Главная » Аймақ » Абай (страница 5)

Абай

Куәліктер тапсырды

   Жуырда Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 16 жасқа толған 25 жас-өспіріміне әскери тіркеу куәліктері тапсырылды. Абай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, полковник Қанат Әбілханов жастарды отаншылдыққа баулу, борыш пен міндеттің маңыздылығы тоқталып, олардың Отан алдындағы борышы мен құқықтарын түсіндірді. Айта кету керек, әскерге тіркеу куәлігін беру науқаны наурыздың соңына дейін жүргізіледі. Статистикаға сүйенсек, биыл облыс бойынша 17 жастағы 6000 ...

Читать далее »

Бала құқығы — басты назарда

Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Көрпешованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Оған аудан бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия төрағалары, ішкі істер басқармасы, білім бөлімі, денсаулық сақтау, колледж, орта мектеп өкілдері қатысты. Отырыста жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері қаралды. Былтырғы жылы бұл санаттағы заң бұзушылық әжептеуір төмендеген. Абай аудандық ІІБ кәмелетке толмағандардың ...

Читать далее »

БЕЛЕСКЕ БАСТАР ЖОЛ

    Мемлекеттік басшысының халыққа арналған Үндеуі еліміздің дамуындағы жаңа белеске бастаған маңызды тарихи оқиғаның бірі деп санаймын. Бұл – осы заманғы мемлекеттің және келешек жастардың болашағы үшін жасалған жаңа қадам. Онда айтылған конституциялық реформалар біздің еліміз бен қоғамымыз үшін қағидатты маңызға ие. Бірінші кезекте, Презиенттің тарапынан айтылған Үндеудің еліміз үшін экономикалық және саяси тұрғыдан өте жоғары мәнге ие екендігін атап ...

Читать далее »

Кеншілер рухына құрмет

    Көмір өндіру саласында жұмыс істеу аса қауіпті іс екенін жер-жерлердегі шахталарда орын алатын қайғылы оқиғалардан байқап келеміз. Адамдардың қаза табуына әкеліп соғатын мұндай апаттар Қарағанды аймағындағы кәсіпорындарда да ұшыраспай жүрген жоқ.     Соның бірі – осыдан тоғыз жыл бұрын Абай шахтасында болған апат. 2008 жылдың 11 қаңтарында шахтада қатты жарылыс болып, 30 кенші қаза тапты. Бұл жарылыстың жарасы әлі ...

Читать далее »

Әр шаңыраққа – сапалы су

      Жаңа жылды Құлайғыр ауылдық округі Жаманжол ауылының тұрғындары көтеріңкі көңіл-күймен бастады. Елді мекенде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 25 млн. теңгеге су құбырлары желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.       Өткен жылы аудан әкімінің ықпалымен су құбырын тарту қолға алынған еді. Бөлінген қаражатқа 16 құдықты орната отырып, жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын су құбыры желілерінің төселуі бойынша ...

Читать далее »

Бабалар жолы – ұрпаққа өнеге

     Жуырда Абай аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80 жылдығы аясында «Абай ауданының тарихы» атты жаңа кітаптың салтанатты түрде тұсауы кесілді. Шараға қатысушылар мәдениет үйінің екінші қабатындағы жергілікті авторлардың еңбектері орналастырылған кітап көрмесімен және Абай Құнанбаев атындағы тарихи-мемориалдық мұражай экспонаттарының көрмесімен танысты. – Бүгін Абай ауданында үлкен бір тарихи оқиға болып отыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ...

Читать далее »

Жаңа нысандар – жұрт игілігіне

    Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Абай ауданындағы жұмыс сапары барысында балабақша мен отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысып, үй тұрғызуға арналған жер телімдері сертификаттарын тұрғындарға табыстады. Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен толық қамту мақсатында Абай қаласындағы бұрынғы «Гүлдер» санаториінің екі қабатты ғимараты жөндеуден өткізіліп, балабақша ретінде қайта ашылды. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 45,5 млн. теңге бөлініп, ғимараттың жөндеу жұмыстарына, жиһаз сатып ...

Читать далее »

Абайда аршынды істер көп

    Абай ауданының ауыл шаруашылығы саласының көлемі 34,4 пайызға ұлғайған. Сонымен қатар, инвестициялар көлемі 1,9 есеге өскен. Бұл жөнінде Абай ауданының әкімі Серік ШАЙДАРОВ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Күрделі экономикалық кезеңге қарамастан, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аудан экономикасы оң нәтижелерге жеткен. Агроөнеркәсіптік кешен, шағын және орта бизнесті дамыту есебінен ауданның ірі кәсіпорындарының инвестициялық белсенділігі 18,3 ...

Читать далее »

Қазақша сөйлейтін қоғамның кепілі

    Әр халықтың ана тiлi – оның жаны, халқының қайталанбас өзiндiк кейпi, ұлттық болмыс-бiтiмiнiң бейнесi, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзi, iшкi жан дүниесiнiң өзiне ғана тән құпиясы. Бала «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, алғашқы сөздерді қай тілде меңгеріп, үйренсе, сол тілге жақын тұрады. Сондықтан, отбасында, балабақшаларда қазақша сөйлеулеріне назар аудару керек. Бөбекжайға келген бала сөздік қорын толықтырады, ...

Читать далее »

Тест тапсырып, тәжірибе алмасты

    Абай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Қазтест жүйесінің ерекшелігі және тест тапсырмаларын орындау әдістері» атты әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, ересек тұрғындардың тілдік білім сапасын арттыру, Қазтест жүйесі туралы ...

Читать далее »