Главная » Аймақ » Нұра

Нұра

Нұраның орталығы – Нұра

        Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы еліміздің рухани өмірінде жаңаша серпін туғызды. Бәсекеге қабілетті ұлт құру жолында атқарылуы тиіс толағай міндеттерді көрсеткен мақалада ұлттық құндылықтарды құрметтеуде, туған жерді көркейтуде жаңашыл ойлау қажеттігі айтылған. 2016 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Ә.Жақсыбековтің ономастикалық жұмыс­тарды жандандыру жөніндегі тап­сырмасына сәйкес, ел Тәуел­сіздігінің 25 жылдығына орай аудан бойынша екі елді мекеннің ...

Читать далее »

Ауылға қамқорлық

  Жаңа жыл қарсаңында Баршын ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді. Ауылға  «Beelinе» ұялы байланысы орнатылды. Бұл игілікті іске мұрындық болған ауыл азаматы, аудандық мәслихат депутаты  Боранбай Мұханалиев. Ауылына жанашыр азамат депутат болып сайланған бірінші күннен бастап осы мәселені қолға алып, «Beeline» компаниясына бірнеше хат жазған болатын. Содан компанияға хат қарай келген тұрғындар саны 1000 болатын елді мекендерді телефондау туралы тапсырмаға ...

Читать далее »

Көлікке ие болды

    Мерекеге орай Нұра ауданының орталығындағы Жасөспірімдер мен балалар спорт мектебіне «ГАЗель Next» көлігі  табысталды. Спорт мектебіне берілген көлікке облыстық бюджеттен 10 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді. 19 орындық, жаңа үлгідегі мұндай көлік облыс бойынша, әзірге, бізде ғана.  Бір ұтымды жағы – бензинмен де, газбен де жүре береді. Бұрын облыс көлеміндегі жарыстарға жаяулап, көлік жалдап баратын едік. Енді, ол мәселеге ...

Читать далее »

Парасат биігінде

    Ұлттың ұлы мейрамы – Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұра ауданының Жараспай ауылында «Жараспай» серіктестігінің шаруашылығын шалқытып, ел игілігін еселеп отырған білікті басшы Сейілхан ҚОҢЫРБАЕВ Елбасы Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды. Сейілхан Оспанбайұлының – мамандығы агроном. Жер ананың баптаушысы, ауыл шаруашылық саласының майталманы. Осы салада табан аудармастан жарты ғасырға жуық еңбек етіп келеді. Өрісін өрге сүйреп келе жатқан «Жараспай» серіктестігі – бүгінде ...

Читать далее »

Балаларға – базарлық

    Нұра ауданының орталығында аудан әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВТЫҢ қатысуымен бүлдіршіндерге арналған жаңажылдық шырша мерекесі өтті. Сән-салтанаты жарасқан жасыл шырша маңын мерекелік көңіл-күй кернеген. Әуезді ән мен сазды әуен, ерекше киінген бүлдіршіндер, ертегі кейіпкерлері бірден сезімді елтіп әкетеді. Бұған қоса, Жаңа жылдық жалт-жұлт етіп, көздің жауын алып тұрған әсем шамдар мен безендірулер тағы бар. Алдымен бүлдіршіндер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеқұттықтауын тыңдады. ...

Читать далее »

Балғын бөбектер ордасы

    Тәуелсіздік күніне орай, Нұра ауданындағы Қайнар ауылында 100 орындық «Алтын бесік» балабақшасы ашылып, халықты қуанышқа кенелтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген  «Туған жер» бағдарламасы аясында іске қосылған балабақшаның ашылу салтанатында аудан әкімі Ниқанбай Омархановтың құттықтау хаты оқылды. Сондай-ақ, аудан әкімдігі тарапынан плазмалық теледидар сыйға тартылды. Аталмыш балабақшаның іске қосылып, халық игілігіне берілуіне зор үлес қосқан  «Қайнар» серіктестігінің ...

Читать далее »

Елім деген азаматтар

Қазақ елінің Тәуелсіздігін алған сәттен бері медицина саласы қарқынды даму үстінде. Халқымыз қашаннан-ақ денсаулықты – бірінші байлық деп білген. Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ, даңқ қымбат па?» – деп сұраған екен. Сонда ол: «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру адамнан дені сау адам бақытты. Ал, бақыт – әр адамның өз күш-жігерін халқына, ...

Читать далее »

Еңбегінен ел таныр

«Әлемнің әміршісі еңбек,  еңбек бәрін де жеңбек» демекші, дөңгеленген жер шарында жұмырбасты пенденің бір-бірінен  абыройын асырып, маңдайын жарқырататын жалғыз құдірет – еңбек. Еңбек адамы қай қоғамда да сыйлы. Өйткені, адал іс пен төгілген тер түбі жемісін беріп, еңбекқор  адам өз ортасында мойындалған. Әңгімеміздің арқауы Мұстафа Оспанов та – нағыз еңбек адамы. Мұстафа аға еңбекпен есейген. Әкесі Әбу көпбалалы орданың қорғаны. ...

Читать далее »

Еңбекпен есейген ер

   Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Еңбек адамына» лайықты құрмет көрсету қажетін үнемі еске салады. Міне, Нұра ауданының Жараспай ауылының тұрғыны Темірхан ОМАРОВ – бақытын еңбектен тапқан жан. Табыс кілті еңбекте екенін ерте ұғынған ол, жастайынан трактор тізгіндеп, бүгінде қырықтың қырқасына енді шықса да өмірінің 20 жылын егін алқабында өткізген. Техниканың тілін бес саусақтай білетін белгілі механизатор заманауи тракторды да меңгерген. Ауылдың ...

Читать далее »

Боздақтарға тағзым

Нұра ауданының орталығында жаңадан ашылған «Жауынгер-интернационалистер» саябағында жауынгерлерге арналған ескерткіш қойылды. Салтанаты шара театрландырылған қойылыммен басталды. Аудан әкімі Ниқанбай Омарханов өз сөзінде Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіп, ізгі тілегін білдірді. Ескерткіш авторы, мүсінші Игорь Баграмовқа Алғыс хат табыстады. Қарағанды қаласы Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектері одағының төрағасы Талғат Хасенов аудан басшылығына алғысын жеткізді. Ардагерлерге деген зор құрметі және жастарды қазақстандық ...

Читать далее »