читать далее »

Татулықтың тамыры – тереңде

     Нұралықтар бірлік пен татулықты ту еткен 1 мамыр мерекесін бар сән салтанатымен атап өтті. Тіліне, дініне ұлтына қарамастан, бір-біріне құрмет көрсетіп, шеруге шыққан мыңнан астам аудан орталығының тұрғындары мерекенің маңыздылығын айшықтай түсті. Нұра ауданының «Тәуелсіздік» мәдени-демалыс саябағыннан бас­талған мерекелік шеру орталық «Нұра» стадионында салтанат құрды. «Бір шаңырақ астында!» атауымен ұйымдастырылған мерекелік бағдарлама, аудандағы 100-ден аса этнос өкілдерінің ұлттық құндылықтары ...

Читать далее »

Тасқынға – тосқын

    Көктемгі су тасқынына әзірлік Нұра ауданында ақпан айынан бастау алған болатын. Бүгінгі күнге дейін Нұра өзенінің біздің ауданға қарасты арнасы, апатты жағдайдың алдын алу шаралары аудан әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВТЫҢ күнделікті бақылауында. 4 сәуір күні Нұра өзенінің жоғары арнасы суға толып, су деңгейінің көтерілуі байқалған. Сондықтан, Нұра өзені арқылы аудан орталығын ауылдармен жалғап тұрған ең маңызды көпір маңында тұтасып тұрған ...

Читать далее »