Главная » Аймақ » Ақтоғай

Ақтоғай

Жаңашыл ұстаз – ел келбеті

     Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Оның негізгі факторы жаһандану үдерісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үдерісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар, оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт беруші болып саналады. Отандық ...

Читать далее »

Халық қалаулысы – ел ішінде

    Ақтоғай ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ іссапармен келді. Депутат алғашқы кезекте ат басын аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратына бұрып, онда аудандық мәслихаттың депутаттарымен, қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесіп, дөңгелек стол басында емен-жарқын сұхбат құрды. Нұрлан Орынбасарұлы келудегі мақсатын түсіндіріп, фракция мүшелірінің жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізге ала отырып, оның маңыздылығын халыққа терең түсіндіру ...

Читать далее »

Мерейлі мектептің межесі биік

     Биыл Ақтоғай ауданындағы Нұркен (бұрынғы Жәмші) ауылында, Кеңес Одағының Батыры Нұркен ӘБДІРОВТІҢ есімін мәртебе еткен орта мектепке қырық жыл толып отыр. Мектеп осы жылдары шыңдалған, ынтымағы жарасқан, бір мақсатқа жұмылған, өмірдің көшіне жаңашылдықпен ілескен, ізгілік дәстүрін ұстанған. Бүгінде ізденіспен жұмыс жасайтын өз ісінің шеберлері ұстаздық етуде. Олар өткенді құрметтеп, әрі сабақтастықты сақтай отырып, бүгінде шығармашылықпен еңбек етіп, ұжым жаңа ...

Читать далее »

Жаһан жаңалығы – ауылда

   Жаңа жыл қарсаңында Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылы «Beeline» операторының қызметіне қол жеткізді. Игі шара аталмыш ауылдың тумасы, «Алтай полиметалл» компаниясының президенті Махмұт ӘЛІПБЕРГЕНОВТІҢ қолдауымен іске асты. Халықтың спутниктік байланысқа қол жеткізуін жеделдетуде елеулі үлес қосқан аудандық же­лілік-техникалық учаскесінің бас­шысы Болат Ақпанбаевтың, ауыл азаматтары Қ.Жакишов, Б.Қуаншин, С.Спановтардың жасаған еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ұялы байланыс жүйесінің қосылуына орай өткен ресми ...

Читать далее »

Ата кәсіп – ел тірегі

   Қыс қаһарына мінген шақ. Ақ көрпеге оранған тау мен дала сиқырлы дүниені көз алдыңа елестетеді. Жыл қорытындыланып, атқарған шаруалар ортаға салынып, сарапталып, жаңа межелер белгіленіп жатқанда Аяз-ата Ақтоғай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Көмірбайұлы Жаңабергеновке тосыннан бірнеше сауалдар тастады.    Жасыл шыршаның маңына Ақша қарды қызықтаған жастардың да көңілі шат. Үлкендер болса Аяз атадан жүрекжарды ізгілік тілеп, батасын ...

Читать далее »

Сапалы қызмет – басты назарда

    Жуырда Ақтоғай ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұйытқы болуымен алғаш рет мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өтті. Мұндағы басты мақсат – қызмет алушыларға сапалы әрі қолжетімді жағдай жасау. Кез келген  адам өз өмірінде қандай да бір мемлекеттік қызметті алуы һақ. Ал, оған қызмет алу кезінде қажетті жағдай жасау – жергілікті атқарушы ...

Читать далее »

Нәсіп көзі – кәсіпте

   Жақында Ақтоғай ауданының орталығында «Керуен» сервистік кешені іске қосылды. Кешен иесі кәсіпкер – Ердос ҚАСЕНОВ. Шараның ашылу салтанатына құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі С.Әбеуова ауыл-ауылдарда жастарымыз қосалқы шаруашылықты қолға алып, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін ашып, берекелі істің нәсібін көріп отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, өлкетанушы, ар­дагер ұстаз Т.Ақпанбаева, ауыл ардагері Ж.Қызылбаев жиылған жұртшылыққа мерекелік лебізін білдірді. Жеке кәсіпкер Е.Хасеновтың ай­туынша, сервистік ...

Читать далее »

Еңбек түбі – береке

    Ақтоғай ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашып жатқандар жетерлік. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Сыбаға», «Игілік» тағы басқа бағдарламалар  аясында кәсіпкерлерге несиелер беріліп, істері жандандырылда. Міне, сондай игі бастаманың бірі – Ақтоғай ауылындағы Жосалы ықшам ауданында   ашылған «Алаш» кооперативінің мүшесі А.Абзалбековтің мал бордақылау алаңы. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасарлары Қ.Нөкеш, ...

Читать далее »

Шашубай жастарының жетістігі

    Шашубай кентіндегі «IT-технологиялар» құзыретті орталығының оқушылары халықаралық «Код сағаты» акциясына қатысты. Сайыстар оқушы, студенттерді IT саласымен таныстырып, жұмыс істеудегі артықшылықтарын көрсету, сондай-ақ, жастарға өздері ойлап тапқан кодтарын жазуды үйрету мақсатында ұйымдастырылды. Шара алғаш 2014 жылы өткізіліп, оған 7, 1 млн. оқушы қатысқан. Ал, 2016 жылы ұйымдастырушылар акцияға 9 млн. астам мектеп оқушылары келгенін айтады. Биылғы акция Ресей елінде өтті. ...

Читать далее »

Ұрпақ саулығы – ұлт келешегі

   Ақтоғай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын қолдайық!» тақырыбында тренинг өтті. Аталмыш шараға аграрлық-техникалық колледж студенттері, оқушылар, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Е.Шарбеков, салауатты өмір салтын қалыптастыру, наркология, онкология кабинеттері өкілдері қатысты. Тренинг барысында қатысушылар салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттер, қатерлі дерттер, тазалық жайлы пікірлерін ортаға салды. Ақпараттар таратылып, бейнефильмдер көрсетілді. Анар КӘРІМОВА, аудандық жастар ...

Читать далее »